Социология ғылым ретінде.Социология нені зерттейді,оның рөлі,ғылыми негізі.
Жоспар:
1.Әлеуметтік ұғымы мен қалыптасуы
2.Әлеуметтанудың категориялары мен маңызы
3.Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен деңгейлері
4.Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері және ғылыми негізі
1.Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары осы ғылымның пәндік ерекшеліктерін түсіндіретін бастапқы ұғым болса,әлеуметтік заңдылықтар оның мәнін ашатын қажеттілік болып табылады.Әлеуметтік-нақты уақыт пен белгілі бір орында жеке тұлғалардың немесе жеке адамдар топтарының бірігу нәтижесінде істеген іс-әрекетінің процесі нәтижесінде ықпалдасқан сол қоғамның қоғамдық қарым-қатынастарының жиынтығы.Сонымен қатар,әлеуметтік-бұл әртүрлі жеке адамдардың біріккен қызметінің нәтижесі.Әлеуметтік-адамдардың өзара әрекеттерінің барысында пайда болады,нақты қоғамдық құрылымда олардың алатын орны мен рөлін анықтайды.Әлеуметтік ұғым осы аталған іс-әрекеттерді,процесстерді анық,айқын түсіндіреді.Әлеуметтанудың категориялары мен заңдарына тоқталсақ.Негізгі категорияларының біріне «әлеуметтік қауымдастық» жатады.Әлеуметтік қауымдастық-индивидтер мен кез келген тұлға топтарының қосындысы ғана емес,керісінше,ол тұрақты әрі тұтас жүретін әлеуметтік құрылым.Оның мақсаты ортақ мүддемен бірігіп және өзара бір-бірімен әрекет етуі.Осылайша бірігіп әрекет ету нәтижесінде әлеуметтік қарым-қатынастар қалыптасып,қоғамда әлеуметтік сала ерекшеленеді.Қоғам демекші,әлеумет пен қоғам бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар,синоним десек те болады.Бұл тұрғыда әлеуметтанудың тарихындағы зерттеулерге көз жүгіртіп өтсек.Әлеуметтану туралы көптеген мәселелер қозғаған К.Маркс пен Ф.Энгельс.Олар қоғам туралы теория жасай отырып,қоғамның тіршілік әрекеттерінің,қоғамдық қатынастардың өзара әрекеттеріне баса көңіл аудара отырды,ал кейбір марксшіл ғалымдар «қоғамдық» және «әлеуметтік» ұғымдарын бір мағынада қолданатын болды.Артынша,бұл екі ұғым бір мағынада қолданылуын тоқтатып,синоним ретінде қарастырыла бастады.Әлеуметтанудың бірте-бірте дамуымен байланысты «әлеуметтік» ұғымы өз алдына жеке дара маңыздылыққа ие болды. Әлеуметтану біржарым ғасыр аралығында өмір сүріп жатыр. Осы аралықта әртүрлі социологиялық ағымдар, бағыттар, мектептер қалыптасты. Олардың әрқайсысы өз пән саласын айқындады және оны белгілі танымдық нәтижилер шектеулерінде жетті.Біздің елімізде әлеуметтік зерттеулерді жан-жақты қарастыра отырып әлеуметтануға идеологиялық – апологетикалық роль берілді. Әлеуметтану – қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда — еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.
2.Әлеуметтанудың категориялары мен маңызы.Әр ғылымның өзіндік категориялары мен заңдары бар.Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшеліктерін нақты түсіну үшін бастапқы ұғым болып саналады.Ал әлеуметтік заңдылықтар оның мәнін ашатын қажетті ұғым болып табылады.Әлеуметтанудың мазмұны жағынан терең,әрі кең мынадай категориялары бар:әлеуметтік жүйе,әлеуметтік ұйым,әлеуметтік топ,әлеуметтік әрекет,әлеуметтік мінез құлық және т.б.Сонымен қатар,әлеуметтанудың маңызды категорияларының қатарына әлеуметтік теңдік (немесе теңсіздік), әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік еркіндік, тағы басқа да ұғымдарды жатқызуға болады. Осылайша,әлеуметтанудың категориялары осы ғылым обьектісінің мәнді жақтарын, белгілерін, қасиеттерін көрсетеді. Әлеуметтануға өзіне тән категориялардан басқа да өзге ғылымдардан енген категориялар да бар және қолданылады.Мысалы, философиядан әлеуметтануға «қоғам,адам,құқық,индивид,прогресс,даму» т.б. категориялар енді.Ал театр өнерінен – «рөл»,заң ғылымынан – «статус» ұғымдары енді.Бұндай ұғымдарды әлеуметтану аясында қолдану ол ұғымдарды жаңа мазмұнмен байланыстырып,байыта түседі.Әлеуметтанудың заңдарына келетін болсақ,әлеуметтанудың заңдары категориялардан туындайтын тұрақты қарым-қатынастар мен байланыстарды ашып көрсетеді.Әлеуметтік заңдар адам қызметінің барлық саласын ,жалпы қоғам немесе оның бөлімдері арасында қолданылып,осының барлығын қамтиды. Барлық ғылыми заңдар сияқты әлеуметтік заңдардың да мынандай негізгі белгілері бар:
1.Кез келген жағдай болғанда, яғни сол уақытта ғана әрекет ететін заң.
2.Кез келген жағдайларға қарай әрқашан әсер ететін заң.
3.Толығымен емес, жартылай және шамамен жүзеге асатын жағдайда әрекет ететін заң.
Заңның іс-әрекетіне талдау жасап,оның мазмұнын тұжырымдағанда бұл белгілердің зерттеушілер үшін маңызы өте зор.Әлеуметтік заңдар мен адамдар арасында тұрақты түрде байланыс орнатылып отырады.Әлеуметтанушы әлеуметтік заңды ашқанымен,әлі ешкім білмейтін құбылыстардың,белгісіздіктердің пердесін аша алған жоқ.Керісінше,адамдар әлеуметтік заңдардан өздерінің күнделікті өмірдегі белгілерін көреді,әрдайым сол заңдардың көріністерін өз тәжірибелерімен салыстырып отырады. Әлеуметтік заңдар әлеуметтанудың қоғамда атқаратын міндеттерін жүзеге асыруға үлкен ықпал етеді. Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.Әлеуметтік заң – бұл әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік әлеуметтік әрекеттерінің жалпы және қажетті байланыстарын айқындауы.Әлеуметтік заңдар тек үлкен адам бұқарасы қамтылған жағдайда ғана айқындалады және статистикалық сипатқа ие болады.
3. Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен деңгейлері.Әр пән,әр ғылым қалыптасудан,құрылымнан және деңгейлерінен тұрады.Әлеуметтану білімінің құрылымы-қоғамдық құбылыстар мен процесстер жөніндегі ақпараттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес.Бұл-ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жөніндегі білімнің бәлгілі бір тәртіпке келтірілуі.Аталған құрылым-әлеуметтік түрлі деңгейдегі процесстер,жеке адамдар,әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер,ұғымдар,көзқарастар және теориялар жүйесі. Әлеуметтанудың негізгі түсініктері мен ғылыми білімі дәлірек айтсақ оның құрылымы көптеген жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасып,дамиды.Соның ішінде әлеуметтану зерттейтін обьектілер шеңбері ,ғылыми нәтижелер мен қорытындылардың тереңділігі мен ауқымдылығы ерекше болып саналады.Әлеуметтану ғылымының зерттеу шарттарына қарай,әлеуметтану білімі құрылымының бірнеше салаларын атап өткен жөн.Мысалы, өндіріс ұжымдарының,формалды емес топтар мен ұйымдардың ,сонымен қатар жеке тұлғааралық қатынастардың кішігірім топтары мен жекелеген тұлғалардың тіршілік әрекетіне байланысты ғылыми түсініктер,көзқарастар,теориялар жиынтығы болып қалыптасқан. Әлеуметтану ғылымының құрылымында әлеуметтанулық көзқарастар мен теориялар ашып көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді ажыратып,бөліп көрсетуге болады.Әлеуметтік білімнің деңгейлеріне мыналарды жатқыза аламыз:
-жалпыәлеуметтанулық теориялар немесе жалпытеориялық әлеуметтану
-арнайы әлеуметтанулық теориялар,бұларды кейде жеке теориялар деп те сипаттайды
-нақты әлеуметтанулық зерттеулер.
Қоғамдық құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын қорытындылардың маңыздылығын әлеуметтану ғылымының осы аталған үш деңгейінің өзгешеліктері байқатады. Жалпыәлеуметтік теориялар деңгейіне кез келген әлеуметтік құбылыстардың пайда болуы мен одан әрі жалғасуының аса түбегейлі себептері,қоғам дамуының қозғаушы күштері,т.б. жөнінде ғылыми тұжырымдар жасалды.Жалпытеориялық деңгейде адамдардың қоғамдық,соның ішінде өндірістік теориясы қалыптасады,қоғам дамуындағы еңбектің рөлі ерекшеленеді.Арнаулы немесе жеке тұлғалық әлеуметтанулық қағидалар-социум өмірінің жеке бағыттарын,жеке әлеуметтік топтар мен институттарды қарастырады.Бұл теорияның танымдық мөлшері, көлемі жалпыәлеуметтанулық теорияларға қарағанда қысқа, әдетте қоғамның жүйешелерімен ғана шектелген. Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады.
4.Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері және ғылыми негізі.Басқа да пәндер ,басқа да ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының да қоғам алдында орындайтын,атқаратын қызметтері,міндеттері бар.Оның негізгі қызметі-әлеуметтік құбылыстарды зерттеу арқылы олардың мәні мен мазмұны жөніндегі тұжырымдардан,басқа құбылыстармен байланысынан,даму заңдары мен оларлың сипаты жөнінде жаңа ғылыми түсінік алуға талпыну мақсатынан тұрады.Әлеуметтану ғылымының қызметі,қоса айтсақ әлеуметтік процесстерді зерттеу,бақылау негізінде қоғам өмірінің материалдық,саяси немесе рухани салаларында олардың одан әрі дамуына ғылыми алдын ала болжам жасауды қамтиды.Әлеуметтану ғылымының келесі бір айта кетерлік атқаратын қызметі-идеологиялық міндеттер,қызметтер болып табылады.Себебі әлеуметтану пәні қандай формада болмасын,белгілі бір әлеуметтік қауымдастықтардың,таптардың,саяси партиялар мен қозғалыстардың мүдделерін,мақсатын білдіреді.Әлеуметтанудың атқаратын тағы бір қызметі-таным функциясы. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әруақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді. Әрине, бағытта іргелі және қолданбалы эмпириканың зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.Сонымен қатар әлеуметтанудың тағы да басқа атқаратын қызметінің түрлері бар.Оларға әлеуметтік бақылау функциясы,болжайтын қызмет,әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметі,идеологиялық функция,гуманистік функция жатады. Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін.Қорыта айтқанда айтатын болсақ,әлеуметтану ғылымының танымдық функциясы қоғамның мәні,оның құрылымы,өмір сүруі мен дамуының заңдылықтары,негізгі бағыттары мен тенденциялары,жолдары,формалар мен механизмдері туралы нақтылы және кең көлемді білім беруімен анықталады.
Қорытындылай келе, сайып келгенде ,әлеуметтану ғылымы-қоғамның қалыптасуының,өмір сүруінің және дамуының заңдылықтарының қалыптасуы жөніндегі ғылым.Ол әлеуметтік фактілерді,үдерістерді,қатынастарды, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қызметін,олардың рөлін,статусын және әлеуметтік мінез-құлқын,бұлардың институттық формада ұйымдастырылуын зерттеумен айналысады.Әлеуметтанудың өз алдына жеке дара ғылым болып қалыптасуына О.Конт,Г.Спенсер, т.б. көрнекті әлеуметтанушылардың тұжырымдамалары мен ілімдері зор ықпал етті.Демек әлеуметтану пәні деп отырғанымыз – қоғам мен адамның беймәлім қырлары ,құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар,әлеуметтік институттар,әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары,мүдделері мен мұқтаждықтары,құндылықтары,бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері.
Пайаланылған әдебиеттер:
1.Р.Әбсаттаров,М.Дәкенов.Әлеуметтану (оқу құралы).
2.Әлеуметтану,оқулық,Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
Пайдаланылған сайттар:
1.referattar.kazaksha.info
2.