Жоспар І кіріспе ІІ негізгі бөлім қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.). Қазақстан «Хрущев декадасы»



бет10/15
Дата08.12.2023
өлшемі60,24 Kb.
#135407
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Экологиялық жағдай. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттердің арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың ІІ жартысында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды. Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің, ең ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барысында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды. Семей, Қарағанды, Павлодар облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонында алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонында барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Мұнда өткізілген әрбір ядролық сынақтың құны 30 млн сом болды. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. Өмірге келетін сәбилердің кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды.
1969-1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді. 70 жылдардан бастап Қазақстандағы тағы бір экологиялык апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Әмудария өзендері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Арал теңізі тартылғандықтан, 27 мың км2 аумағы құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асты. Құрғап қалған орыннан ұшқан шанды тұз Арал маңайындағы халықтардың өміріне аса зор қауіп әкелді. Арал теңізінен балық аулау мүлде тоқтатылды. Халықтың арасында неше түрлі аурулар көбейді. Ауруға шалдықкандар аймақ тұрғындарының 80%-ын қамтыды. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет