2.3. Тәрбие үдерісінің гуманитарлық қағидалары Тәрбие үдерісінің ізгілік және гуманитарлық қағидалары: баланы сөзсіз қабылдау, оған тұрақты жағымды қатынас жасау; тұлғаға құрмет көрсету және әрқайсмысының өзіндік абыройы сезімін қолдау; тұлғаның өзгеге ұқсамау құқығын саналы түсіну және мойындау; ерікті таңдауға құқық беру; баланың тұлғасын емес, оның іс-әрекеттерін, қылықтарын, ісін және т.б. бағалау.
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.
Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады.
Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді.
Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.
Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс.
2.4. Тәрбие үдерісінің мәні мен мақсаты Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатқа бағыттау үрдісі.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.
Тәрбие мазмұны — эр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік тәжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтуылары тиіс, сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері қажет.
Тұтас педагогикалық процесс теориясында педагогикалық процесс мәнінің қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты — қоғамның шығармашылық іс-әрекетін белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан да педагогикалық процесстің негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналаскан.
Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі. «Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс» — деп кезінде К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген.
Сондықтан да педагогтар тәрбие процессін ұйымдастыру барысында балалар әрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет.
Тәрбие мазмұнының мэселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.
Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.
Осы ойлар «Мектепке дейінгі жэне мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасында» (1995 ж.), «Білім беру жүйесіндегі мемлекет саясатының тұжырымдамасында»(1996 ж.), «Қазақстан республикасындағы этномәдени білім беру тұжырымдамасында»(І996 ж.), «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында» (2000 ж.), «2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында»(2004 ж.), «Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында (2004 ж.), және мектептегі тұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің тағы басқа құжаттарында көрініс алады.
Жас ұрпақты тәрбиелеу үнемі тұрақты идеялар мен құндылықтарға негізделуі керек. Сондықтан да, қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінін идеялық негізі ретінде бірнеше ғасыр тәжірибесінде қалыптасқан және дәледенген гуманизм принциптері болуы тиіс.
Гуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді көрсетеді..’«Гуманизм» ұғымы адамды ең жоғарғы құңдылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады.
Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.
Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен, гуманизм тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным, қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы қарастырылады.
Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады.
Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
. • Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік
. • Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы
Ішкі қарама- қайшылықтар:
. • Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы
• Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің Ара қатынасы.