Жоспар: I кіріспе II негізгі бөлім


Эукариоттар геиомының тізбектер типі



бет3/3
Дата19.11.2023
өлшемі239,42 Kb.
#124898
1   2   3
Эукариоттар геиомының тізбектер типі. Нуклеин қышқылдарының ренатурациясы (реассоциациясы) мен гибридизациясын талдау үшін алдымен жоғары температурамен немесе РН-ты өзгерту арқылы ДНҚ екі моноспиральды тізбекке ажыратылады, онан соң олардың комплементарлы тізбектерінің қайтадан қосылу (реассоциация) жылдамдығын зерттейді немесе денатурацияланған (ажыраған) ДНҚ-ға комплементарлы РНҚ-ны қосып, олардың өзара гибридизация құру (ДНҚ — РНҚ) жылдамдығын есептейді.
Сүтқоректілер геномында РНҚ-полимераза ІІ мен активті транскрипцияланатын интронды гендердің жанынан, кейде псевдоген (жалған ген) деп аталатын, тандемді тізбектерді байқауға болады. Псевдогендердің нуклеотидтік құрылымы — экзондары мен интрондары функциясы активті гендерге өте ұқсас, бірақ олар активті ақуыз синтездей алмайды. Мұндай гендер гендік мутациялардың нәтижесінде пайда болады, соның нәтижесінде транскрипцияның инициациясы бұзылуы, сплайсингтің тежелуі немесе трансляцияның ерте терминациялануы мумкін.
Ядросыз организмдерде (прокариоттарда) реассоциация жылдамдығы геномның ұзындығына кері пропорционал екендігі дәлелденді. Бұл ереже эукариоттарда сақталмайды. Олардың геномы бактериялардыкінен ондаған, жүздеген есе ұзын. Осыған қарамастан эукариоттар ДНҚ-сының едәуір бөлігі (70%-ға шейін) ДНҚ-ның басқа бөлігінен анағұрлым жылдам реассоциацияланады. Бұдан эукариот ДНҚ-сының осы бөлігі геномда бірнеше рет қайталанған деп қорытынды жасауға болады. Қайталанатын бөліктің реассоциация жылдамдығы бактериялардыкінен артық немесе бірдей болады. Осыған байланысты эукариот геномының тізбектерін үш типке бөледі: сателлитті ДНҚ (өте жиі қайталанатын), орташа қайталанатын және бірегей ДНҚ (кәдімгі ДНҚ-ның тізбегі). ДНҚ тізбегінің типтері организмде жануардың түріне байланысты біршама өзгереді. Мысалы бұзаудың тимусынан бөлінген ДНҚ-ның реассоциациясын зерттегенде мынадай мәліметтер алынды: 25% — өте жылдам, 30%— орташа жылдамдықпен және 45% — баяу реассоциацияланды.
Бактериялар және олардың геномы. Бактерия жасуша қабығымен қоршалған, оның ішінде цитоплазма, ядролық аппарат, рибосомалар, ферменттер, плазмидалар және т. б бактериялық элементтер бар. Эукариот жасушасынан айырмашылығы бактөрия жасушасында митохондриялар, Гольджи комплексі және эндоплазмалық тор жоқ. Бактерияның ядролық аппараты цитоплазмадан мембрана арқылы айқын оқшауланбаған (прокариоттық организм), осы себептен олар нуклеоид деп аталады. Нуклеоид аймағында ядрошық жоқ және нағыз хромосома да байқалмайды.
Нуклеоид бактерияның генетикалық материалы — жалғыз молекулалы, ұзындығы 1 мм шамасында сақина формалы ДНҚ кездеседі. Оның молекулалық массасы — 3х109 және шамамен 5х106 жұп нуклеотидтерден тұрады. Бактериялық жасушаның ДНҚ-сының жалпы мөлшері (геномы) эукариоттардыкінен әлдеқайда аз, демек мұнда коделенген генетикалық информация да аз. Орта есеппен осындай ДНҚ-да бірнеше мың гендер бар, мұның өзі адам жасушасындағы гендер санынан 500 еседей аз екендігін көрсетеді.
Геном (ағылш. genome, гр. Genos - шығу, тек) -хромосомалардың гаплоидты (сыңар) жиынтығында шоғырланған гендердің бірлестігі. Геном терминін 1920 жылы неміс биологы Г. Винклер енгізді. Гаплоидты жиынтық көбінесе жыныс жасушаларына тән, ал сомалық (дене) жасушаларында хромосомалардың диплоидты (екі еселенген) жиынтығы болады. Кейде хромосомалардың саны қалыпты диплоидты жағдайдан артып кетеді. Егер гаплоидты жиынтықтан Геном үш не төрт есе артық болса, триплоидты және тетраплоидты, ал бір Геном ағзада бірнеше рет қайталанса, автополиплоидты, ал әр түрлі біріккен ағза аллополиплоидты деп аталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.С.Ж. Стамбеков, В.Л. Петухов «Молекулалық биология», Новосибирск, 2003 ж., 125 б.
2.Ашмарин А.Н. Молекулярная биология. Л., 1977 ж. 85 б.
3.Спарин А.С. Молекулярная биология. М., 1980ж. Структура рибосом и биосинтез белка. 185 б.
4.Стент Г. Молекулярная генетика. М., 1982 ж.,145 б.
5.Бозшатаева Г.Т. «Молекулалық биология: Оқу құралы» Бозшатаева Г.Т-Шымкент, 2001 ж.,63 б.
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет