2.2.Әскер бөлімдерін жасақтау. Резервтер даярлау. Еліміздің Қарулы Күштерш жедел толыктыру, жаңа құрамалар жасақтау сол кездегі басты міндеттердің бірі болды. Әскери міндеттілердің шақыру пункттеріне келуі жоғары патриоттық өрлеу жағдайында өтіп жатты.
Жаңа бөлімдер мен бөлімшелерді құрастыру және үйрету жөніндегі қызу жұмыс күндіз-түні толастаған емес. Қалалардың шет аймақтарында жауынгерлерді мылтық атуға үйрету үшін полнгондар мен оқ ату тирлері салынып жатты.;
Қазақстанда алғашқылардың брі болып 316-атқыштар дивизиясы жасақталды, оның адам құрамының ұйытқысы Алматы, Жамбыл және Оқтүстік Қазақстан облыстарының, ішінара Қырғызстанның еңбекшілері болды. Дивизия командирі болып Азамат соғысына қатысушы, аты аңызға айналған 25-Чапаев дивизиясының қатарында шайқасқан генерал-майор
И. В. Панфилов тағайындалды.
Қазақстан К(б)ПОрталық Комитетінің дивизия бөлімдеріне бекітілген өкілдері саяси қызметкерлермен бірге бөлімшелерде партиялық-саяси жұмыс жүргізді. Дивизияның бөлімдері мен бөлімшелерінде құрылған 84 бастауыш партия ұйымында 984 коммунист есепте тұрды. Коммунпстст мен комсомолецтер дивизняның адам құрамының 85 проценті болды .
Республика территорнясында соғыстың алғашқы үш айы ішінде 316-дивизиямен катар 238-шы. 310-шы, 312-ші, 314-ші, 387-ші және 391-ші аткыштар дивизиясы құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін тағы бір днвизияүш брнгада құрылды. Қа-зақстанда барлығы 20-дан астам атқыштар және атты әскер дивизиясы мен бригадасы, бірнеше артиллерия және авнация полкі, алуан әскер түрлерінің ондаған батальондары құрылды. Республика еңбекшілері Қазақстанда сондай-ақ одан тыс жерлерде жасақталған бөлімдер мен құрамаларға шақырылып жатты.
Қазақстандық әскер бөлімде жұмысшылардан (40 процентке денін), колхозшылардан (50 проценттейі) және интеллигенциядан (10 процентке дейін) сақталды. Шамамен алғанда әрбір алтыншы жауынгер мен коммунист болды, бүкіл адам құрамының 15 проценттен 20 процентке дейіні ВЛКСМ мүшелері еді. Жасақталып жатқан әскер кұрамалары мен бөлімдері өзінің құрамы жөнінен көп ұлттық болатын. Мәселен, 310-атқыштар днвизиясының 40 прсісенті қазақтардан, 30 проценті орыстардан, 25 проценті украиндардан, 5 проценті басқа ұлттар өкілдерінен құралды. 101-ші Жеке атқыштар бригадасы құрамының 1942 жылдың аяғында 50 проценті қазақтар, 37 проценті орыстар мен украиндар және 15 проценті басқа ұлттардың өкілдері (өзбектер, татарлар, қырғыздар, т. б.) болды.