2.5. Тәрбие үдерісінің құзіреттілігі, аксиологиясы Еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен мақсаттар әкелді. Білім стандартының жасалуы, мектептерді жаппай компьютендіру, иновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістің куәсі. Білім парадигмасы өзгерді. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «мен» ментолитетін және белгілі бір құзіреттілікті қалыптастыру негізгі субъект болмақ. Құзырлылықтың (құзіреттілік) латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді - деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «Өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар (құзіреттілік) деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық (құзіреттілік) дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы» [1].
Құзірет – дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды) жиынтығы. Ал қазақ тілі сабағында оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру арқылы білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне шығу, яғни, жеке тұлғаның құзыреттілігін жүзеге асыру тақырыптың өзектілігі болып отыр.
Осы өзектілікті жүзеге асыру барысында «Құзіреттілікті қалыптастырудың негізгі субъектісі - оқушылардың өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыру» атты тақырып таңдалынып алынды.
Мақсаты:өз бетінше жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғанының құзіреттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын
· оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу;
· сол арқылы білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне шығу;
· оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.
Нысаны:өз бетінше жұмысты ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруда құзіреттіліктің маңызы.
Жаңашылдығы: құзіреттілікті қалыптастырудың негізгі субъектісі - оқушылардың өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыру – білім сапасын арттырудың негізгі жолы.
Болжамы: оқушыларменөз бетінше жұмысты тиімді ұйымдастыру – жеке, дара тұлғаның еркін қалыптасуына мүмкіндік береді.
Латын тіліндегі «компетенс» сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты (құзіреттілікті) білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез - құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық(құзіреттілік) маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса[2], Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа (құзіреттілікке) бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені, құзырлылыққа (құзіреттілікке) бағытталған үлгіде білім алушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастыру - басты мақсаты » - деп көрсетеді[1].
Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыруда оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде. Ал бұл өзгеріс бастауыш мектептен басталады.
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу,оқу, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету.
Тәрбие аксиологиясы - құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетке өзіндік сипатымен айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда, жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни, тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау — К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады