Еңбектің ғылыми зерттеулердегі маңызы жөнінде, қазіргі уақытта Қазақ хандығының құрылу тарихын методологиялық тұрғыдан талдап, зерделеп жүрген белгілі ғалым Б.Б. Кәрібаев
Еңбектің ғылыми зерттеулердегі маңызы жөнінде, қазіргі уақытта Қазақ хандығының құрылу тарихын методологиялық тұрғыдан талдап, зерделеп жүрген белгілі ғалым Б.Б. Кәрібаев:
«…осы еңбектен бастап ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақ хандығы мен Қазақ хандарының шығу тегі мәселесі ғылыми түрде күн тәртібіне қойылып және күні бүгінге дейін тарихшылардың зерттеулеріне негіз етіп алынуда. В.В. Вельяминов-Зерновтың еңбегінің ғылыми құндылығы әлі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтқан жоқ. Сондықтан да ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақ хандарының тарихы мәселесімен айналысатын зерттеушілер бұл еңбекті айналып өтпейді»
— деген пікір білдірген еді.
Сол себепті де, біз В.В. Вельяминов-Зернов еңбегінің орта ғасырлық Қазақстан тарихы туралы мағұлмат беретін екінші кітабына кеңінен тоқталып өтеміз. Екінші кітап – 1567 мен 1610 жж. Қасым хандығында билік құрған үш хан – Сайн Болат, Мұстафа Әли мен Ораз-Мұхаммедке арналған. Нақтырақ айтқанда екінші кітаптың үшінші тарауы, яғни 97-498 беттер аралығын қамтып, барлығы 401 бет Қасым хандығының ханы, қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед пен оның бабаларына арналған. Ғалымның өзі бұл тараудың маңыздылығы жөнінде, жоғарыда аталған еңбектің бірінші кітабының арнайы кіріспесінде: «Осы Қасым хандары мен өзге хан, сұлтандардың шығу тегін іздестіруім, менің ойымша нәтижесіз болмады. Себебі, бұрынғы қырғыз-қайсақ сұлтаны, кейін Қасым ханы болған Ораз-Мұхамедтің шығу тегін зерттеу барысында, оның нақты және жалпы шығу тегін ғана емес, сонымен қатар Орынбор және Сібір ведомстваларына кіретін Қайсақ ордасының қалыптасуы, біртіндеп династияның дамуындағы Қырғыз-қайсақ хандары мен сұлтандары туралы мәлімет таптым» деп, Қазақ хандарының тарихын және хандықтың қалыптасу тарихы жөнінде мәліметтер баяндалатыны жөнінде тоқталып өткен.