Жоспар І кіріспе ІІ негізгі бөлім қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.). Қазақстан «Хрущев декадасы»



бет9/15
Дата08.12.2023
өлшемі60,24 Kb.
#135407
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Өнеркәсіптің дамуы. Ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану. КОКП ОК-тың 1956 жылғы пленумында өнеркәсіптің басқару жүйесін өзгерту туралы мәселе қаралды. Өнеркәсіптік салаларды біріктірді.
60 жылдардың басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағанды МАЭС-І Бұқтырма СЭС-і 45000 шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 2700 адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Мұнай өндеу технологиясы толығымен жаңарды. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.
Өнеркәсіптегі жағдай. Ғылыми-технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты бастаған 11 өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70%-ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді. 1970 жылы Қазақстанның одақ көлеміндегі кемір, темір кені мен қара металдар өндірудегі үлес салмағы өсті. Ақтау қаласында суды тұщытатын қондырғы іске қосылды. Жеңіл өнеркәсіптер қатары өсті. Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды.
Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. Өндіріс, ғылыми-техникалық жаңалықты енгізу процесі барлық республикаларда бірдей жүргізілген жоқ. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғылыми-техникалық жаңалықтардың 3%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Орталық басқару жүйесінің Қазақстанды шикізат базасы ретінде ұстау бағыты өзгермеді. 70 жылдардың басында Қазақстанда Маңғыстау, Павлодар-Екібастұз, Шымкент-Кентау, Жамбыл-Қаратау аймақтық-өндірістік кешендер салынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет