Жоспар I. жасушалардың реактивтілігі Физиологиялық қалпына келетін түрлері II. Жасушалардың қартаюы жасушалардың өлу сатылары Жасуша өлуінің физиологиялық процестері Апоптоз жіктелуі апоптоз бұзылуының себептері ІІІ



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі20,45 Kb.
#126717
1   2   3
Байланысты:
СӨЖ.гистология

Жасушалардың қартаюы
Жасушалардың қартаюы мен өлуі проблемаларын ғалымдар зерделеп, жасуша мен организм бір-бірімен тығыз байланыста болғанымен, олардың ерекшеліктерін бүкіл организм қартаюы мен өлуі айырмашылықтары бар.
Қартайғанда жасушада бірталай морфологиялық, физико-химиялық өзгерістер жүреді. Ең басты ерекшелік өзгерісіне, онда арықтау немесе тозу бояутектердің, әсіресе, жақсы байқалатын жүйке жасушаларында, жүрек бұлшықеті ұлпасында, төменгі деңгейде көрінетін – бауырда жиналады. Бояутектердің қартаю жасушаларында жиналуын – ол жасушадан нашар ертінді өнімдерін шығару қиындықтарының артуы.Қартаю жасушаларында ұсақ липид тамшылары жиналып, негізгі зат жүйке жасушасы құрамының, жасуша көлемінің азаюы -гипотрофия байқалады. Ең толық зерделенген нейрондар қартаюы. Онда ядро құрамының өзгеруі - алдымен ядро шырынының мөлдірлігі жоғалады, Ниссль заты құрамының азаюы, Гольджи аппаратының үзілуі байқалады. Нейрондардың әр типтерінде қартаю өзгерістері басталу уақытымен, даму шапшандығымен ерекшеленеді. Кейбір жасушалар тек бүрісіп қалады. Бірақ, коптеген жағдайда ұсақ липофусцин тамшылары бар ірі көпіршіктер байқалады. Жоғарыда жазылған бояутектену, липидтену шоғырлануынан басқа, қартаюда органикалық, бейорганикалық заттар құрамының өзгеруі көрінеді. Оның ішіндегі ең айқын құбылыс - қанда және кейбір ұлпаларда кальций құрамының көбеюі, әрі қартайғанда сүйек ұлпасында кальцийсіздендіру жүреді. Жас өскен сайын холестерин, ерімейтін ақуыз құрамы және глобулин артып, бірталай ферменттер жүйесінің – қышқыл және негізгі фосфотаз, эстераз белсенділігі төмендейді. Тыныс алу ұлпасы мен ақуыздың биологиялық түзілуі де төмендейді.

Жасушаның өлу сатылары
Жасушаның өлуiнде басты екi түрлi құрылым өзгерiстерi - өлi еттену, физиологиялық өлу - апоптоз байқалады.
Өлi еттену – тірі организм жасушалары мен ұлпаларының генетикада жоспарланбаған өлуі. Апоптоздан үлкен көлемімен және түзілу процесінің теңгеруінсіздігімен ерекшеленеді. Оның екі– тікелей (ұлпаға тікелей әсер етуімен - күйік, жарақат, уыт әсері) және тікелей емес (тамыр, жүйке жүйелерінің жанама әсерінен пайда болады) түрлерін бөледі.
Өлі еттенудің сатылары:
1)жансыздану қасы-паранекроз.Протеин ыдырауы жүредi. Жасуша құрылымын бұзады. Ақуыздар ыдырауы аммиак бөлiнуiн, қалыпты күйге қарағанда, 10 есе көбейтедi. Ол жасуша түгiлi бүкiл организмге зиянын тигiзедi. Жасушаға су жиналып, жасуша iсiнедi.Бұл қайтымды процес. 2) некробиоз - паранекроздай, тiтiркендiруді тоқтатса, қалыпты күйге келе алады. 3) жасушаның өлуі. 4) аутолиз – жануарлар немесе өсімдік организмдеріндегі ұлпалардың, оларда сақталатын ферменттер әсерінен өздігінен еруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет