ӨМ = (ІС, К2) / (ӨҚ2 ӨҚ,); Е = (ӨҚ2ӨҚ,)/(К,К2). мұнда: және К2 бірінші және екінші нұсқалар бойынша күрделі салымдар, теңге;
ӨҚ және ӨҚ, бірінші және екінші нұсқалар бойынша өнімнің жылдық көлемінің өзіндік құны.
Өтелу мерзімінің көрсеткішін (тиімділік коэффициенті) жаңадан салынатын және қайта кұрылатын кәсіпорын жобаларының нұсқаларын, жаңа техника енгізу дәрежесін, құрал жабдықты жаңарту кезінде және жұмыс істеп жатқан кәсіп орындарда ұйымдастыру техникалық шараларды іске асырудың барлық жағдайларын салыстыру үшін өте маңызды болып табылады. Есептеу арқылы анықталған өтелу мерзімі (тиімділік коэффициенті) өтелу мерзімінің бекітілген нормативтік ӨМм көрсеткішімен (Ен тиімділік коэффициентімен) салыстырылады. Қосымша күрделі салымдары бар нұсқа (бірінші нұсқа) осы күрделі салымдар ағымдағы шығындардың үнемделуінің арқасында өтелетін уақыты ӨМ нормативті уақытынан ӨМн ас пайтын жағдайда ғана таңдап алынады:
(К, К2)/(ӨҚ2 ӨҚ,) <ӨМН; (ӨҚ2 ӨҚ,)/ (К, К2)>Ен. Күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін анықтаудың үлгі әдістемесіне сәйкес нормативтік коэффициент 0,12 ден төмен болмайтындай деңгейде бекітілген (өтелу мерзімі 8,3 жылдан жоғары болмауы керек). Жаңа техникаға қатысты соңғы үлгі әдістеме нормативтік коэффициентті 0,15тен төмен болмайтындай деңгейде бекітеді (өтелу мерзімі 6,7 жылдан жоғары болмауы керек, бұл, сонымен қатар, американдық компаниялардың тәжірибесінде дәлелденген). Тиімділіктің бекітілген нормативтік коэффициентінен ауытқулар бағалардың, еңбекақының айырмашылықтарында және жобаланатын шараның сипатына байланысты ғылыми техникалық серпілістікті ынталандыруға негізделе отырып өзгеруі мүмкін.
Күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін анықтаудың үлгі әдістемесімен салыстырмалы тиімділік көрсет кіші ретінде төмендегі формула бойынша анықталатын бір өлшемге келтірілген шығындар көрсеткіші берілген: