Жоспар І. Кіріспе



бет16/17
Дата14.12.2022
өлшемі254,5 Kb.
#57197
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы

ӨҚ.+ ЕнК. = минимум,
мұнда: К. і нұсқасы бойынша күрделі салымдар;
ӨҚ. сол нұсқа бойынша жылдық өнімнің өзіндік кұны.
Келтірілген шығындар формуласын тиімділік коэффициентінің формуласынан шығаруға болады. Әрбір нұсқа бойынша келтірілген шығындар тиімділік нормативімен сәйкес бірдей өлшемге келтірілген күрделі салымдар мен ағымдағы шығындардың қосындысын білдіреді. Осылайша, Ен көмегімен күрделі салымдардың өлшемі өзіндік құнның жылдық өлшемімен сәйкестендіріледі. Келтірілген шығындар көрсеткішін бірнеше нұскаларды (екіден асу керек) салысты­ру кезінде пайдаланған ыңғайлы. Шығындар қосындысы ең төмен болған нұсқаны таңдаған дұрыс. Аталған көрсеткіш тек ең жақсы нұсқаны таңдау үшін ғана емес, сонымен қатар халық шаруашылығы оны енгізуден алатын жылдық экономика­лық нәтижесін анықтау үшін де қолданылады.
Таңдалған нұсқабойынша жылдық экономикалық нәтиже Эж шамасы келесі формула бойынша анықталады:
Эж=[(ӨҚ1 + ЕК1)(ӨҚ2 + ЕК2)] в2,

Мұнда К1және К2 – нұсқалар бойынша меншікті күрделі салымдар, теңге;


ӨҚ1 және ӨҚ2 – нұсқалар бойынша өнімнің өзіндің құны, теңге;
В2 – таңдап алынған (екінші) нұсқаға сәйкес өндірістің жылдық көлемі, табиғи бірліктер.

III. ҚОРЫТЫНДЫ

Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады.


Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Кәсіпорын (фирма) – бұл өнім өндіру үшін құрылған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлегеннен кейін қалған пайданы керегіне жаратады.
Қазақстан Республикасы АК-ке байланысты заңды тұлғалар болып шаруашылық жүрзізуде немесе жекешеленген мүлікке оперативті басшылық етуде, өзінің міндеттемелеріне мүлкімен жауап беретін, өзінің атынан мүліктік және дербес мүліктік емес право ала алатын, сотта, талапкер және жауапкершілік міндетті атқара алатын кәсіпорындар аталады.
Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар – құрылтайшының жарғылық капиталы үлестеріне қарай бөлінген коммерциялық ұйымдар. Шаруашылық бірлестіктер толық, сонымен бірге коммандитті болуы мүмкін, ал қоғамдар – шектелген жауапкершілікті, акционерлік болады.
Унитарлық кәсіпорын – өзіне берілген мүлікке меншіктік правосы берілмеген коммерциялық ұйымдар.
Коммерциялық ұйымдар кәсіпкерлік істерінде үйлестік жасау мақсатында және өзара келісім шарт арқылы мүліктік мүддесін қорғау және өзін көрсете алу ретінде коммерциялық емес бірлестіктер құрады.
Кәсіпорын пайда табуды өрістету үшін төрт түрлі еркін қимыл жасай алады:
- бағаны тағайындау;
- тиімді шығын мөлшерін жасақтау;
- өнімдердің ассортименті мен номенклатурасын таңдау;
- өнім көлемін анықтау.
Кәсіпорын пайда табу кепілдігі маркетинг бойынша тиімді жұмыс негізінде сату көлемін арттыру, сонымен қатар өнімнің сапасын жоғарлату және өнім бірлігіне шаққанда шығындарды азайту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет