Жоспар І кіріспе ІІ негізгі бөлім қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.). Қазақстан «Хрущев декадасы»



бет8/15
Дата08.12.2023
өлшемі60,24 Kb.
#135407
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
1979 жылғы Целиноград оқиғасы. Негізгі себебі. Қазақстан жеріне Волга бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін, көптеген немістер қоныс аударған болатын. 1979 жылы КОКП ОК-ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім шығарды. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылып, оған КОКП ОК-ның хатшысы А. Коркин төрағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.
Оқиға барысы. 1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!», «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазуы бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. 1979 жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрылмайтынына жастарды сендірді.
Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің (МҚК) бұл оқиға жайында ақпараттың таралмауына күш салғанымен, көп уақытқа дейін наразылық дүмпуі басылмады.
Қазақстанның халықаралық байланыстары. 70 жылдардан бастап Қазақстанның халықаралық байланыстағы орны кеңейді. Әсіресе Қазақстанның сыртқы саясатында мәдени және экономикалық байланыстар ерекше орын алды. Қазақстан металл мен руданы, мұнайды экспортқа шығарса, станок пен жиһазды, киім мен электр тауарларын, тағамды сырттан импорттады. Қазақстан мамандары Египет пен Иранда, Монғолия мен Финляндияда, Ауғанстан мен Үндістанда қызмет етті. Ғалымдар АҚШ, Франция, Италия, Болгария, Чехословакия ғалымдарымен тәжірибе алмасты.
КСРО-ның Франциядағы күндерінде артистер Б. Төлегенова, Е. Серкебаев өз өнерлерін көрсетті. Қазақстанда Кеңес-Сирия достығының күндері өтті. Коммунистік партияның шалағай саясаты Қазақстанның сыртқы байланысына белгілі түрде кедергі жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет