Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бері Қазақ хандығының құрылуында жетекші рөл атқарған екі тұлғаның – Керей мен Жəнібектің есімдері анықталып, белгілі болған. В.В. Вельяминов-Зернов алғаш рет Оразмұхаммед ханның шығу тегін анықтау барысында «Тарих-и Рашидидің» мəліметтерін айналымға енгізе отырып: «Қазақтар туралы (В.В. Вельяминов-Зернов қырғыз қайсақтар деп жазады – Б.К.) «Тарих-и Рашидиде» Мұхаммед Хайдар айтқан мəліметтер хижра бойынша 860 жылдан 944 жылға дейінгі, яғни 1456 жылдан 1537/1538 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осы 80 жыл ішінде Мұхаммед Хайдар бойынша қазақтардың ең басты тұлғалары: жошылық Керей мен Жəнібек, Керейдің ұлы Бұрындық, Жəнібектің ұлдары Əдік пен Қасым жəне Əдіктіңұлы Тахир болды», – жазған-ды [105, 228–229-б.]. Міне, осы кезден бастап Керей мен Жəнібек хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі анықталып, қазіргі күндерге дейін оны ешбір зерттеуші теріске шығармай, керісінше, оны зерттеушілердің бəрі бірауыздан мойындап отыр. Олай болса, осындай тарихи тұлғалардың өздеріне жеке тоқтап, олардың шығу тегіне, ата-бабаларына, жеке өміріне, хандықты құру ісіндегі іс-əрекеттеріне қатысты мəселелерге арнайы тоқтап өту арқылы олардың қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөліне назар аударалық.
Осылайша, қарастырып отырған шығарманың авторы жөніндегі зерттеушілердің тұжырымдарын талдай келе мынадай қорытындыға келеміз.
Осылайша, қарастырып отырған шығарманың авторы жөніндегі зерттеушілердің тұжырымдарын талдай келе мынадай қорытындыға келеміз.
Біріншіден, «Тауарих-ий гузида-йи нусрат-наме» жəне ХVІ ғасырдың басында жазылған басқа да Шайбани-ханды мадақтап, дəріптейтін тарихи шығармаларға əлі де болса жеке кітап күйіне жеткізілмеген тарихи жазба негіз болған.
Екіншіден, ол тарихи жазбаның бір бөлігін Мұхаммед Шайбани-ханның өзі жазса, қалған бөліктерін Шайбани-ханның қатысуымен немесе айтуымен басқа авторлар жазған. Сөйтіп шығарманың жазылуына Мұхаммед Шайбани-ханның қатыстылығын осылай анықтаймыз