Жоспар: I кіріспе



бет1/5
Дата27.11.2023
өлшемі34,17 Kb.
#129159
  1   2   3   4   5
Байланысты:
І дәріс



I Дәріс. БІЛІМДІ, ДАҒДЫНЫ, ІСКЕРЛІКТІ МЕҢГЕРУ ПРОЦЕССІ
Жоспар:
I Кіріспе:
Білім,дағды,іскерліктің өзара байланысы
II Негізгі бөлім:

  1. Меңгерудің негізгі формалары мен компоненттері

  2. Меңгерудің психологиялық компоненттері

  3. Дағдыны қалыптастыру деңгейлері

  4. Жаңа білімнің және қабілеттің қалыптасу стратегиясы

  5. Білімді меңгеруді бақылау

III Қорытынды:
IV Кері байланыс:
V Пайдаланылған әдебиеттер:


Білім — адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білімадамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылым және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген. Ежелгі мәдениетте Білім адамның әлеммен және қауымдастық ішіндегі қатынастарын реттейтін аңыздар, салт-дәстүрлік жарлықтар мен нормалар, тыйым салулар пішімінде болды. Мұнда Білімді аруақтар, рухтар, ата-бабалар, кейініректе, құдайлар сыйға тартқан қасиетті нәрсе деп түсінген. Сондықтан Білім қауіп-қатермен байланысты деп, онымен тек адамдардың ерекше тобы — дінбасылар, діни қызметкерлер ғана шұғылданған. Ежелгі мәдениетте Білім мен сенімнің, ақиқат пен жалған түсініктің арасында айырмашылық жоқ. Мұнда қасиетті Білім үстемдігі абсолютті деп танылады. Білімнің әлеум. мәртебесі мен мәні отырықшы, техникалық-урбанистік қоғам типіне өтуге байланысты түбегейлі өзгерді. Қала адамы өзін көпшілікпен бірге тұру ережелері мен нормаларының иесі, Білімнің жаратушысы мен билеушісі деп санады. Білімнің айрықша пішімі ретінде рационалды Білім идеалын қалыптастырған философия туындады. 
Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.[1]
Дағды — алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағды санасыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі — динамикалық стереотип. Мысалы, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), біраз қинаһлады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше зейінін бөледі. Өйткені, соңғыда жазу дағдысы автоматталынған. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана автоматталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет