Жоспар І. Кіріспе


Тәрбиенің гуманистік парадигмасы



бет3/7
Дата19.01.2023
өлшемі136,91 Kb.
#61948
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ТЖӘ лек 1

2.2. Тәрбиенің гуманистік парадигмасы
Қазақстан білім беру парадигмасы ҚР Конституциясы, “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасы, білім беру саясаты, заңдар мен ресми құжаттарды терең талдау нәтижесінде қалыптасып келеді.
Теориялық талдаулар көрсетіп отырғандай, тарихи кезеңде бірін - бірі алмастырушы парадигмалар нәтижесінде жаңа идеялар мен принциптер, шығармашылық қатынастар мен мәдениеттің дамуын терең ұғынуды талап етеді.
Сонымен, ғалымдардың пікірлерін тірек ете отырып және талдау нәтижесінде: білім берудің жаңа парадигмасы – жаңа өркениеттік бағдар тұрғысында, мемлекеттік стандарттарға сай, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, интеллектуалдық білім орталығы ретіндегі инновациялық мектепте ғылыми - әдіснамалық негізделген білім берудің концептуалдық моделі деген анықтама берілді.
Білім беру дағдарысына талдау жасау бүгінде ең алдымен адамның шығармашылық мәні мен руханилықты дамытуға бағытталған жаңа білім беру парадигмаларын жасау қажеттілігін түсінуге алып келді. Бұл ретте білім беру практикасының негізгі міндеттері табиғат пен қоғамның заңдарын оқыту ғана емес, сонымен бірге, әлемнің шығармашылық тұрғыдан қайта жасалуының гуманистік әдіснамасын меңгеруге көмек беру және «адам - табиғат - қоғам» жүйесіндегі қарым - қатынастарды үйлесімді ету болып отыр. Мұндай міндеттердің негізгі мақсаты адамның шығармашылық әлеуетін сақтау мен дамыту болып табылатын инновациялық білім беру ғана шеше алады.
Білім беру парадигмаларының бірінен - бірі артық, не қалыс қалған түрлері болмайды. Олар өз кезеңіндегі әлемді түсіну мен педагогикалық нысандардың мәні, оқу - тәрбие процесінің құрылымына байланысты болады.
Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес. Оларға мыналар жатады:
1. Дәстүрлі - консервативтік (білім парадигмасы);
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);
3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);
4. Технократтық;
5. Эзотерикалық.
Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді.
Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.
Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс - әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады.
Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.
Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И. Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс - әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет