Жоспар: • І. Кіріспе • ІІ. Негізгі бөлім а. Қазақтардың материалдық мəдениеті. ə. Көркемдік баспасөз. Мəдениет б. Халық ағарту ісі ○ ІІІ. Қорытынды ○ ІV. Пайдаланылған əдебиеттер кіріспе • Өздік жұмыстың тақырыбы



Pdf көрінісі
Дата18.03.2023
өлшемі1,96 Mb.
#75320
Байланысты:
Орталық Азияның ортағасырлық



Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия жəне саясаттану факультеті
Мəдениеттану жəне дінтану кафедрасы
Тақырыбы:
Орталық Азияның ортағасырлық мəдениеті
Орындаған: Куанова Анель
Тексерген: Шанбаева Арайлым
.


ЖОСПАР:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
а. Қазақтардың материалдық мəдениеті. 
ə. Көркемдік баспасөз. Мəдениет
б. Халық ағарту ісі
○ ІІІ. Қорытынды
○ ІV. Пайдаланылған əдебиеттер


КІРІСПЕ

Өздік жұмыстың тақырыбы: XVIII-XIX 
ғасырлардағы қазақ хандығының мәдениеті.

Мақсаты: Орта ғасырларда қазақ хандығының
мәдениетінің ерекшеліктерін дәріптеу.

Міндеті: Қазақ хандығының рухани –
материалдық мәдениетін танып – білу.

Өзідік жұмыстың түрі: Слайд-көрме

Көрнекі құралдары: Фото суреттер


Қазақстанның көптеген аудандарында ағаштан, тастардан, шикі қыштан жəне шымнан 
тұрғызылатын тұрақты тұрғын үйлер тарады. Қандай материалдан салынғанына қарай оларды 
«ағаш үй», «жер үй», «кірпіш үй» деп атады. Үйдің аумағы егесінің материалдық жағдайына жəне 
от басы құрамына байланысты болды, бірақ тұтас алғанда ол үйлер көшпелі тұрмыс жағдайына 
барынша бейімдендіріліп салынды.
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол — көшпенділердің тез
жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік қүрылыс. Киіз үйдің іші қыста
жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде
де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен
елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр
А. ҚАЗАҚТАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МƏДЕНИЕТІ. 



Қазақтың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық
жəне
климаттық
жағдайларына
байланысты
ежелгі
дəстүрлері бейнеленді. Киім мауытыдан, жүн жəне жібек
матадан, киізден жəне аң терісінен тігілді. Қазақтарда
құланның,
ақ
бөкеннің,
жолбарыстың,
жанаттың,
бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілері ерекше
қымбат бағаланды.
Теріден жасалатын киімдер
Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр
шалбар; Тон. 
Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; 
Тымақ. 
Аяқ киімдер: Кебіс; Мəсі; Мықшима; Саптама етік; 
Шарық (Шо-қай); Шоңқайма.



XVII ғ. аяғында бір белігі Орта Азия қалаларынан
сатылы алынған, бір белігін қазақтардың өздері жасаған
мылтықтар
пайдаланыла
бастады.
Мылтықтардың
білтемен атылатын жəн күмістен əшекей салынған —
білтелі мылтық, əшекейсіз — қара мылтық, қысқа ұңғылы
— самқал деген бірнеше түрі болды. Оғы жеті жүз
метрдей жерге жететін қысқа ұңғылы мылтық «қозы кеш»
деп аталды. Оқ-дəріні қазақтардың өзі əзірледі, бір бөлігін
көрші елдерден сатып алды. Қайың сырғауылдарынан
жасалатын сойылдар мен шоқпарлар пайдаланылды,
бірақ, соғыс кезінде олар сирек қолданылды.


Қазақтардың тамағы негізінен ет жəне сүт өнімдерінең құралды. Сүт
тағамы əр түрлі болды. Бие сүтінен — қымыз, түйе сүтінен — шұбат
дайындалды. Сиырдың, ешкі мен қойдың сүті негізінен алғанда айран ұйытуға,
май пісуге, əр түрлі құрт, ірімшіктер жасауға пайдаланылды.
Қазақтардың сүйсініп-ішетін сусындарының бірі — айран болды. Айранға
су араластырылған сусынды «шалап» деді. Күбіде пісіп, сүттен май алды. Ол
майдың ұзақ сақталуы үшін оны суық сумен шайып, тұздап, қарынға салды.
Қазақтардың тағам түрлерінде құрт-ірімшіктер маңызды орын алды. Ашыған
айран жиынтығынан сығымдалып, күнге кептіріліп жасалатын құртты қысты
күндері ыстық сорпаға ерітіп ішті. Сүттен сары ірімшік, ақ ірімшік жəне басқа
тағамдар жасалды.


XIX ғ. қазақ баспасөзінің өмірге келуі басталды. 1870 ж. 28 наурызда 
«Түркістан уəлаяты» газетінің бірінші нөмірі шықты. Олі қазақ жəне өзбек 
тілдерінде шығарылды. Оның беттерінде Шоқан Уəлиханов туралы, 
Маңғыстау қазақтарының көтерілісі (1870 ж.) жəне басқа оқиғалар
жөніндегі материалдар басылды.
1911 ж.бірінші қазақ журналы «Айқап» жарық 
көрді, өмір сүрген төрт жылы ішінде оның 88 нөмірі шықты. 1913—1918 
жж. «Қазақ» газеті шығарылып тұрды. «Айқап» пен «Қазақ» қоғам əмірінің 
барлық жақтарын жазып тұрды. Олар қазақтардың отырықшылықты өмір 
сүруге көшуін, сөйтіп, егіншілік мəдениетін меңгеруін жақтады жəне 
сонымен бірге көшпеліліктің маңызы мен өмірден алар орнын да теріске 
шығармады. Бұл басылымдар сондай-ақ əйел жəне ұлт мəселелерін батыл 
көтерді, дəрігерлік, агрономиялық білімдерді таратты. Бүкіл қазақстандық 
сьезд шақыру идеясын қолдады.
Ə. КӨРКЕМДІК БАСПАСӨЗ. МƏДЕНИЕТ



Қазақ авторларының кітаптарын шығару ұлғайды. Петербургте, Қазанда, 
Орынборда, Ташкентте Абай Құнанбаевтың, Шоқан Уəлихановтың, Ыбырай 
Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Əбубəкір 
Диваевтың жəне көптеген басқаларадың шығармалары басылып шықты. 1912 ж. 
Семейде қазақ тіліндегі кітаптарды шығаруға мамандандырылған «Жəрдем» 
баспаханасы құрылды. Қазан революциясына дейін қазақ тілінде шамамен 700 
атаулы кітап (қайта шығарылғандарын есептемегенде) басылып шығарылды. 
Сайып келгенде өзгерістер қазақ қоғамы мəдениетінің барлық жақтарын шарпыды.
Алайда, халыққа осы рухани байлақтар мен мəдениет жетістіктерінің бəрі 
бірдей жете қойған жоқ. Бұған халықтың жаппай сауатсыздығы, мəдени-ағарту 
мекемелерінің өте аздығы, царизмнің отаршылдық саясаты зардапты əсер етті.


Б. ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІ
Халықтың сауаттылығы. XIX ғ. ортасына дейін қазақ балаларын оқыту —
құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік саналатын мектептерде
жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін кебінесе оқыту жоспарлары мен
методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды. Мұсылман мектептерінде
негізінен ср балалар оқыды. Мұның өзі əйелдер сауатсыздығының жоғары
дəрежеде қалуы себептерінің бірі болды. Мысалы, 1884 ж. Верный, Қапал жəне,
Сергиополь уездерінің мұсылман мектептерінде 47,5 мың ер бала жəне бар
болғаны 17,3 мың қыз балалар оқыды. 1895 ж. «Киргизская степная газета»
мұсылман мектептеріндегі сабақтын, өтуін суреттеп, былай деп жазды:
«Балалар оқитын киіз үйден жан дəрменімен айқайлаған ащы дауыстар естідді.
Əр оқушы өзінің сабағын айқайлап оқиды... Осылайша оқыту төрт жылдай
уақытқа созылады. Осы мерзім біткеннен кейін оқушылар білім алудың толық
курсынан өтіп, оны ешнəрсе де білмеген, бұрынғы надандық қалпында қалған
күйінде тамамдайды».


Қазақстан халқының барып тұрған сауатсыздығы 1897 ж. халық
санағын жүргізу барысында, ол ең алдымен сұралғандардың орысша
оқи білетіңдігін ғана жазып белгілегенімен, айқын аңғарылады. Ана
тіліндегі сауаттылық сұраққа жауап қайтарушы орысша оқи
білмейтінін
айтқан
жағдайда
ғана
белгіленді.
Алайда
санақ
материалдары жекелеген халықтардың сауаттылық дəрежесін қамтып
көрсете алмады. 1897 ж. санақ материалдары бойынша өлке халқының
8,1 проценті ғана сауаты барларға жатқызылды, еркектердің
сауаттылары олардың 12 процентін, əйелдердің сауаттылары —3,6
процентін құрады. Əліппелік сауаттылықтың біршама жоғары
дəрежесі қоныс аударушылардың негізгі бөлігі тұратын солтүстік-
шығыс губернияларынан байқалды.


Діни білім беру жүйесінде медресенің ықпалы зор болды. Олар
молдалар, мектеп оқытушыларын даярлады жəне міндетті түрде
мешіттер жанында жұмыс істеді. Медресенің үлгісіне қарай олардағы
оқу мерзімі — үш жылдан терт жылға дейін созылды. Олардың
шəкірттері іслəм дінін үйренумен қатар, философиядан, астрономиядан,
тарихтан, лингвистикадан, медицинадан, математикадан мағлұматтар
алды.
Бұл ортадан қазақ мəдениетінің А. Құнанбаев, С. Торайғыров, М.
Жұмабаев, Б. Майлин жəне басқалар сияқты аса ірі қайраткері шықты.

Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында Жəңгір ханның
инициативасымен 1841 жылдан жұмыс істей бастады. Бұл мектептің
оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін,
сондай-ақ іслəм дінін оқып-үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі
оқу орны Орынбор қаласында Шекаралық комиссия жанынан ашылған
жеті жылдық мектеп болды.


1850 жылы осы Орынбор Шекаралық комиссиясы
жанынан тағы бір азаматтық мектеп ашылды. Жұмыс істеген
19 жыл ішінде ол 48 адамды оқытып шығарды. 1857 ж. бұл
мектепті Ы. Алтынсарин табысты бітіріп шықты.
Бастауыш жəне орта оқу орындары шəкірттерінің
құрамында қазақ балаларының саны шамалы ғана болғанды.
Айталық, 1911 ж. Верный ер балалар гимназиясында 316 орыс
жəне бар болғаны 10 ғана қазақ баласы оқыды. 1912 ж.
мəліметтері бойынша Сырдария облысында 56 орыс-жергілікті
халық училищесі болса, оларда 3 мың жергілікті тұрғьшдардың
балалары білім алды. Ал бұл олардағы барлық оқушылар
санының 2 процентін ғана құрады.


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ 
Бір жағынан қазақ қоғамының дəстүрлі негіздерінің талқандалуы
жəне екінші жағынан — жаңақоғамдық-экономикалық қатынастардың
қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып
келді. Еңбектің қоғамдық белінуінің тереңдей түсуі халықтың мəдениеті
мен рухани өміріне шынайы əсер етті. Қазақстан Ресейдің, Англияның,
Францияның жəне басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде
қалған, сөйтіп, өлкені өнеркəсіптік-көліктік, саудалық жəне басқа
тұрғыдан игеру ийтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника,
мəдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи
болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санада берік
орнықты. Халықтың неғұрлым оқымысты өкілдері мүғалімдердің ұлы
міндетін əз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен
олкенің мəдениетін дамытуға ат салыса бастады. Бұрынғы салттар-ды,
дəстүрлерді, əдет ғұрыптарын сақтау жəне жаңадан жаңғырту үшін
қажетті кеңістіктер едəуір шектелді, бірақ сонымен бірге жаңа
əлеуметтік-мəдениеттік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР:

Т.С.Садықов, Ə.Т.Төлеубаев, Ғ.Халидуллин, Б.Сəрсекеев.Ежелгі 
Қазақстан тарихы.А., Атамұра, 2006 ж., 160 бет.

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 4 том.

Сайт беттері: Wikipedia, sachok.kz.

Мұратхан Қани.Қазақстанның көне тарихы.

Ж.О.Артықпаев, Ə.Б.Пірманов.Қазақстан тарихы.А., Атамұра, 
2008 ж., 544 бет.

Қуатов Б. Отанымыздың тарихы туралы саяси əңгіме. А., Білім, 
1993 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет