Жоспар І кіріспе ІІ негізгі бөлім қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.). Қазақстан «Хрущев декадасы»



бет11/15
Дата08.12.2023
өлшемі60,24 Kb.
#135407
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Халыққа білім беру. 70 жылдарға қарай республикадағы білім беру саласында бірқатар өзгерістер болды. 1970 жылы Қазақ КСР-дегі мектептердің саны 10154-ке жетті. Ал онда білім алатын оқушы саны 3 млн 266 мың болды. 80 жылдардан бастап шағын ауылдардың жойылуымен ондағы мектептер, қазақ тілінде оқу ісін жүргізетін бірнеше мектептер жабылды. Нәтижесінде 1986 жылы республикада физика, математика пәндерін терендетіп оқытатын мектептер ашылды. Бұл мектептерді Қазақ КСР Ғылым академиясы қамқорлыққа алды. 1986 жылы КОКП ОК-ы орта мектеп жұмысын жақсарту шаралары туралы қаулы шығарды. 1972 жылы Қазақ КСР-де жалпыға бірдей орта білім беруге көшудің соңғы кезеңі басталды. 1970 жылдан бастап республикадағы жоғары оку орындарында бірқатар өзгерістер болды. Республикадағы 55 жоғары оку орнында 173,3 мың студент білім алды. Арнаулы орта оқу орындарының саны 246 болды. Бұл оқу орындарында 272,2 мың адам білім алды.
Ғылымның дамуы. 70 жылдардан бастап Қазақ КСР Ғылым академиясы Кеңестер Одағындағы ірі ғылыми-зерттеу кешені болды. 1985 жылы республикадағы 40377 ғылыми қызметкердің 864-і ғылым докторы, 650-і академик, профессор болды. Республикадағы кейбір ғалымдардың есімдері ірі ғылыми жаңалықтар арқылы шықты. Д.В. Сокольский алғаш рет катализаторды электрохимиялық әдістер арқылы зерттеу мәселесін ашты. У.К. Ахмедсафин Қазақ КСР-де гидрогеология мен гидрофизика ғылымдарын ұйымдастырды. М.А. Айтхожин генетика және микробиология салаларында өсімдік жасушаларындағы информосомаларды тапты. Бұл еңбегі үшін оған Лениндік сыйлық берілді. Қазақ тілінде Қазақ Кеңес энциклопедиясы жарық көрді.


Әдебиет. 70-80 жылдары әдебиет те басқа руханият салалар сияқты бюрократиялық жүйенің ықпалында болды. 70 жылдардың ортасында Ғ. Мұстафин, И. Шухов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Мүсірепов, О. Сүлейменов т.б. ақындар мен жазушылардың жаңа туындылары жарық көрді. Ғ. Мүсірепов жазушылар арасында алғашқы болып Социалистік Еңбек ері атанды. 1976 жылы оның «Ұлпан» повесі орыс тілінде жарық көрді. 80 жылдары М. Шаханов, I. Есенберлин, Ж. Молдағалиев, Т. Ахтанов, Қ. Мырзалиев, Б. Момышұлы, Ә. Нүрпейісов сиякты ақындар мен жазушылар жаңа туындылар жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет