Жоспар I. жасушалардың реактивтілігі Физиологиялық қалпына келетін түрлері II. Жасушалардың қартаюы жасушалардың өлу сатылары Жасуша өлуінің физиологиялық процестері Апоптоз жіктелуі апоптоз бұзылуының себептері ІІІ


Жасуша өлуінің физиологиялық процесі



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі20,45 Kb.
#126717
1   2   3
Жасуша өлуінің физиологиялық процесі. 
Апоптоз кезіндегі жасушадағы морфологиялық өзгерістер:
1- апоптоз: көрші жасушалармен және оның бөлінділерімен байланысын жоғалтқан жасуша;
2- цитоплазма мен ядроның сығылысуы, бекуі, жасуша түрінің өзгеруі, кариолемма астында гетерохроматиннің жартылай ретінде бөлінуі;
3- жасушаның аса сығылысуы, бекуі, оның бетінде томпақтар мен өсінділердің құрылуы, кариопикноз;
4- жасушалардың плазмолеммамен қоршалған апоптоз денелері бөліктерге бөлінуі және олардың көрші жасушалардың қарбуы- фагоцитоз
Апопоз жіктелуі
Апоптоз процесін шартты түрде үш фазаға бөлінеді:
1-индукторлы, 2-эффекторлы,3-деградациялы.
Индукторлы фазасы. Апоптозды сыртқы немесе жасушаішілік заттар өршітуі мүмкін. Мысалы, оттегiнiң жетпеуi (гипоксия), оттектің көбеюі (гипероксия), химиялық және физикалық себептерден субөлі еттенуден жарақаттануы, тиісті қабылдағыштардың айқасып байлануы, жасушалық цикл белгілерінің бұзылуы, қызудың көтерiлуі және төмендеуi, қан келуінің төмендеуі (ишимия), химиялық препарат, механикалық жарақаттану жатады. Апоптоз өршітуі әртүрлі болғанымен, оларда екі негізгі белгі беру жолы анықталған.1)некроз- қабылдағыш, өлген жасуша қабылдағыштары қатысуымен тәуелді белгі жолы, 2)апоптоз-митохондрия жолы
Эффекторлы фаза. Бұл фаза бойында түрлі өршіту жолдары апоптоздың жалпы жолының біріншісіне аударылады. Мұнда ақуыз-эффектор және олардың ақуыз-құрылғылары өршіткінің қарқындылығы жүреді. Апоптоздың негізгі атқарушысы каспазалар болады.Ол өршіту және атқарушы каспаздардың өзара іс-қимыл жасауында күрделі айқасқан тізбелер құрады.
Деградациялы фаза. Бұл фазада бастапқы өршіту әсеріне қарамастан жасушалардың активациясы шектелген плазмалық жарғағы бар жеке апоптоз денешіктеріне үзіледі. Өлген жасушалар үзіктерін әдетте өте тез макрофагтар немесе көрші жасушалар қарбиды. Сондықтан қарбыну реакциясы жүрмейді.
Апоптоз бұзылуының себебтері
1)қалыпқа келмейтiн ДНҚ 2)зат алмасуының күрт ығысуы
Апоптоздың пайда болуы кейбiр жұқпалы ауруларға, әсiресе, олардың вирустарына байланысты болады.Апоптоз барлық қарапайым біржасушалылардан, тіпті жоғары сатыдағы. организмдердің эукариоттыларында байқалады.
Қорытынды
Апоптоз түрлi дерттану, ұрық дамуы, жетiлген ұлпаларда байқалады. Ол жасушалардың қалыпты жетiлуi, қызметтiк белсендiлiгiн қолдайтын реттеу әсерлерi теңгерiшi бұзылғанда, гормон, өсу және кейбiр цитокиндер,реттеушi зат, гликопептид жетiспегенде, басқа жасушалар, жасушааралық заттар құрамбөлiктерi, басқалармен жанасуы жоғалғанда, жасушаның қалыпты тозуы өзгерiстерiнде, физиологиялық әсерiнен, қатерлi iсiктердiң өлi еттену себепшартынан және басқаларда көрiнедi. Мұнда көңiл аударатын жай, олардағы ұлпалар телiмдiлiгiн сақтайды.Тіндерде кейбiр жасуша заттары апоптозды активтендірсе, ал ол заттар басқа жерде апоптозды тежейдi.Физикалық, химиялық қарқыны-гипертермия, гипоксия, оксидант, токсин, ишимия, сәулеленуі, олардың қарқындылығын жоғарылатса, онда ол өлi еттенуге жеткiзедi.
Қолданылған әдебиеттер
1.Гистология, эмбриология, цитология, ЖОО арналган окулык.- / Есимова Р.Ж., Нурсейтова К.Т. -М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014ж. - 896 б.
2. Жуйелік гистология, окульк/ Нурсентова К. Т., Есимова Р.Ж.- «ЭВЕРО»,Алматы, 2012 г.- 304 б.
3. Гистология-1 : екі болімді окульк /С.А. Ажаев. - Туркістан : Туран 1-бөлім 4.https://medkenes.kz/mikrobiologiya-entsiklopediya/apoptoz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет