Байланысты: Нарықтық экономикаға өту кезенінде республикада болып жатқаң әлеуметтік
Нарықтық экономикаға өту кезенінде республикада болып жатқаң әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және олардың даму немесе кему жағдайын анықтау үшін жалпы мемлекеттік саясаттың жүргізілуі мен орындалуың қамтамасыз ету үшін көп салалы халық шаруашылығың басқару үшін түрлі статистикалық мәліметтер қажет.
Мұндай мәліметтер кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, шаруашылықтардың, кооперативтер мен фермерлік шаруаш-ың және т.б. әр түрлі есептеу жолдары арқылы,яғни оперативтік жедел ббухгалтерлік және статистикалық есеп беру жүйелер арқылы жинақталады, өңделеді және оған талдау жасалынады. Бірақ осы аталған есеп түрлерінің әрқайсысың алдарына қойған мақсаты мен есептеу әдістемелеріне қарай өздеріне тән ерекшеліктерің жеке-жеке қарастырайық:
Оперативті жедел немесе оперативті –техникалық есеп.
Оның негізгі мақсаты сол кәсіпорындардың, шаруашылықтардың, бірлестіктер мен ұйымдарждың бөліктері менцехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне, яғни өндірілген дайын өнімдер мен сапасына; жартылай даярланған фабрикаттар мен тетіктердің дайындалуына; шикізаттар мен материалдың жұмсалуына , енбек құралдарының және т. Б. Операциялардыңжүргізілуіне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізіледі.
Оперативті-жедел есеп арқылы алынғаң көрсеткіштеркүнделікті орындалған шаруашылық операц-ың жұмыс бабың, олардың дұрыстығың қадағалап отыру және басшылық жасау үшін қолданады. Егержұмыс барысында түрлі себептер мен кемшіліктер кездесетің болса, онда оны түзету үшін арнайы шешімдер қабылдауға және іс жұзінде оны жүзеге асыруға көмектеседі.
Оперативті есептін көрсеткіштері бастапқы құжаттар бойынша немесе телеграф, телефон арқылы жинақталады. Сондықтаң оны дер кезінде берілетің жедел есеп деп те айтады.
Бухгалтерлік есеп.
Есептін бүл түрі барлық кәсіп орындарда, мекемелерде, үйымдарда, шаруашылықтарда жүргізіледі. Бух.есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және т.б. бойынша ақша қаражаларының қозғалысынөндірілген өнімнің өзіндік құның, материалдық шығындар мен оның пайдалануың, енбек ақымөлшерін, кіріс пен шығыс және т.с.с. көрсеткіштердің нақты есебі жүргізіледі. Бүл есепте көрсетілетің көрсеткіштер ресми құжаттарға сүйеніп жинақталады.Басқа есептермен салыстырғанда, оның ерекшелігі құжаттылығында және ондағы көрсеткіштердің барлығы ақшалай өлшем бірлігіне айналдыру арқылы көрсетілетіндігінде.
Бух.есептің негізгі мақсаты жүйелі түрде бірінғай ережелер мен әдістерді қолдана отырып шаруашылық операциялары туралы мәліметтерді жинақтайды.Басқаруға қажет болатың көрсеткіштерді өз ішінде қолданады және сол арқылы белгілі бір шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Есептің бүл түрінің негізгі әдістері мыналар: бух. баланс, тіркеу, бағалау, калькуляциялау.
Статистикалық есеп.
Бұл есепте қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процесстердің барлық сандық көрсеткіштері мен сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады,өздеріне тәң белгілеріне қарай әр түрлі топқа бөлінеді және оғанталдау жасалынады.Бұл есептің негізгі мақсаты халық шаруашылығы салаларың дүрыс басқарып , материалдық игіліктерді өндіру және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті мәліметтерді жинақтап, өңдеп, дер кезінде Үкімет қарауына беріп отыру.
Статистикалық есептің басқа есептермен салыстырғанда өзіне тәң ерекшеліктері мен есептеу әдістері бар. Олар : мәліметтерді жинау, топтау, өңдеу, талдау және нақты, қатысты, орташа шамалармен бірге индекстік, графикалық, баланстық, корреляциялық әдістері қолданатылығында.
Бухгалтерлік және оперативтік есептер әрбір кәсіпорындарда болып жатқан жеке фактіні тіркейді. Ал статистикалық есеп жалпы жиынтықтың қортындысың шығарады.
Сондықтан бұл қортындылаушы есеп болып саналады және берілген көрсеткіштердің манызына қарай түрлі (табиғи, ақшалай және еңбек) өлшем бірліктерімен өлшенеді. Сонымен бірге қатысты шама ретінде коэф-пен немесе процентпен көрсетіледі.
Сонымен, есеп пен статистиканың біртұтастығың төменде берілген зандылықтардаң көруге болады:
барлық кәсіпорындарда жүргізілетің есеп жұмыстары мен оны толтыру әдістемелерінің бірегей болуы .
есептің бұл үш түрі әрқашанда бірін-бірі толықтырып отырады және олардың арасында алалық, қайшылық, жоспарлылық жоқ, олардың арасында көрсетілген көрсеткіштер бірімен-бірі тығыз байланыста болады
бастапқы есеп құжаттарының біркелкілігі және оның негізгі ретінде барлық есептер үшін бастапқы құжаттар арқылы қөрсеткіштер есепке алынады.
Қазақстанда статистика органы тұнғыш рет 1919ж. « Далалық өлке статистикалық басқармасы» ретінде құрылып, оның міндеті мен қызметі түралы ереже бекітілді. Содан кейін статистика органың ұймдастыру жүйесінде бірнеше рет өзгерістер болды. Мысалы:
1930ж. Статистика басқармасы жоспарлау комитетімен біріктіріліп , онда халықшаруашылық есеп бөлім құрылды.
1931ж. Желтоқсан айында жоспарлау комитеті жанындағы Орталық халық шаруашылық есеп басқармасы болып қайта құрылды.
1941ж. Жоспарлау комитетінің орталық статистика басқармасы болып өзгерілді.
1948ж. ҚР Министілер Советі жанындағы Орталық статистика басқармасы болып қайта құрылды.
1987ж. Тамыз айында Орталық статистика басқармасы ҚР-ң Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті болып өзгерілді.
1995ж. ҚР-ң Статистика және талдау жөніңдегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды.
1996ж. -29 қазанда ҚР Президентінің жарлығымен ҚР-ң Ұлттық статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды.
Кәзіргі кезде ҚР-ң Ұлттық статистика агенттігі елдің мемлекеттік статистикасына басшылық ететін оның бүкіл аумағында статистикалық қызметің мазмүны мен сипатын айқындайтың , мемлекеттік органдарың,занды түлғалар мен жеке кәсіпкрлердің қажетің статистикалық және экон-ық деректерге деген мұқтажың қанағаттандыратың орталық орган б.т.
Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігіне облыстық, қалалық, аудандық статистика органдары қарайды.
Бұл органдар атқаралық жатқан жұмыстардың нәтижесіжайында жиі-жиі хабар беріп отырады.
ҚР-ың Ұлттық Статистика Агенттігі және оған қарасты үйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату ҚР-ң заңдарында белгіленген тәртіппең жүзеге асырылады.
Мемлекеттік Ұлттық Статистика Агенттігінің міндеттері мен атқаратың қызметтері.
ҚР Үкіметінің 1996жылғы 18 қантардағы қауылысы бойнша ҚР статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті туралы Ереже бекітілген.Осы көрсетілген Ережеге сайкес статистика органдары өз жұмыстарын ұйымдастырып және мұнда оның негізгі міндеттері мен атқаратын қызметтерінанықтайды.
Ұлттық статистика агенттігінің міндеттері.
ҚР Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттерімыналар: стат-қ әліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан экон-ық және әлеуметтік процестер мен олардын даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту мен талдау; стат-а саласындағы жалпы мәліметтік саясаттын жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету;
ҚР егемен мемлекет ретінде сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, объективтілігі мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
Халықаралық ережелер менстандарттарға сай статистикалық деректердің әдістемелік саластырмалылығың қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Мемлекеттік өкімет пен басқару органдарың , қоғамға жүйелі түрде республикада б.ж. әлеуметтік-экономикалық процесттер мен құбылыстар туралы мәліметтер, статистикалық ақпаратты тарату,өзара статистикалық ақпарат алмасып отыру.
Ұлттық статистика агенттігінің атқаратын қызметі.
ҚР ұлттық статистика агенттігі жоғарыда жүктклген міндеттерге сәкес мына шараларды жүзеге асырады:
Республикада қолданып жүрген стат-ң құқықтық негізін қамтамасыз ететін зандар және нормативтік актілердің жаңа жобаларын жасайды және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҮкіметке ұсыныстар түсіреді;
Ұлттық статистика агенттігі бекітетін бағдарламалар мен статистикалық нысандар негізінде мемлекеттік есеп беру , бір жолғы есепке алу, санақ өткізу;
Елдегі статистикалық қызметті үйлестіреді;
Статистика агенттігін жетілдіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шараларының орындалуын ұйымдастырады және т.б.;
Ұлттық статистика агенттігінің құқығы.
ҚР қолданылып жүрген зандарына сайкес, алдына қойған міндеті мен жүктелген қызметіне қарай Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігінің мынадай құқы бар:
Қаржы, банк, кеден, құқық қорғау және өзге де органдар мен қызмет орындарын қосқанда, меншік түрі мен ұйымдар құқықтық нысанына қарамастан,ел аумағында жұмыс істейтін заңды тұлғалар мен жеке әсіпкерлердін,одан тысқары жерлерден жұмыс істейтін резидентерден статистика агенттігі белгіленген көлемі мен мерзімінде дұрыс статистикалық деректер алуға;
Халық арасында статистикалық бақылау жүргізуге және азаматтардан статистика мақсаты үшін қажетті деректерді алуға;
Қажет болған жағдайда бастапқы және жиынтықты статистикалық деректердін дұрыс-бұрыстығын тексеруге қүқы бар;
Шаруашылық шарттары бойынша беймділік тақырыптама жөнінде статистикалық, талдамалық, ақпараттық-есептеу және өзге жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ белгіленген тәртіппен статистикалық ақпараттың заңды және жеке түлғаларға өткізілуін жүзеге асыруға;
Мемлекеттік статистикалық бақылауларды жүргізуге белгіленген тәртіппен лауазымды адамдарды тартуға және т.б.