Жоспар: Қазақ-жоңғар қатынастары



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі30,53 Kb.
#118956
1   2   3   4
Байланысты:
Мәнжазба жаңа заман Молдаш А

Алапат жеті жылдай не жай қойсын
Айрылдық ауыр дәулет мың жайсаңнан
немесе:
Қаратау, қош аман бол, ата мүлкі, 
Малменен, елмен екен жердің көркі. 
Тәңірінің тағдырына көнбейміз бе? 
Дәм бітсе, дем сағатта өлмейміз бе? 
Баласы үш момынның қоныс ауды, 
Қош енді көреміз бе, көрмейміз бе?
Сондай-ақ,
Желектің жібегі еді жігіттері, 
Қалтырар қалжаураса иектері. 
Шұбырып аш-жалаңаш тозған қазақ
Қалады қайсы жұртта сүйектері.
Ақ орда артта қалды сарайлары, 
Ағарар артын ойлап самайлары.
Қаңғырып жүргенінде көп қазақтың,
Көмусіз қала ма, Алла, талайлары?– деген өлең жолдары халық жадында сақталған қасіретті кезеңнің қандай болғанын айқын байқатады.
Жоңғар ханы Цеван Рабтан қазақ жеріне найза, садақпен емес, отты қарулар – зеңбірек, мылтық, қаруланған қолымен басып кірді. Жоңғарлар жетілген отты қару жасау, картография өнерін 1715 жылғы орыс-жоңғар соғысы кезінде біраз солдатпен бірге қолға түскен шведтік инженер офицер И.Г.Ренаттан үйренген болатын. Бұл зобалаң тұста қазақтардың жүз мыңдай қолы шығынға ұшырап, ел ұл-қыздарынан айрылып, мал-мүлкі талан- таражға түсті. Атажұрт, атақонысынан ауып, жаппай босқыншылықа ұшырады. Қазақ тарихындағы бұл ұлы басқыншылық этностың санасында өшпестей сақталып, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»деген тарихи фразеологизм осылай қалыптасты.
Ұлы жүз, Орта жүз қазақтарының Қаратау асып, Сырдан өтіп, Алқакөлде қырғынға ұшыраған жері «Алқакөл сұлама»;Кіші жүз қазақтарының Қаратаудан Түркістанға келіп, одан Сауранды айналып, Бұхараға бет түзеген шұбырынды көшін «Сауран айналған», ал, Орта жүздің бір бөлігі Қаратаудан Солтүстікке қарай ауған шұбырынды жолы «қайың сауғанда, ел ауғанда»деп келетін фразеологизмдерде көрініс тапты. Негізгі асы ет пен сүт болған босқын қазақтар қайыңның қабығын тіліп, шырынын ішуге, алғыр (ащы өсімдіктің тамыры), қозықұйрық (саңырауқұлақтың түрі) сияқты жеуге жарамды шөптесін өсімдіктерді талғажау етуге дейін мәжбүр болды. Бұл оқиға қазақ тарихындағы ел айырылысқан ауыр шақ қана емес, көршілес қырғыз халқы да жоңғарлардың шапқыншылығына ұшырап, атақонысынан Ғиссарға ауа көшті. Осы жайтқа байланысты қалыптасқан «Қазақ қайың сауғанда, қырғыз Ғиссар ауғанда» деген тарихи фразеологизм аталмыш оқиғаның екі халықтың тағдырына үлкен ауыртпалық әкелгендігін айғақтайды. Сөйтіп, Қазақ хандығы (XV ғ.) түрінде мемлекеттілігін қалыптастырған қазақ халқына 1723-1725 жж. елдігінен айырылып тарих бетінен мүлде жоғалып, шағын этностық топқа айналу қаупі төнді. Алайда, экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық ауыр дағдарысқа ұшырап, есеңгіреген қазақ елі етек-жеңін тез арада жинап, жаумен шайқас майданына шықты. Ар-намысы аяққа басылып, ақтабан болса да, бірақ қазақтар жағы өзінің елдігін, тұтастығын жоймайды. 1726 ж. Әбілқайыр, Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Наурызбай, Жәнібек, Малайсарыжәне басқа да сұлтандар мен батырлар бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында қалмақтарға қарсы тегеурінді соққы берді. 1727 ж. қазақтар Қаратауды қайтарды. Хан тауына Орда тігіп, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. 1729-1730 жылдары қазақтың қарулы қолы қалмақтарды қатты қырғынға ұшыратып, бас көтертпей тастады. Осындай ұлы күрестің нәтижесінде қазақтар өзінің елдік сипатын, халықтық қасиетін қалпына келтіріп, атажұртын сақтап қалды.
Кеңестік тарихшылардың дереккөздері
Кеңес ғалымдары “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасын интерпретациялауда қандай еңбектерге иек артты? Зерттеушілердің 1720-жылдардағы тарихи оқиғаны сипаттауда қолданған материалдарының саны өте шектеулі болды. Шын мәнісінде, “Ақтабан шұбырынды” оқиғасына қатысты қағазға басылып, жарыққа шықпай қалған материалдар көп емес. Кеңес тарихшылары негізінен Алексей Левшиннің, Шоқан Уәлихановтың және Василий Бартольдтің еңбектерін басты дереккөз ретінде қолданды.
Левшин 1832 жылы жазылған «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей» деген еңбегінде “Ақтабан шұбырынды” оқиғасына қысқаша ғана тоқталып кетеді. Онда ол “Ақтабан шұбырынды” қасіретін қазақтарды Ресей империясының құрамына қосуға алып келген тарихи оқиға ретінде көрсетеді. Сөзінің дәлелі ретінде ол Орынбор генерал-губернаторы Неплюевтің архивіндегі материалдарды және Кіші жүзді Ресейдің боданы болуға көндірген ресейлік эмиссар Тевкелевтің 1730 жылы жазылған есебін келтіреді. Левшиннің мәтіні “Ақтабан шұбырынды” оқиғасын кеңестік тұрғыда интерпретациялаудың негізін қалады деуге әбден болады. Өйткені оның бұл жазбасына кеңес зерттеушілері өте көп сілтеме жасаған. Алайда, Левшиннің “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының қазақ идентификациясындағы орны мен қайғылы оқиғаның ұлттың тарихи жадында сақталуы және аңызға айналуы туралы ешқандай пікір білдірмегенін айта кету керек.
Хан ұрпағы әрі орысшыл ғалым Ш.Уәлиханов өзінің арғы атасы Абылай ханның “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдарынан кейінгі ерлігіне арналған қысқаша энциклопедиялық еңбегінде оқиғаның қазақ халқының өміріне жалпы әсерін сипаттайды. Уәлихановқа оқиғаның детальдарына, нақты себептері мен салдарына тоқталудан гөрі аштық пен мыңдаған адам шығынының халық өміріне жалпы әсері және қайғылы жайттардың Абылай ханның қайсар мінезін қалыптастырудағы рөлі жайлы жазу маңыздырақ болды. Уәлиханов өз зерттеуінде Левшиннің еңбегіне және де халық арасындағы ауызба-ауыз тараған әңгімелерге сүйенгенімен, ешбір дереккөзге сілтеме жасамайды.
Бартольд «Памятная книжка Семиреченской области» еңбегінде “Ақтабан шұбырынды” оқиғасына қысқаша ғана тоқталады. Ол оқиғаны Ресей империясының жоңғарлармен жақсы қарым-қатынасқа ниетті әрекеттері контексінде сипаттайды. Бартольдтің жазуынша, жоңғарлар 1722 жылы Цинь билеушісі қайтыс болғаннан кейін Ресеймен саяси одақ құруға еш ықылас танытпаған. Оның пікірінше, Унковскийдің Сырдария жазығындағы шайқаста жоғарлардың қазақтарды жеңуі туралы есебін оқыған соң, І Петр жоңғарлардың саяси еркіндігінің артқанын түсінген. Сондай-ақ, Бартольд Левшин мен зерттеуші-тактик әрі лейтенант-полковник А.И.Макшеевтің еңбектеріне сілтеме жасайды. Макшеев Бартольдтің еңбегі шығардан аз уақыт бұрын көпшілікке беймәлім Йохан Густаф Ренаттың өмірбаяны мен Орта Азияның карталарына арналаған мақала жазады. Ресейдің қолындағы швед тұтқыны – Йохан Густаф Ренат Ертіс өзені маңындағы орыстар үшін сәтсіз аяқталған жоңғарлар мен Ресей әскері арасындағы шайқаста жоңғарлардың тұтқынына түседі. Ренаттың кейін Еуропаға алып барған картасы XVIII ғасырда еуропалықтардың қолында болған Орта Азия мен Шығыс Түркістан карталарынан әлдеқайда дәл әрі нақты болып шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет