Жоо мен орта мектептерде


II.2 Биолабораторияда энтомофагтарды  өсіру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата03.01.2017
өлшемі10,75 Mb.
#1050
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

II.2 Биолабораторияда энтомофагтарды  өсіру әдістемесі
Биофабрикалар   мен   биозертханаларда   өсіріліп,   жаз   бойы   мақта   егістіктеріне   үнемі   босатылып   отыратын   биологиялық
агенттерден (трихограмма, бракон, алтынкөз) басқа бұл егістіктерді энтомокарифагтердің өзге де 60 түрі мекендейді. 
Трихограмманы   лабораторияда   қойма   зиянкесі   -   дән   күйесінің    жұмыртқаларында    өсіріп   көбейтеді.
Ситотроганы   жыл   бойы   үздіксіз  арпа  және  жүгері  дәндерінде  есіреді.  Дән  күйесінің  өсімталдық   дәрежесі   жоғары
болатын   көбелектерін   алу   үшін  астық   дәндерін   дұрыс   сақтау   және   оларды   залалдау  ережесін   бұлжытпай
орындау керек.
Дән   күйесін   әр   түрлі   конструкциялы   садоктарда   тәрбиелейді.   Ең   қолайлысы   20   кг   астық   сиатын   немесе   көлемі
50x60x30 сантиметрлік астық сиятын садоктар. Садоктың негізгі қаңкасы ағаштан (қалыңдығы 10 мм  тақтайдан)
түбі фанерден немесе ағаштан, ал бүйір керегелерімен үстіңгі жағы капрон торымен керіліп жасала ды. Алдыңғы
керегеде   көбелекті   ұстау   үшін   қол   сыятындай   тесік   (терезе)   қалдырады   да   оған   матадан   жасал ған   жең
қондырылады.   Қойма   зиянкестерінің   басқа   түрлерінен   тазартылған   арпа   немесе   жүгері   дәндерін   дән   күйесімен
залалдау үшін қалыңдығы 10 см етіп садоктың түбіне төгеді.
Залалдау   алдында   дәндердің   дымқылдығы   15-16%  болуы   керек.   Аса   кеуіп   кеткен  (11  -  1 4 % )   дәнге   көбелектің
гусеницалары күшпен енеді де онда нашар дамиды. Бірақ тым ылғалды дәндерде   ( 1 8 % )   астық  кенелерінің  өсіп-
өнуіне   қолайлы   жағдай   туады   және   олар   көгеріп  кетеді.   Ондай   жағдайларда   дәндерді   араластырып   желдету
және лабораториядағы дымқылдықты азайту аркылы аздап кептіру керек. Дымқылдығы 15-16% дәндерді  ажырату
онша қиынға түспейді: ондай дән пышақпен кескенде желімденбейді және үгітілмейді де.
176

Залалдандыру үшін бір центнер астыққа дән күйесінің 100 грамм жұмыртқасы, яғни астықтың бір кило грамына
бір   грамм   немесе   50   мың   жұмыртқа   керек   болады.   Садоктарда   көбелектердің   ұшуының   үзіліссіз  бо-луын
қамтамасыз ету үшін дәндерді аралығын 6-7 күн етіп, 2-3 рет залалдандырады. Жұмыртқаларды жұқа  етіп қағаздан
жасалған кюветтерге немесе бір парақ қағаз бетіне жайып салады да, дәндердің үстіне 5-6 жерге орналасырады.
Лабораторияда   ауаның   температурасы   22-24°,   ал   дымқылдық   70%   шамасындай   болу   керек.  Ос ында й
тем пе ра турад а   жұмыртқа ла рд ан   г ус е ница лар   алтыншы   және   жетінші   күндері   шығады.   Дән   күйесінің
жұмыртқадан   бастап   көбелек   ұшып   шыққанға   дейінгі   дамуы   35-40   күнге   созылады.   25-26°   температурада
көбелектердің ұшуы 21-27 күннен соң-ақ байқалады. Бірақ бұл жағдайда олардың салатын жұмыртқа ларының саны
азаяды.   Төменгі   температурада   (17-18°С)  дән   күйесінің   дамуы   60   күнге   дейін   созылады   және   өсімталдығы   кілт
төмендейді [9].
Қажетті жағдайларды сақтағанда дән күйесінің бі рінші ұрпағы ұсынылған дәндердің 60%-дан артығын, ал екінші
ұрпақ   оларды   түгел   дерлік   залалдайды.   Дән   күйесінің   ұшып   шыкқан   көбелектерін   күн   сайын   гофриленген
(кеңірдектенген)   қағаздың,   немесе   көбелек   сорғыштың   көмегімен   жннап   тұрады.   Көбелектер   қалтарыс   қараңғы
жерлерді   ұнатады.   Сондықтан   олар   гофриленген  қағаздың   астыңғы   жақ   қатпарларының   арасына   кіріп
шоғырланады. Одан соң қағазды ептеп түтікше түріне  келтіріп орап, садоктан алады да диаметрі 30 сантиметр  үш
аяқты воронка арқылы контейнерге сілкиді. Ал «көбелек сорғыш» ретінде реостатты және сүзгіші бар шаң сорғышты
пайдаланады.
Ж ұ м ы р т қ а л а р д ы   ж и н а у   ү ш і н   к о н т е й н е р д і ң   түбіне   тығыз   қағаз   немесе   полиэтилен   үлпегін   төгеді.
Жұмыртқаларды олардан тез аршып алуга болады. Кө белектердің өсімталдығын көтеру үшін оларды 10 процентті
қант   ерітіндісі   немесе   витаминді   қант   пен   (итмұрын   жемісінің   С   витамині)   қоректендіріледі.   Бұл   ерітінділерді
контейнердің жоғарғы жағындағы дәкеге оқтын-оқтын бүркіп тұрады.
Жұмыртқа ла рд ы   к үн   с айын   таңерте ң   жұм сақ   жақ қ ыштың   не м е с е   порол он   г уб к а н ың   көм е г і м е н
д ә к ед е н   және   қағаз   бетінен   жинап   алады.   Көбелектер   жұмыртқалауын   тоқтатқан   соң   (контейнерге
тиегеннен бес күн нен соң) контейнерді тазалап ыстық сумен жуады, ал  көбелектерді өлтіреді.
Бракондарды   жаппай   өндіру   технологиясы:   Биофабрикаларда   бракондарды   жаппай   өсіру   механикалық   тізбек
жабдықтарының жиынтығымен техникалық сипаттамасына және пайдалану жөніндегі нұсқауына  сай  іске  асырылады.
Бракон    зертханалық   ие   ретінде   үлкен   балауыз   көбелегі   (Galleria   melonella  L.)   пайдаланылып   өсіріледі.   Оларды   өсіру
мынандай кезеңдерден тұрады: ие өсіру, тоғышар өсіру және сол тоғышарды сақтау.
Үлкен  балауыз  көбелегінің жұлдызқұрттарын өсіру үшін құрамына 700 г жүгері ұны, 350 г  бидай ұны,  300 г қант, 70 г
маргарин,   350   г   сүт,   30   г   ашытқы,   260   г   кептірілген   жеміс,   100   г   мерва   кіретін   қоректік   орта   пайдаланылады.   Осы
өнімдерден қоректік орта үгілмелі қоспа алу үшін әлсін-әлсін араластыра отырып, қызу шкафында әзірленеді. Дайын қоспа
салқындатылады.   Мерва   мен   кептірілген   жеміс   бөлек   стерильденеді.   Кептірілген   жеміс,   мерва   және   ұн   қоспасы
араластырылып,   үш   литрлік   банкаларға   100–150   г   қоспадан,   сондай-ақ   бесінші-алтыншы   жастағы   жұлдызқұрттан   100
данадан   салады.   Банкалардың   аузы   матамен   жабылады   да,   үлкен   балауыз   көбелегін   өсіретін   қондырғыға   қойылады.
Компьютер мониторына  32°С  температуралық  тәртіп және 70% салыстырмалы ылғалдылық беріледі. 10–15 күннен соң
банкаларда көбелектер пайда болады. Көбелектер ұшып шыққан банкаларға жұмыртқа салатын тетік қойылады. Ол тетік
өзара бір-бірімен қосылған ағаш планкадан тұрады. Әрбір екі-үш күн сайын оның орнына жаңасы, яғни тазасы қойылады.
Планкадан алмас жүзімен үлкен балауыз  көбелегінің жұмыртқалары мұқият алынады да бір граммнан дозаланады. Үш
литрлік таза банкаға 100 граммнан стерильденген мерва және 1 граммнан жұмыртқа салынып, аузы матамен жабылады да
үлкен балауыз  көбелегін өсіру үшін екінші  қондырғыға  қойылады. Температуралық  және ылғалдылық  тәртібі беріледі.
Жұлдызқұрттар   екінші   және   үшінші   жасқа   жеткенде   әрбір   жәндікханаға   5   банкадан   немесе   бір   қондырғыға   25   банка
аударып салынады. Бірте-бірте жеті шкафтың бәрі осылай етіледі.
Жәндікханалар   қалың   қара   матамен   жабылады,   қажетіне   қарай   (аптасына   2–3   рет)   жұлдызқұрттар   қоректік   қоспамен
қосымша қоректендіріледі. Апта сайын матаның бетінен ересек жұлдызқұрттар жиналып алынады. №1 шкафқа салынғаннан
кейін   10–15   күннен   соң   жұлдызқұрттарды   жастары   бойынша   бөлуге   арналған   қондырғыда   жұлдызқұрттарды   қоректік
ортадан бөлектей бастайды. Жұлдызқұрттар қоректік ортамен қоса жырашыққа салынып, бөлгішке тікесінен тік қойылады
да есіктері жабылады, температуралық тәртіп (режим) қосылады. Температураның әсерімен жұлдызқұрттар қоректік ортаны
тастап, қондырғының бөлігіне түседі де, осында жастары бойынша бөлінеді. Ересек жастағы жұлдызқұрттар браконмен
залалдануға, кіші жастағылары №2 шкафқа одан әрі өсіру үшін жөнелтіледі [10].
Жиналған   ересек   жұлдызқұрттар   банкаларға   250   данадан   салынады.   Ал   ол   банкаға   қағаз   кеңірдектеуге   арналған
қондырғыда алдын ала кеңірдектелген қағаз салып жіберіледі. Банкалардың аузына мата жайылады да, қоңыр мата жауып
тасталады. Сөйтіп ол жұлдызқұрт піллә тоқығанша солай қалдырылады.
Бракон   таза   банкаларға   салынып,   жинауға   арналған   қондырғыға   қойылады,   олар   100   данадан   балмен   қосымша
қоректендіріледі. Қуыршақтанған жұлдызқұртты кассеталар браконы бар банкаларға ауыстырылады да, банкалардың аузы
мата   қақпақпен   жабылады   да,   бракон   өсіруге   арналған   қондырғыға   орналастырылады.   Компьютер   мониторына
температуралық   тәртіп,   фотокезең   тәртібі   мен   ылғал   тәртібі   қойылады.   Бірте-бірте   бәрі   шкафтарға   қойылады.
Залалданғаннан кейін 10 күннен соң бракондар ұша бастайды. Бракондардың бір бөлігі ұдайы өндіруге қалдырылады, ал
негізгі бөлігі танапқа шығару үшін пайдаланылады.
Алтынкөздерді жаппай өндіру технологиясы:  Алтынкөздерді биофабрикаларда жаппай өсіру техникалық сипатта масы мен
пайдалану жөніндегі нұсқауына сай механикаландырылған тізбектің жабдықтар жиынтығымен іске асырылады.
Алтынкөз дернәсілдері үшін толыққанды табиғи жем орнына жұмыртқа, дән көбелегінің биофабрика трихограмма өндіру
кезінде жаппай көбейтетін, өлген имагосы – ситотрогасы жүреді.
Төменде алтынкөзді жаппай өсірудің, негізінде энтомофагтарды қолайлы гидротермиялық жағдайда ұстау, дернәсілдерді
ситотрога жұмыртқаларымен қоректендіру және ересек бунақденелілерді балмен және сыра ашытқысының автолизатымен
қосымша қоректендіру жатқан, кейбір үдерістерінің сипаттамалары берілген.
Алтынкөз өсіру технологиясы мынандай негізгі өндірістік үдерістерден тұрады:
1) Табиғи популяциясын жинау.
2)Жем дайындау.
3)Жәндікханаларда немесе банкаларда ересек бунақденелілер ұстау.
177

4)Алтынкөз жұмыртқаларын жинау.
5)Алтынкөз жұмыртқаларын инкубациялау.
6)Дернәсілдерді жеке дара өсіру.
7)Алтынкөз пілләларын түсіру және жинау.
8)Пілләларды банкаларға орналастыру.
9)Биоматериалдарды ұдайы өндіру.
10)Биоматериалдарды пайдаланғанға дейін сақтау.
Алтынкөздің аналық культурасын (себіндісін) алу. Зерханада өсіру биофабрикадан аналық материал алудан немесе оны
тікелей табиғаттан жинаудан басталады. Алтынкөздерді ең жақсысы – ересек бунақденелілерді жарықпен аулағыштармен
немесе   бит   өте   мол   танаптық   дақылдардан  қаққышпен   қағу  не   болмаса   ағашты   өсімдіктерді   қаққышқа   қағу  жолымен
жаздың соңында аулау. Қыстауға түсер алдында ересек алтынкөздер қарашада қыстауға кеткенге дейін мекендейтін жеміс
дақылдарында,  бақтар мен  саябақтарда,  ағаштар  мен  бұталарда   кездеседі.  Қазақ   айының   екінші  жартысында  жиналған
ересек   алтынкөздер  бірден   диапаузаға   кетуге   айналып,   өз   реңін   қарқынды   жасылдан  күңгірт  жасылға   дейін   ауыстыра
бастайды, ал содан соң температура төмендеген сайын денелерінде қоңыр-қызыл дақтары бар сары-жасыл тартады.
Алтынкөз өндірудің технологиялық үдерісі.   Алтынкөздердің имаголары үш литрлік банкаға 150 данадан немесе арнайы
жәндікханаға 3,5 мың имагодан салынады. Банкалар немесе жәндікханалар реттелетін фотокезеңді термостатталған бөлме
сөрелеріне немесе климаттық шкафқа қойылады. Алтынкөздерді ұстайтын орынды да дұрыс температура 24–26°С, ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы – 65–70%. Алтынкөз күн сайын балмен және сыра ашытқысының автолизатымен қосымша
қоректендіріледі. Банкаларға қоңыр мақта-матаның бір жолақ қиығы салынады. Алтынкөздерді банкаларда өсіргенде үстіне
салынған жұмыртқасымен әлгі қиықтар күнара алынады да, орнына басқа тазасы салынып қойылады. Алтынкөз имаголары
бар банкалар 4–5 күнде бір рет тазасымен алмастырылады. Өйткені банка қабырғаларына салынған жұмыртқадан шыққан
дернәсілдер каннибализммен айналысып, жаңа салынған жұмыртқаларды жей бастайды.
II.3 Энтомофагтарды өсімдік зиянкестеріне қарсы тиімді пайдалану
Трихограммаларды   ұстау   және   сақтауға   арналған   қолайлы   жағдайлар:  трихограммалар   өздерiн   ұстау   жағдайларына
байланысты   сапалық   көрсеткіштерін   оңай   өзгертетін   бунақденелілерге   жатады.   Талап   етілетін   гигротермиялық
жағдайларды сақтамау, күзгі - қысқы кезеңдерде диапаузалық дамудың міндеттілігі, имаголарды қосымша қоректендіру,
табиғи иелер арқылы пассаж жасау және басқа өсіру технологиясы жағдайлары трихограммалардың сапалық көрсеткіштері
мен тіршілікке деген қабілеттілігінің нашарлауына әкеп соғады.
Ауыспалы температурада ұстау. Трихограммалар өсіруге арналған қолайлы жағдай ретінде 25°С температура және 75%
салыстырмалы ауа ылғалдылығы белгіленген. Алайда тұрақты жағдайда өсіру әсерінен трихограммалардың сапалық және
сандық   көрсеткіштері   өзгеріп,   тоғышардың   нағыз   экологиялық   үйлесімді   популяциясы   қалыптасады.   Трихограмманың
“нәзіктенуі” танаптарға шығарғанда жұмыртқа жегілер әлсіреп, күн мен түн температурасының ауыспалы температурасын
нашар көтереді, соның салдарынан биологиялық күрес тиімділігі қатты төмендейді. Бұл қиындықты тоғышарларды табиғи
жағдайға барынша жақын жағдайда ұстау жолымен шешуге болады. Биофабрикалардың трихограмма цехтарында күндізгі
температураны   25–30°С,   түнгі   температураны   16°С   шамасында   ұстау   қажет.   Кондиционерлермен   және   биоклимат
камераларымен жарақатандырылған жетілдірілген биофабрикалар салу гигротермиялық  жағдайларды және трихограмма
цехында жарық күн ұзақтығын автоматты түрде реттеуге мүмкіндік береді. Бұл трихограммаларды тек танапқа шығарар
алдында ғана емес, сонымен бірге бүкіл зертханада өсіру кезінде дұрыс ұстауға мүмкіндік жасайды.
Аналықтар өсімталдығы мен тіршілік ұзақтығын көмірсутекті қосымша қоректендіру жолымен көтеру. Ересек аналық
трихограммаларды көмірсутекті қорекпен қоректендіру олардың өсімталдығын 1,5–2 есе көтеріп, ал тіршілігінің ұзақтығын
10–15   күн   ұзартады.   Бұл   аналықтардың   потенциалды   өсімталдығын   анағұрлым   толық   іске   асыруға   мүмкіндік   береді.
Тоғышарларды зертханада өсіру кезінде, сондай-ақ имаго кезеңінде танапқа жіберер алдында қосымша қоректендіру үшін
20 пайыздық қант шәрбеті пайдаланылады. Ол жәндікханалардың үстіңгі мата қақпағына қойылған мақта немесе поролон
тампондармен беріледі. Таңертең қант шәрбеті берілсе, кешке су беру керек.
Трихограммаларды сақтау, диапаузаға жіберу және реактивациялау. Белсенді трихограммаларды қуыршақтанар алдында
және   қуыршақтану   кезеңінде   қысқа   мерзімде   сақтау   3°С   температурада   және   ауаның   80%   ылғалдылығында   танапқа
шығарар алдында 1 айға дейінгі мерзімде іс жүзіне асырылады. Осы көрсетілген жағдайларда 20 күн сақтағаннан кейін
жұмыртқа жегілерінің шығыны (өлім-жітімі) артады.
Бракондарды ұстау және сақтауға арналған жағдайлар: браконның аса үйлесімділігі тоғышарға 35°С тұрақты температура
және  30–50% ауа  ылғалдылығын  ұстауға  мүмкіндік  береді. Бірақ аналықтарының  барынша  өсімталдығы  үшін қолайлы
жағдай 28–30°С ауа температурасы мен ауаның 60–70% салыстырмалы ылғалдылығы қолайлы жағдай болып табылады.
Бракондарды сақтау – оны жинақтау үдерісінің маңызды кезеңі. Одан әрі көбею үдерісіне қатыспайтын бракондарды табиғи
жағдайға жақын жағдайда оларды танапқа шығарғанға дейін сақтау керек.
Бракондарды жасанды жағдайда диапауза жағдайында ғана, онда да табиғаттағыдай күйде, бунақденілердің табиғатта күзде
ақуызды-көмірсутегіндік қорекпен қоректене отырып оған дайындалып жатқанын ескеріп, ұзақ сақтауға болады. Жаңадан
ұшып шыққан тоғышарларды диапаузаға оларды 7 күн 8 сағаттық фотокезеңде, күндізгі және түнгі ауыспалы температурада
ұстап,   сыра   ашытқысы   автолизатын   қоса   отырып,   қант   шәрбетімен   қоректендіргенде   ғана   енгізу   керек.   Бұдан   кейін
кеңірдекті қағазы бар шыны банкадағы тоғышарлар температурасы 5°С және ауа ылғалдылығы 70% орынға ұзақ сақтауға
қойылады.   Бунақденелілер   қант   шәрбетімен   әлсін-әлсін   қоректендіріліп   тұрады.   Ол   үшін   екі   аптада   бір   рет   2–3   сағат
тоңазытқыштан   алынып,   жарық   бөлмеге   қойылады.   Тек   ұрықтанған   аналықтар   ғана   сақталады,   аналықтардың   бәрі   іс
жүзінде өліп қалады.
Бракондарды жинақтау мақсатымен жазғы кезеңде сақтау оларды тоңазытқышта 7°С-ге дейінгі температурада және ауаның
70%   салыстырмалы   ылғалдылығында   имаго   кезеңінде   қосымша   қоректендіре   отырып   30   күнге   дейін   және   қуыршақ
кезеңінде 15 күнге дейін ұстағанда ғана мүмкін. Қосымша қоректендірмей қысқа мерзімге 10 күнге дейін ғана сақтауға
болады. Өйткені 15-күні аналықтардың 75 пайызы өлім-жітімге ұшырайды.
Алтынкөздерді ұстауға және сақтауға арналған қолайлы жағдайлар: алтынкөздердің әдеттегі жұмыртқалары, екінші-үшінші
жастағы дернәсілдері және қуыршақ алдындағылар температура 20–30°С және салыстырмалы ауа ылғалдылығы 50–80%
178

кезде қалыпты дамиды. Бірінші жастағы дернәсілдер үшін 25°С температура және 80% ылғалдылық, имаголар үшін 20°С
және ауаның 80% ылғалдылығы дұрыс.
Зертханалық жағдайда алтынкөздерді әрқайсысы белгілі бір сақтау ұзақтығымен ерекшеленетін барлық кезеңінде сақтауға
болады.   Анағұрлым   қолайлысы   –   сақтау   мерзімі   6   айға   дейінгі,   жұмыртқаларын   сақтау   мерзімі   10   күнге   дейінгі,   ал
дернәсілдері мен қуыршақалдындағыларын сақтау мерзімі 20 күн диапаузадағы имаголар. Биоматериалдарды сақтау үшін
тұрмыстық   тоңазытқыштар,   тоңазытқыш   камералары   пайдаланылады.   Алтынкөздің   жұмыртқалары,   дернәсілдері   және
қуыршақтары 4–8°С температурада және ауаның 50–90% салыстырмалы ылғалдылығында сақталады.
Алтынкөздерді табысты қолдану үшін энтомофагтардыедәуір алаңға шығару қажет болған кезде жеткілікті жыртқыш қоры
болатындай етіп орналастыру керек. Ол үшін алтынкөздерді оның дамуының түрлі кезеңінде сақтау тәсілдемесі ұсынылады.
Жұмыртқаларды   сақтау.  Алтынкөздердің   жұмыртқаларын   сақтауға   қолайлы   температура   50°С   және   ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы –80–90%. Сақтауға жаңа салынған жұмыртқалар ғана жарамды. Эмбриондық даму кезеңіне
байланысты жұмыртқалардың сақтау үдерісінде тірі қалу дәрежесі өзгереді. Ұзақтығы 20 күннен аспайтын сақтау ғана
қабылдауға тұрарлық. Бұл кезеңде эмбриондардың 76–96 пайызы тіршілігін сақтайды. Бұдан артық сақтаудың еш мәні жоқ.
Өйткені   бұл   уақытта   жұмыртқаның   көп   бөлігі   тіршілікке   бейімділігін   жояды.   Мәселен,   30–35   күн   бойы   сақталған
жұмыртқаның 35–50% эмбрионы өледі.
Дернәсілдерді   сақтау.  Жұмыртқалары   сияқты   алтынкөздің   дернәсілдері   де   ұзақ   сақтауға   жарамайды.   6–8°С   төменгі
температурада олар 30–40 күн бойы сақталады. Бұл мақсат үшін бірінші жастағы дернәсілдер жарамды. Екінші және үшінші
жастағы дернәсілдерді сақтау 20 күннен аспауға тиіс. Одан әрі сақталғанда олардың тіршілікке қабілеттілігі төмендейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта   келе,   ауылшаруашылық   дақылдарынан   жыл   сайын   мол   әрі   сапалы   өнім   алу   жергілікті   жердің   табиғи
ерекшеліктеріне   және   фитосанитарлық   жағдайына   байланысты.   Зиянкестерге   қарсы   күрес   шаралары   кешенді   жүйеде
жүргізілуі қажет. 
   
Қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден кешенді қорғау шараларының ішінде, тек елімізде ғана
емес, сонымен қатар шетелдерде де басты орынды химиялық тәсіл алады. Егіншіліктің озық жүйесін жүргізу де бүгінгі
таңда   химияландырумен   байланысты.   Химиялық   тәсілді   ауылшаруашылық   дақылдарының   барлығына   дерлік,   оларды
зақымдайтын зиянкестерге қарсы бүрку, тозаңдату, тұқымды дәрілеу арқылы қолданғандықтан, сөзсіз тиімділігі өте жоғары,
қолдануға қолайлы және нәтижесі тез арада көрінеді. Өңдеу өткеннен кейін бірнеше сағаттан соң және 1–3 күн аралығында
зиянкестердің жойылуы 100 пайызға жетеді. Сондықтан да фермерлер химиялық препараттарды қолданғанды жөн көреді.
   
Химиялық күрес тәсілінің елеулі кемшіліктері де аз емес. Химиялық препаратпен өңдеу жүргізілген кезде зиянкес-
термен  қоса  пайдалы  организмдерге  де  (энтомофагтар)  әсерін  тигізеді.  Соның  салдарынан  тез  арада  зиянкестердің  сан
мөлшерінің өсуіне әкеледі де, өңдеу жұмысын бірнеше рет қайталауға тура келеді. 
   
Ауылшаруашылық   дақылдарына   аса   зияны   жоқ   кейбір   жанама   зиянкестердің   табиғи   жаулары   (энтомофагтар)
қырылған соң, зиянкестердің саны көбейіп, негізгі зиянкестердің қатарына кіреді де, оларға қарсы бірнеше дүркін химиялық
өңдеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Соның салдарынан бір маусым ішінде бірнеше ұрпақ беретін бунақ денелілер мен
кенелерге удың тигізетін әсері төмендеп, төзімділігі күшейеді. 
  
  Пестицидтерді жиі қолдану қоршаған ортаны, алынған өнімді ластап, халықтың денсаулығына әсерін тигізеді,
сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарлар әлемі құрамының нашарлауына әкеледі. Осы аталған жағдайларға байланысты ба-
лама   әдістемелер   –   экологиялық   өсімдік   қорғау,   биологиялық   егіншілік,   биологиялық   өсімдік   қорғау,   уды   қолданбау
технологиясына жүгінуге тура келеді.
   
Біздің елімізде биологиялық әдісті өсімдік қорғау саласында қолдану керек пе? Сөзсіз, өсімдіктерді биологиялық
әдіспен қолдануды, әсіресе, оңтүстік өңірлерде  дамыту керек. Бұл аймақтарда бау-бақша, жүзім, картоп, техникалық  егін
шаруашылықтары өте жақсы дамыған. 
     
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1   Сағитов А.О., Джаймурзина А.А., Туленгутова К.Н., Карбозова Р.Д. Ауыл шаруашылық фитопатологиясы, - Алматы: Қайнар,
2000 ж. 36-47 б.
2  Аяпов К. Жеміс және жидек шаруашылығы. - Алматы: Қайнар,1993. 253 б.
3 Уалиева К.К. Бау – бақша зиянкестері. – Алматы: Қайнар, 1976 ж. 87-91б.
4 Әшірбаев Н.Ж., Рябина Г.Н., Богарников А.П. Қазақстанның Оңтүстігімен,    Оңтүстік - шығысындағы  қозаның  аурулары
мен зиянкес жәндіктері. – Алматы: Қайнар, 1999 ж. 6-28 б.
5  Карбозова  Р. Д.  Фитопатология.  Оқу құралы.–Алматы: Қайнар,  2002 ж. 23б.
6 Болғанбаев Е., Серғазиев А.Т. Мақта түсімін арттырудың жолдары.  - Алматы: 1975 ж. Қайнар, 74-121 б.
7 Изатулаева Р.И., Хайрушев Е.К. Картоп және көкініс аурулары мен зиянкестері Алматы: Қайнар, 1986 ж. 66-71б.
8 Қадырбаев Х., Төлебаев А., Әлімбаев Р. Зиянкес кеміргіштер және оларға қарсы крес. -  Алматы: Қайнар, 1970 ж, 
9 Матпаева Б.Б. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен биологиялық тәсілдері. – Алматы: Қайнар, 1970 ж. 49-60
б.
10  Сағитов   А. О.,   Исенова   Г. Ж.,   Рвайдарова Г.О., Нұржанов Ө. С., Қалмақбаев Т.Ж.   Өсімдікті химиялық қорғау.   –
Алматы: Қайнар, 2013. 
11 Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. – Алматы:
Нур – Принт, 2010 ж.
12 Ашықбаев Н., Есіркепов У. Өсімдік қорғау. – Астана: Фолиант, 2010 ж.
179

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№25  Т. Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы 
Торғауытова Нелля   11 а  сынып  оқушысы
Ғылыми жетекшісі   Рустемова   Акбота Алтыбаевна  
«Қоғамымыздың қайғысы мен қасіреті»
Қазақтың   қариясы   -   дана,   ақылгөй.   Ұл-қызы,туыстары   аталарымыз   бен   апаларымызды   ешқашан   жалғыз
қалдырмаған.Саналы   ғұмырын   баласына   арнап,бар   арманы   перзентінің   амандығы,одан   қалса   жақсы   азамат   болып
қалыптасуының   қамын     жасаған   ата-анасынан   бас   тартқан   санасыз   ұл   мен   ақылсыз   қыздар.Ата-ананың   бақыты   бала
десек,бақытым дейтін баласы  төрінен көрі жақын  әке-шешесін қарттар үйіне  қаңғыртып жібергені қалай?Кішкентайынан
әлпештеп өсірген балалары ата-анасын сол бір қараң қалғыр шаңыраққа апарып тастап жатады. Беті бүлк етпестен аяулы
анасынан, асқар таудай әкесінен бас тартқан балаларға не деуге болады!? Қандай шара қолданамыз?!Балаларынан баз кешіп,
бақытын қарттар үйінен іздеген қарттарымыз қаншама! Өзгеден үміт күтсе де, өзегінен тепкен балаларынан үміт күтпейтін
ата-аналарымыздың сондағы бар арманы – балаларының бақыты ғана. Балалары әкесін, анасын іздеп келеді екен, бірақ
оның жалғыз себебі көкейлерін тескен ақша екен. Өздері жұпыны киінсе де, баласының жағдайы үшін айына бір рет алатын
зейнетақысын   балаларының   қолына   ұстатып   жібереді.   Қартайғанда   қызығын   көрсетудің   орнына   қабырғаларын
қайыстырып, өмірлерін өксітіп, кең үйлерін анасы мен әкесі үшін тарсынып, аяулы жандарды тағдырдың ауыр сынағына
тастап,  онсыз   да  сол  безбүйрек  балалары  үшін өткен азапты  ғұмырлары аз  болғандай,  қиындықпен  беттестіріп  қояды.
Сондағы ата-аналардың жазығы не? Өмірге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, ауыра қалса асты-үстіне
түсіп, сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма қадалсын деп бар тәттісін баласының алдына тосып, жақсысы мен
жайсаңын, қазысы мен жал-жаясын баласына беріп,бесігінің басында талай түнін ұйқысыз өткізгендігімен қоймай,түнімен
көше кезіп кеткен баласын күтіп көз ілмейді де.Одан қалса, өсіріп, үйлендіріп, үй қылып жағдайын жасап болдым, енді
бейнетімнің зейнетін көрейін деген шағында сол қартта үйіне көздерін жәудіретіп тастап кетеді. Сонда анасына жасаған
жақсылығы осы ма? Жоқ әлде анасының қиындықпен кешкен ғұмыры текке өткендігі ме?
     Ананы Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың деп құрмет тұтқан ананың бағасын түсірген
санасыз   жастар   қаншама.   Алла   алдында   үлкен   күнәға   батқан   кей   жандар   еш   қорықпайтын   болды.   Ата-анасын
жылатқандығы үшін сұраққа тартылатынын ұмытқандай.Әр нәрсенің өз уақыты бар. Өз қолымен істеген іске өкінетін кез де
жетер.[1]
  Кеңес үкіметінің қазақ қоғамына алып келген қайғы-қасіретін айтып тауысу мүмкін емес, әрине. Бүгінде Қазақстанның
бүкіл қалаларында жұмыс істеп тұрған қарттар үйі сол көп қасіреттің бірі дер едік. Иә, бұл пікірімізге кейбір оқырмандар
келіспейтін де болар,«қайта жалғызбасты қарияларға пана болып жатқан жоқ па?» -деп. Бірақ, «жалғызбасты қария» деген
ұғымның өзі сол кезеңнің көрінісі емес пе?    
   Қай қазақ ата-анасын далаға қалдырыпты?Жетімдер үйін ашып жетімдерді көбейттік, түрме салып, қылмыскерлерді
көбейттік. Енді сол ұрпақ өкілдері толық таусылып бітпей, ата-анасын қарттар үйіне алып барып тастап, кейін жылына бір
рет оларға қамқорлық көрсететіндердің де қатары азаймайды. Көпке топырақ шашқанымыз емес әрине, мен әлгі тексіз,
тілсіз, дінсіз ұрпақ өкілдерін ғана айтып отырмын.Өкінішке қарай, мұндайлардың қатары бүгінгі қоғамда өте көп.Қытайда
әке-шешесін қарттар үйіне тастағандар заң алдында жауап береді.Заңға ата-анасын еркінен тыс қарттар үйіне тастағандарға
мерзімді   немесе   мерзімсіз   қамау   жазасы   қолданылатыны   туралы   тармақ   енгізілген.Елімізде   қарттар     үйіне   күн   санап
тіркеліп жатқандардың саны артуда.
 Кім кінәлі? «жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады»-деп Мөңке би айтпақшы өз билігін өз баласына жүргізе алмаған
қарттардың өздері кінәлі ме?Жас ұрпақтың ата-анасын қарттар үйіне өткізуінің түрлі себептері бар.Солардың ішінде ең жиі
кездесетіні (психологтың пікірі бойынша)1.қарттардың ішімдікке әуес болуы.Тағдырдың түрлі соқпағына  шыдамай саналы
жасында ішіп кеткен қарияларымыздың бар екенін жасыра алмаймыз.Араққа салынған әке-шешесіне баласы көп жағдайда
шыдай  алмай жатады.2.Жарынан егде  кезінде айрылған қарт адам психологиялық,рухани тұрғыда құлазиды.Мұндай кезде
ата-әжелеріміздің мінез-құлқы қатты өзгереді.Сол құбылысқа шыдай алмаған баласы немесе қызы қарияны қарттар үйіне
өткізеді.3.Келін  немесе күйеу баланың қолында бірге тұра алмауы.Жеке басының қамын ойлаймын деп ата-анасынан бас
тартып жатады.4.Баласы немесе қызы ішімдікке,барлық дүние -мүлкін сатып,қарттар үйсіз-күйсіз далада қалып жатады.Бұл
жағдайда да қарияларымыз қарттар үйін паналайды.
 Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.а.у) ата-ананы құрметтеу жөнінде:«Алланың  разылығы-ата-ананың разылығында,Алланың 
ашуы ата-ананың   ашуында»-деген екен. Жетімдер үйі. Түрме. Қарттар үйі. Бұдан біраз ғана бұрын бұл ұғымдар ұлттық 
санаға сыймайтын. Бірақ бүгінде аты үрейлі бұл үйлерден үрікпейміз де.Түрмесіне тентегі толса,жетімдер үйіне жетімегі 
жөнелтіліп, қарттар үйіне қариясы тоғытылып жатыр. Қайран қалу түк емес,қорқынышын айтсаңызшы.Ақ жаулықты 
аналарымыз мен қазақы тақиялы аталарымызды көргенде:
Дүниеге келер бір рет,
Дария-кеуде, тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет –
Қарттарым, аман-саумысың?! – деп Сағи ақынша жырлағың келеді. Өйткені көз алдымда – көңілсіз картина. Ата-анасын 
аялап бақпақ түгілі, «арбаға байлап қойып баға алмаған» баланың барынан жоғы деп отырған қарттарды көрмейсің. «Іштен 
шыққан шұбар жылан»…-ай-деп қамығады.Мұғалім дейсіз бе, ғылым докторы
дейсіз бе, қала берді, кезінде білдей министрдің орынбасары болған жандар да мұнда  жүр.. «Қарға тамырлы қазақ едік.
Тек тәрбиені ақсатып алдық. Содан үлкенге – құрмет, кішіге ізет ізім-қайым жоғалды. Қоғам қатыгезденді….[2]
Бүгінгі   жас   –   ертеңгі   қарт.   Осы   заңдылыққа   бас   иген   қазақ   қашаннан   үлкенді   сыйлауда   тәспісінен   жаңылмаған.
Халқымыздың“Үлкенге   -құрмет,   кішіге-ізет”немесе“Атаңа   не   қылсаң,алдыңа   сол   келеді”секілді   пәлсапалық   мәні   зор
қағидаларының жасқа да, жасамысқа да бағдаршам іспеттес болуы соның жарқын айғағы. Аузы дуалы ақсақалы бар ел
жастарының   қашанда   жөнсіздік   пен   жолсыздыққа   бой   ұрмасы   хақ.   Бұған   бала   тәрбиесіне   ерекше   ден   қойған
бабаларымыздың “атаңнан бота қалмасын, бата қалсын”,“түбіріне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы” деген қанатты сөздері
дәлел. Әрі бізге бұл тағылымдар тарих беттерінен белгілі. Сондықтан,қоғамымызда түрлі  діл, дін, тіл өкілдерінің өмір
сүруіне қарамастан, түсіністіктің, сыйластықтың орнауында Елбасы жүргізіп отырған сындарлы-салиқалы саясатпен бірге
180

аға ұрпақтың да үлесі ерен. Қазақ отбасындағы ата мен әженің орны ерекше әрі қадірлі. Әже- отбасының ғана емес, әулеттің
де   ұйытқысы,   ағайын-туғанның,   абысын-ажынның   бірлігін,   татулығын   сақтайтын   сыйлы   анасы,   кейінгі   жастардың,
келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Атаның да айтары мол, берері көп. Әдетте жас отау иелері тұңғыш баласын атасы мен
әжесінің   бауырына   салады.   Осы   орайда   «Сіздің   отбасыңызда   ата   мен   әженің   рөлі   қандай»?   деген   сауалмен   жас
жеткіншектер пікірін тыңдайық. Пікірталасқа орта мектептің оқушылары қатысты.
-Менің үйімде әжем бар. Қоғамда қарттарды сыйлау керек.Қазақта «алпыстан асқаннан ақыл сұра» деген мақал бар. Біз
әжемізді ерекше құрметтейміз. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, өнегесін дарытар ерекше ет
жақыны. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-
жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек,
тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің бауырында өскен балаға жұрт "тәрбиелі бала" деген баға береді.
-Менің әжем сексен үш жастан асса да әлі де жас көрінеді. Ол күнде маған кешке батырлар жырын оқып береді. Жалпы
қарттарды сыйлау біздің міндетіміз. Өкінішке қарай кейбір жастар қоғамдық көліктерде қарияларға орын бермейді. Өмірдің
сынында ақылын дариядай тұнықтырып, ұрпағына өмір мәнін ұғындырып, көңілдері көлдей көгілдір, ізгі тілектері таудан
аққан бұлақтай мөп – мөлдір біздің қариялар өмірдің шам-шырағы. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең
жаман,   өйтсең   жақсы»   деген   сипатта,   ақылгөйлік   мазмұнда   болып,   әженің   мейірімі   мен   жүрек   жылуына   бөленіп
өседі.Осылайша,   жас  бала  қазақы ортадағы  бар құндылықты   бойына  сіңіріп,  адами  тұлғаның қалыптасуына  ғана  емес,
дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаларын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.Жасынан мейірімді, ақылды, дана бала
атанады.
-Атаның тәрбиесінен өткен баланы былайғы ел "көргенді бала" деп атайды. Қазақтың "атың барда жер таны желіп жүріп,
атаң барда ел таны еріп
жүріп" деген нақылы да осы тәрбиенің терең мәнінен шықса керек. Баланың туған ата-анасы да «атасының баласы»,
«әжесінің  баласы» деп ата мен әжеге қарай икемдеуі  тиіс. Қандай халықтың болсын өзіне тән өзгеден ерекшелендіріп
тұратын салт-дәстүрлері, дағдылары бар. Бауырына  салу деген бізбен қатар өмір сүріп жатқан халықтардың ішінде тек
қазаққа ғана тән. Әрине, өзге ұлттар да немерелеріне қамқорлық көрсетеді, бағады-қағады. Ал қазақтың ерекшелігі сол,
тұңғыш немерені міндетті түрде атасы мен әжесі бауырына салған. Бұл- баланы тәрбиелеуде өздері әлі жас ұл мен келіннің
тәжірибесінің  аздығын  білгендіктен.  Өйткені   ата  мен  әже  –  көпті   көрген,  өмірдің талай белестерінен өткен,  жақсылы-
жаманды өмір кешкен тәжірибесі мол адамдар. Ата-әжесі тәрбиелеген баланың тілі ерте шығады.
- Мен атамның баласы болғанымды мақтан тұтамын. Атам маған өмірде жақсы мен жаманды ажыратуға ақыл кеңесін
үнемі айтып отырады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып ержетуінің
өзі дәстүр сабақтастығы мен ұлттық құндылықтың мәйегі емес пе? Ата – балаға сыншы дейді қазақ. Ендеше, әр әке өз
балаларының ерекшелiктерiн, бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, бұл жауапкершілікті атасына тапсыруы да өнегенің көзін
тапқанмен тең емес пе?
-Бала кішкентайынан үлкендердің әңгімесін тыңдап өседі.Үнемі үлкендердің қасында жүретіндіктен атасы мен әжесінің
замандастарын«пәленше атам», «түгенше әжем» деп солардың барлығын өңдеп-түстеп, кімнің кім екенін біліп, туысқанын
танып өседі. Бала әке-шешесін біліп тұрса да «атамның баласымын»,  «әжемнің баласымын» деп жөн сұрағандарға ата-
әжесінің аттарын айтып жатады. Бұл да жеті атасын біліп, шыққан тегін тануына зор ықпал жасайды десек артық болмас.
Білетін боларсыз, ауылдағы белгілі бір жиын-тойда бас ұстап отырған үлкен қариялар, сол жердегі жас балаларға құлақ
береді. Бұл да негізсіз емес. Мұның астарында «Жақсы сөзге құлағы түрік болсын», «жақсы сөзді көп естісін», «ұғымтал әрі
зерек   болсын»   деген   ниет   жатыр.   Содан   да   болар,   атасына   еріп   қонаққа   барған   бала   да   міндетті   түрде   құлақ   күтіп
отыратыны.Негізінде ата- әженің көп болғаны жақсы, өйткені олар жастарға үлгі болып, жақсы жолға жетелейді.Безбүйрек
баласы мен келініне сыймай, ел аман, жұрт тыныштықта үйінен безген қарттардың күйін ешқайсысымызға бермесе екен
дегеннен өзге тілек жоқ. Бәрміздің де ертең тірі болсақ қария болатынымызды ұмытпайық. «Жақсылық жасасаң, өсерсің,
жамандық жасасаң, өшерсің» — демекші, жақсылық жасауға асығайық. .[3]
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін.
Абырой амандығын арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет