Жоспар: Қазақ-жоңғар қатынастары


-30-жылдардағы интерпретация



бет3/4
Дата18.10.2023
өлшемі30,53 Kb.
#118956
1   2   3   4
Байланысты:
Мәнжазба жаңа заман Молдаш А

1920-30-жылдардағы интерпретация
Кеңес тарихнамасында «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы тарихшы Александр Чулошниковтың 1921 жылы Мәскеу Археологиялық институтының Орынбор филиалындағы дәрістерінен басталады. Чулошниковтың “Ақтабан шұбырынды” оқиғасына қатысты ойлары кеңестік тарихнамада қате баяндау мен бұрмалап сипаттау үрдісіне жол салды. Чулошников өз еңбегінде мүлдем екі бөлек оқиға туралы жазады. Бірі – 1512 жылы болған “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы болса, екіншісі 1723 жылғы қазақ-жоңғар соғысы. “Ақтабан шұбырынды” тіркесін Чулошников Әбілқайыр ханның ұрпағы әрі заңгер Бақытжан Қаратаевпен болған әңгімелердің негізінде қолданады. Жоңғарлардың басқыншылық шабуылынан кейін Кіші жүз ханы Әбілқайыр Тевкелевтің қолдауымен Ресей империясының құрамына кіреді. Кейінірек Мұхамеджан Тынышпаев Чулошниковтың жұмысын өткір сынға алады. Чулошников 1723 жылғы қазақ-жоңғар соғысын тікелей Левшин мен Шоқан Уәлихановтың еңбектеріне сүйене отырып сипаттайды. Бір қызығы, Тынышпаев Чулошниковтың еңбегін қатты сынай отырып, оның “Ұлы қасірет” (“Это было поистине великое народное бедствие”) деген тіркесін өз еңбегінде «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына қатысты кеңінен қолданады.
Санкт-Петербургтегі Теміржол институтын тәмамдаған соң М.Тынышпаев Ресейдің отарына айналған Орталық Азияда инженер ретінде қызметке кіріседі. Қызмет ете жүріп ол Орталық Азия халықтары арасындағы ерекше жақын байланысты байқайды. Сол кезеңде оның «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын сипаттайтын мақаласы жарық көреді. Мақалада Тынышпаев «Ақтабан шұбырынды» қасіретін арғы атасы – Жомарттың басынан өткерген оқиғасының негізінде баяндайды. Жоңғар шапқыншылығының алдында ғана жылқыларын піштірген Жомарттың тоғыз баласы қашуға мүмкіндіктері болмай, түгелімен қазаға ұшырайды. Тынышпаевтың әкесінің айтуынша, Жомарттың бір келіні сәбиін киіз үйдегі қазанның ішіне жасырып, өзі тау етегіндегі қалың шөптің арасына тығылып аман қалады. Өз руластары әлі күнге дейін жылқыларын сәуірде піштіретіндіктен, Тынышпаев “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы 1723 жылдың сәуірінде болған деп топшылайды. Кейінірек кеңестік зерттеушілер “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы 1723 жылы болды деп жазғанымен, ол датаны анықтаған Тынышпаев екендігін ескермеді, кейде оны ұмыт қалдырса, кейде тіпті жоққа шығарды.
1930-жылдары Ш.Уәлиханов, М.Қаратаев секілді хан ұрпақтарымен қатар Санжар Асфендияровтың да қазақ тарихына қатысты еңбектері жарық көреді. Покровскийдің ізімен Асфендияров қазақ тарихын марксистік теорияның парадигмасына сәйкестендіріп жазады. Қысқаша айтқанда, Асфендияров таптар арасындағы тартыстарға баса назар аударды. Бұл тәсіл Маркстің тарихи даму сатылары мен қазақ даласындағы экономикалық қатынастарды өзара байланыстыруды қажет етті. Жалпы, Асфендияров “Ақтабан шұбырынды” оқиғасын 1738 жылы болды деп хронологиялық қателік жібергенімен, қасіретті оқиғаны сипаттауда тарихты марксистік теория тұрғысынан қарастыруды ұнатпаған Бартольд пен Тынышпаевтың стиліне сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет