Жоспар Кіріспе Қазақстан ксро құрамында. 1986 жылғы саяси ахуал, оқиғаның алғышарттары



Pdf көрінісі
Дата06.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#12483
түріҚұрамы


Жоспар 

1. Кіріспе 

2. Қазақстан КСРО құрамында. 1986 жылғы саяси ахуал, оқиғаның 

  алғышарттары. 

3. 1986  жылғы желтоқсан оқиғасының барысы. 

4. 1986 жылғы Алматы облысында орныққан саяси жағдай. 

5. Аннотация. 

6. Жазықсыз жапа шеккен жастар.  

7. Қорытынды. 

8. Пайдаланылған әдебиеттер. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

 

Желтоқсан алауын жаққан жүректер. 

Қазақ халқының ертеден ешкімге тәуелсіз, жеке, дара мемлекет болып 

өмір сүруді қалайтыны, сол егемендік жолында қаншама 

батырларымыз бен ұлы тұлғаларымыз жандарын пида еткенін соңғы 

тамшы қанына дейін «елім, жерім» деп тұратыны тарих қойнауынан 

мәлім, оның дәлелі қазақ халқы басынан 300-ден астам ұлт-азаттық 

көтерілістер мен толқуларды өткізді.   Ұлт-азаттық көтерілістердің басты 

мақсаты тәуелсіз, егеменді мемлекет құру. Ата-бабамыз ертеден 

қоныстанған кең-дархан даламызда бұрынырақтарда да қуатты 

мемлекет Қазақ хандығын құрғаны белгілі. Алайда, сол Қазақ хандығын 

қорғап қалу үшін халқымыз өзі аса қастерлейтін егемендігінен 

айырылды, Ресейдің отаршылдық тұзағына түсті.  Ұзақ жылдар бойы өз 

атамекенін қанымен қорғап келген халыққа «Тәуелсіздік» сөзінің 

ұғымы ерекше. Үш ғасырға жуық Ресей құрамында болған қазақ елі 

отаршылдық езгінің небір сұрқия саясатының құрбаны болды, ғасырлар 

бойы ата-бабаларымыз мұра қылып қалдырған шұрайлы жерінен 

айырылды. Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын салт-дәстүр, әдет-

ғұрпымыздан тілімізден айырыла бастадық. Осы қордаланған 

мәселенің мұз құрсауын еріткен оқиға – Желтоқсан. 

Желтоқсан оқиғасы әлі күнге дейін тарихта аз зерттеліп өз бағасын ала 

алмай келеді. Менің тақырыпты таңдаудағы мақсатым желтоқсан 

оқиғасының тарихын жан-жақты зерттеп, аудан көлеміндегі қатысқан 

азаматтардың өмір деректерін зерттей отырып, олардың тәуелсіздік 

жолындағы қосқан үлесін айқындау және тарихқа енгізу. Желтоқсан 

оқиғасының маңызы ТМД елдері көлемінде де бар, Кеңестер үкіметінің 

Одағында болған, кейіннен бөлініп шыққан барлық мемлекеттердің 

егемендігінің бастауы, тәуелсіздік рухын оянуына түрткі болған тарихи 

маңызы зор оқиға. Бірақ әлі күнге дейін Желтоқсан оқиғасына әлемдік 




деңгейде, тіпті ТМД елдері арасында дұрыс бағаланбай келеді. Ол 

жөнінде Мұхтар Шаханов «Бірнеше жылдан бері желтоқсан 

тақырыбына халықаралық конференция өткізу туралы ұсынымыз аяққа 

басылуда. Осы немқұрайлықты тудырған тағы бір себеп – біз тек 

материалдық байлықты ғана пір тұтып, рухани құндылықтарды көзге 

ілмеуге тырысамыз. Ал, бабаларымыздың ұлы арманы – рух 

егемендігіне жету болатын.» дейді.¹ 

Материалдық байлыққа ұрпағымыз ақша арқылы қол жеткізуі мүмкін, 

ал рухани байлық білім арқылы келетінін ескерсек, болашақ ұрпаққа 

тарихи оқиғаларды зерттеп, өз дәрежесінде баға беріп жеткізу бүгінгі 

күннің еншісінде. Осы тақырыпты жаза отырып, мен де тарихқа өз 

үлесімді қоссам деймін. 

Әр қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы басқарушы үкіметтің 

жүргізетін саясатына тікелей байланысты. КСРО уақытында да 

Қазақстанның дамуы КОКП-ның саясатына тәуелді болған еді. 

Социалистік партиялардың жүргізген саясатының қаталдығы мен 

өрескел талаптары арқасында Қазақстан тарихында 1960-1980 

жылдарына «Тоқырау жылдары» деген баға берілді. Бұл жылдары 

бүкіл қазақ даласы әлеуметтік-экономикалық жағынан да, білім, 

ғылым, мәдениет саласында да зор зардап шекті. 

Одан бұрынырақ уақытта да патша үкіметі жүргізген реформалар халық 

жағдайын нашарлата түсті. Қат-қабат тарих беттерінен жүргізілген 

реформалардың көпшілігі қазақ елінің байлығы саналатын, бар 

тіршілігінің көзі – жерге байланысты болғаны белгілі. Бұл рефомаларда 

жерді үкіметтің меншігі етіп жариялау, Ресейдан орыс шаруалар әкеліп, 

оларды ең шөбі шүйгін шұрайлы жерлерге орналастыру, жерді жалға 

беру, алынған өнімнен салық ұстау осының барлығы ертеден ауыл 

шаруышылығымен айналысып келе жатқан халықтың жағдайын күрт 

нашарлатты. Ресейдің Қазақстанды отарлауындағы тағы бір көздегені – 

біздің бай жеріміздің табиғи байлықтарын иелену, Қазақстанды шикізат 

көзі ретінде пайдалану. Осы кездері жүргізілген саясатқа Елбасы 



Н.Ә.Назарбаев былай деп баға береді: «Тоталитаризм сұмдықтарын 

сұңқылдатып қаншама тізбектесең де, оның жойқын кесапаты мен 

жымысқы жылымдығының сырын ұғына алмайсың. Жиырмасыншы 

ғасырдың тағылымы да, өкінішке қарай, әзірге көлеңкелі күңгірт 

жақтарынан ғана елес бағып отырған келесі жүзжылдықтың ықтимал 

сабақтары да тізбектелген фактілерден гөрі байсалды байыптылыққа 

көбірек жүгінетін тәрізді.» 

Патша үкіметінің тағы бір сұрапыл саясаты «Ұжымдастыру». 

 Ұжымдастыру барысында жекеленген шаруалардың бастары бірігіп 

ұжымшарлар құрылып, оларға план деп аталып нұсқаулар келді. Ал 

нұсқауларды орындамағандар, ұжымшарларға бірігуден бас 

тартқандар қатаң жазаға тартылды, сотталды. Осылайша біз өзіміздің 

мыңдаған қандастарымыздан айырылып қалдық. 

30-жылдардағы Сталинизм, оған дейінгі жағдайы мәз емес халықты 

одан сорақы қанады. Жазалау шаралары қаталданды: ату жазасы, жер 

аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, КСРО-дан тыс жерлерге 

қудалау. Үкімет саясатына сын айтқан, халықтың ұлттық намысын 

қозғаушылар, жеке адам құқығын қорғаушылар «халық жауы» деген 

айыппен жазаланды. Олардың қатарына біздің алға басар қоғам 

қайраткерлеріміз де кірген еді, сауаты ашық мемлекет қайраткерлері, 

ғалымдар «халық жауы» жеп жала жабылып қудаланып, жазаланды. 

Осылайша бұл саясат еліміздің мәдени дамуына кедергі келтіріп, 

халқымызды қараңғылыққа, сауатсыздыққа алып келді. 

1979 жылы КОКП ОК-і Ю.В.Андропов басшылық еткен жауапты 

қызметкерліне Целиноград, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар 

облыстарының аудандарының аумағына «Неміс автономиясын» құру 

туралы тапсырма берді. Бұл шешім ел арасында билік 

басындағылардың халық ойымен, құқығымен санаспау деп 

қабылданды. Әрі бұл тапсырма Қазақстан КСР-нің азаматтарының 

құқықтарын бұзу болды. 




Осындай біржақты, монархиялық, сұрапыл саясаттан ашынған, 

тоталитаризмнен шаршаған, өз егемендігін аңсап тұрған халықтың 

қалаулы басшысын Д.А.Қонаевтың орынына 1986 16 желтоқсанда 

ешкіммен келіспестен КОКП ОК Пленумында небәрі 10 минутта ішкі 

Ресейден әкелінген орыс, бұрын соңды Қазақстанда болмаған, 

Қазақстанның жағдайын білмейтін Колбинді КОКП ОК бірінші хатшысы 

етіп қояды. Бұл жаңалық кез-келген көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтың 

намысына тиіп, жастардың, жұмысшылардың үлкен наразылығына 

алып келді. Республика жұртшылығының өмірлік мүдделеріне қатысты  

мәселелерді шешуде    Орталықтың әділетсіз әрі өктем бұл қадамы 

қорланып қалған халық наразылығының жанартаудай атылып сыртқа 

шығуына түрткі болды. 

 1986 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген 

ғаламат оқиға болды. Бұл кеңес өкіметі тұсында бұрын – соңды 

кездеспеген құбылыс. «Алматыда демонстрация», «Брежнев алаңында 

қаптаған жұрт», «Көшеде сап түзеп бара жатқан жастар» деген лебіздер 

ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсіне алмай дал болды. 

Бұл оқиғаны сол кездегі Қазақ Педагогикалық институтының студенті, 

16 желтоқсан күні алаңға алғашқы болып барған жастардың бірі 

Ермухамбетова Салтанат Ешмухамбетқызы былай деп есіне алады: 

«Ол кезде мен ҚазПИ-дің тарих факультетінің І-курс студенті едім. 16 

желтоқсан күні Абай көшесіндегі №5 жатақханадан оқуға кетіп бара 

жаттық, сағат 10:00-дер шамасында трамвайда бір орыс әйелінің 

«Наконец, ваш царь пал с престола?!», -деген сөзін және сол жерде 

Д.А.Қонаетың биліктен алынып оның орнына ішкі Ресейден Колбин 

деген бір орыс басшы келгенін естіп, оны ортаға салып талқыладық. 

Оқу ғимаратына келгенде, ғимаратқа кіретін жерде бір топ сурет-

графикалық факультетінің студенттері жиналып тұрды.» 

Сондағы қазақ жастарының бірлігі, ұйымшылдығы адам 

таңғалдырарлық. Тіпті сонда алаңға шығуға жиналуға әрекет етпеген 

студентерді  намысына тиіп, жинауға, алаңға баруға көндіруге тырысты. 



Бұл жөнінде сол кездегі ҚазПИ-дің филология факультетінің І-курс 

студенті Құрманбаева Рыскүлдің естелігі: 

«15 желтоқсан күні менің туылған күнім болатын. Сол күні кешкілік 

курстастарымызбен отырыс жасап, туған күн ойнағанбыз. Келесі күні 

сабаққа шаршаңқы, ұйқылы-ояулы келдік. Ол кезде біз ештеңеден 

бейхабар едік. Сөйтіп 16 желтоқсан күні таңертеңгісін сабаққа барып 

отырсақ, терезеден далада тұрған студенттер «Сендердің намыстарың 

жоқ па, не?», «Қорқақтар, перваштар», «Намыс қайда?», «Шығыңдар 

қане далаға?!» деп айқайлады. Кейіннен не болғанын сұрап біліп, 

арамыздан жастар алаңға баруға топтасты.» 

Жастардың алғашқы легі осылайша топтасып жоғарғы оқу орындарына 

барып басқа да жас студенттерді шақырды, «Жазушылар үйіне» барып, 

қалаулы ақын-жазушыларды іздегені жөнінде Сартолов Қанат 

Әбілжанұлы естеліктерінде: 

«Жастардың алғашқы легі болып «Жазушылар үйіне» бардық. Ол 

жерден О.Сүлейменовты, М.Шахановты іздедік. Терезесінен 

адамдардың шыққысы келгені көрінді, бірақ ғимараттан ешкімді 

шығармады. Сондағы О.Сүлейменовты іздегеніміз, Олжас — қазақ 

ақындарының ішінде саясатқа жақын дарының       бірі болатын, біз 

оның КОКП ОК-ніің осы шешіміне баға беріп, өз ойын айтып, алаңға 

бара жатқан жастарға  бағыт-бағдар берер деген аңғалда  таза көңіл  

еді. Бірақ  тотаритарлық  жүйенің жандаралдары ол сезімді таза көңілді 

түсінгілері келмеді. Желтоқсанның ызғарлы сол күнінде жастар Олжас  

пен Мұхтар  Шахановты  іздеді. Егерде  сол  жастар үкіметтің 

сипаттағанындай»нашақор, маскүнем болса».өздерінің  рухани  

ағаларын іздерме еді?  Олар нағыз  отанының  патриоттары, Олжас  пен 

Мұхтар өлеңдеріндегі өрліктен  үлгі алған ,өз елінің болашағына  

алаңдаған  жастар болатын.  М.Шахановты да белді саясаткер жазушы 

ретінде көргіміз келді.  Жазушылар үйінен ешбір жауап ала алмаған 

соң, әрі қарай алаңға бет алдық.» «Алаңға кетіп бара жатқанда 

Партияның тағыда бір  құйыртқы әрекетінің куәсі  болдық: Халық  пен 



зиялы  қауымды бір-біріне  қарсы  қойды, Әр  көшенің бұрышына 

халыққа танымал адамдарды  шығарып, Партияны жақтап сөз сөйлетін. 

Алайда келе жатқан жастарды олар тоқтата алған жоқ.»-деп 

Ермухамбетова Салтанат Ешмухамбетқызы еске алады. Осылайша 

үкімет халық зиялыларын халыққа қарсы айдап салды. Ұлттық 

идеалогияны екі жікке бөлді. 

Барлығы бірлесіп «Әр халыққа-өз көсемі!», «Лениндік идеялар 

жасасын!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!», «Қазақстан 

қазақтардікі», «Ресейге қайт» деген транспораттар мен лозунгтар 

жазып алып, Брежнев атындағы алаңға түс ауған уақытта жетті.  Кешке 

қарай жиналғандардың саны шамамен 2-3 мыңдай болды. 1977 жылы 

қабылданған КСРО Конституциясының 48, 49 баптарына сәйкес: «48 бап 

КСРО азаматтары мемлекеттік және қоғамдық басқару жұмыстарына 

және мемлекеттік және қоғамдық маңызды заңдармен шешімдерді 

талқылауға және қабылдауға қатысуға құқылы. Бұл құқық мемлекет 

басшыларын, халықтық депутаттарды сайлауға қатысуда көрініс 

табады»  49 бапқа сәйкес «КСРО-ның әрбір азаматы мемлекеттік 

органдарды жақсарту мақсатында өзінің ұсыныстарын беруге және 

билік басындағылардан кеткен қателіктерді сынауға құқылы.» Осы 

заңға сүйеніп орталық алаңға шыққан жастар бейбіт, жайбарақат еді. 

Өздерінің талаптарын КОКП ОК-не жеткізуге тырысты. Сондағы шыққан 

жастардың талаптарын Сартолов Қанат Әбілжанұлы естелікерінде: «Біз 

алаңға шыққандағы мақсатымыз Д.А.Қонаевтың шығып КОКП ОК-ның 

бұл шешімін түсіндіруін қаладық.»   Алаңға шыққан жастар бірлесіп 

демонстрацияда бірлік пен ұйымшылдықтың анық бейнесін көрсетті. 

Барлық жастар тұрып бір ауыздан «Менің Қазақстаным» әнін айтқанда 

сондағы халықтың рухы бір серпііліп қалғандай болды./ осы  әнің  

егеменді елінің гиміні болатынын жастар сезгендей-ақ/.Желтоқсанның 

ызғарлы  күнінде алаңдағы  жағдай ушыға  бастаған уақытта»Елім-ай» 

әнінің  айтылуы,ғасырлар бойы сыздаған жан жарасының атылып 

сыртқа шыққан сәті еді.  Орталық аландағы жағдай бірден Мәскеудегі 

Бас хатшыға және басқа билік орындарына баяндалды. Өз ретінде 




билік алдына қатаң тарамайтындықтарын қойған бейбіт шеруге 

жиналушылар нанымды жауап алмайынша алаңды 

босатпайтындықтарын мәлімдеді. КСРО-ның 1977 жылы қабылданған 

Конституциясының 50 бабына сәйкес «Халық қалауын жеткізу 

мақсатында КСРО азаматтарына сөз еркіндігі, баспасөз, жиналыстар, 

митингтер, шерулер мен демонстрациялар өткізу бостандығы кепілді 

түрде беріледі және осы іс-әрекеттерді жүргізу барысында барлық 

бұқаралық баспасөз құралдарын, радио, телевидение, алаңдарды 

пайдалануға құқылы.» Алаңға шыққан жастарға қолданылған шаралар 

жоғарыда аталып өткен баптарды аяқ астына таптады. Қазіргі кезде 

мектептерде, қоғамдық ұйымдарда, форумдар мен жиналыстарда 

«Желтоқсан күніне» арналып аталып өтілетін ашық сабақтар мен 

кездесулерде 

көрсетілетін көріністер (алаңдағы жастардың алдына шығып сөйлеген 

прокурордың сөзі, жастардың ашына айтқан жан сөзі) сценарийстердің 

идеясынан туындаған көрінісі емес, шынайы сол күні болған оқиға. Ол 

жөнінде 16 желтоқсан күні кешкілік алаңда алдыңғы шепте тұрған 

Сартолов Қанат пен Ермухамбетова Салтанаттың естеліктері растайды: 

«Сол алаңға жиналған жастар арасында: 

Естідіңдер ме? 

Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең 

болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім 

ойлайды? 

Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды! 

Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы 

келгені несі? 

Талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар. – деген айқайлар 

естіліп жатты.» 




«Бір уақытта алдымыздағы трибунаға Қазақ  КСР Прокуроры  шығып, 

«Тараңдар! Партия өзі шешеді!»,- деп жиналған топты тарқатуға 

тырысты.» «Партия  өкілдері  халықтың  пікір тыңдап  санаспақ  түгіл, 

өздерінің  принциптеріне жат  әрекеттерге барды. Түс  ауа әр  топтан 

бір-бір  адам келгендердің тізімін жазып алып, ортаға  шықсын деген 

ұсыныс түсірді. Әлі де  болса  партияға сенетін аңғал  халық  өз 

қолдарымен  тізімдерін  жасап, бір адамды  өз  өкілдері ретінде  үкімет 

адамдарына  жіберді.Қайран ақкөңіл халық, тағыда  

алданғандарын,өздері  жіберген өкілдерінің қолын  қайырып алып  

бара жатқанын  көргенде ғана аңғарды.Осылайша бейбіт  шерудің , 

аласапыран   айқасқа  ұласуына  себепші  өздері  болды.» деп еске 

алады Сартолов Қанат. 

«Аралықта ортаға үлкенірек жаста бір әйел топты жарып шығып «Сол 

1937 жылы кесілген қазақ бастары, бүгін міне, қайта өсіп шықты»,-деді, 

сөзін айтып бітер-бітпестен оны екі қаруланған әскери қос жағынан 

қолтықтап алып, ары қарай ғимаратқа алып кете берді.» дейді  

Ермухаметова. Салтанат. 

Сол жиналған халықты алдына көптен бері ел үшін игі істер атқарып 

келе жатқан Д.А.Қонаев шығып сөйлегенде, кім біледі, мүмкін ешбір 

қантөгіс болмас еді, жазасыз қиылған жас тағдырлар аман қалар еді, 

соққы көріп, азап шеккен жастар осыншама қиналмас та еді?! 

Алаңда Д.А.Қонаеты көреміз деп отырған жастар, Үкімет үйінде не 

болып жатқанынан бейхабар еді. Оқиға басылғаннан кейін Геннадий 

Колбин «Орталық Комитетке келгенімен, алаңға жиналғандар алдына 

шығып сөйлеуден үзілді-кесілді бас тартты» деп Дінмұхамед Қонаевқа 

айып таққысы келгені мәлім. Алайда 1990 жылы «Бірлесу» 

(«Единение») газетіне берген сұқбатында Дінмұхамед Қонаев болған 

жайды басқаша баяндайды: 

«Орталық Комитеттің мәжіліс залында үш сағат күтіп отыруға тура 

келді. Алаңдағы жастар тағдыры Мәскеу мен Геннадий Васильевич 




Колбиннің кабинетінде шешіліп жатты… Арада үш сағаттан кейін маған 

Виктор Мирошник келіп, кете беруіме болатынын айтты. Түсіне алмай: 

«Сонымен мен сөз сөйлемейтін болдым ба?» деп қайта сұрадым. Осы 

үш сағат ішінде алаңға жиналған жастарға айтар сөзімді жұптап та 

қойған едім. Олардың әрбірінің жандарына жылы тиетін, бірақ қатаң да 

шешімді сөз айтпақ болдым. Олармен коммунист және ақсақал ретінде 

сөйлесейін дегенмін. Бірақ Виктор Михайлович мені өзі үйге жеткізіп 

салатынын, үйден шықпағаным дұрыс болатынын қайталап айтты. 

Келгеніме тағы да рахмет айтты. Толқып тұрғанымды байқап қалып, 

менің бұл іске қатысуымның қажеті жоқтығын қайталап түсіндірумен 

болды. Сөйтіп, мен шын мәнінде үйқамаққа алынған болып шықтым…» 

Мұның өзі сол оқиға барысын әдейілеп ушықтырудың дәлелі. 

Уақыт өткен сайын жиналған халық саны өсе берді. Сондағы қақаған 

аязда, суық асфальтқа барлығының бір адамдай отырып, «Елім-ай» 

әнін айтқаны, алаңдағы атмосфераны күрделендіре түсті. Аңғал 

сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер 

«контрреволюционерлер» болмаған. Олардың ойы халықтың 

құқықтары мен көкейтесті мәселелері туралы сөз жүргізу. Алайда 

оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, 

сақадай-сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың 

бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт – шыт болып  ұшып жатыр. Үкімет 

үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын-1986»  дейін  

оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат, 

аңғал, алаңсыз еді. Ымырт түскенде аяқ асты айғай-шу, аласапыран 

басталып кетті. 

  

Осы кезде алаңға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп 

кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Қарулы әскер алаңнан 

жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйретіп, жұлқылап әкете 

бастайды. Осы көріністі Ермухамбетова Салтанат  Ешмухаметовна есіне 

түсіреді: 




«Бірнеше минуттар аясында қайдан екені белгісіз үсті-басы 

жабдықталған әскери адамдар арамызға кіріп, топты жарып бөліп-

бөліп қоршап алаңнан күшпен шығаруға тырысты. Өрт сөндіруші 

көліктер келіп, суық судың қатты сарынымен алаңдағы жастарды 

құлатып, шайып жатты. Кейбіреуінің қолдарында дубинкалар, ұрып-

соғып жатқандары қаншама. Қолында ешбір қаруы жоқ, бейбіт 

  ниеттермен  келген жастар қар атып қарсыласты» Бұл қарулы 

қақтығыс жайында Сартолов Қанат естелігінде: «Аласапыран басталып 

кеткенде, қыздар соққы алмасын деп, оларды ертіп топтын шетіне 

шығарып, бөлектеп қойдық та, өзіміз қаруланған адамдарға қарсылық 

көрсеттік.» Бет-аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ 

қызын екі әскери солдат сүйреп келді. Қыз жұлқынып, халыққа қарап 

ышқына сөйлейді:-Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай  

Қосылыңдар біздің қатарға! 

Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен 

ұрып қалады. Қыз сылқ етіп, есінен танып түседі. Міне өмірден тағы бір 

қыршын жас қыздың көк желкесінен шоқпармен осылай кеткен еді. 

Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді 

деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың да алаңда 

болғаны анықталды. Тек Ләззат қана емес Алматының барлық жоғарғы 

оқу орындарындағы жас қыздар қаншама зорлық-зомбылық көрді. 

Қаншамасы кейін ауру болып қалды. 

Бұл шеруді билік басындағылар халыққа радио арқылы былай деп 

хабарлады: 

«1986 жыл желтоқсан Алматы» 

Кеше кешкісін және бүгін күндіз Алматыда ұлтшыл элементтер 

араңдатып салған оқушы жастар тобы көшелерге шығып, Қазақстан 

Компартиясы Орталық Комитетінің жуырда болған пленумының 

шешіміне наразылық білдірді. Бұл жағдайды бұзақылар, арамтамақтар 

және қоғамға жат басқа да адамдар пайдаланып, правоға қарсы 




әрекеттер жасады, сондай-ақ бір азық-түлік магазинін, жекеменшік 

автомобильдерді өртеді, қала азаматтарына қарсы намысты қорлайтын 

әрекеттер жасады.» — деп алаңға шыққан жастардың адал ниеттерін 

жалған жала жауып, нашақорлар, ішкіштер деп айып тақты. 

Хабарландыруда айтылған автокөлік өртелуі туралы Сартолов Қанат 

 былай дейді: «Алаңдағы түрлі жарақат алғандарды алған автобустар 

сол күні ешбір студентті алмады, тек әскерилер мен полицейлерді 

тасыды. Бұл жастардың ашу-ызасын тудырды. Сол себепті бір топ 

студент (арасында мен және менің курстастарым болған) автбусты 

шайқап-шайқап аударып жібердік.» 

Алаңнан 16-17 желтоқсан күндері ұстаған жастарды айуанша 

автобустарға тиеп, желтоқсанның қақаған аязында қала шетіне апарып, 

ұрып соғып суық қардың үстіне лақтырып кеткен еді. Қыздарды арам 

пиғылдарымен қала шетіне апарып аяқ-киімдерін, үстіндегілерін 

шешкізіп қара суықта қардың үстіне отырғызып қойғандарының өзі не 

деген қаныпезерлік?! Сондағы тек елімнің мүддесі, халқымның 

жағдайы деп ақ ниетпен алаңға шыққан жастардың көрген азабы мен 

қазасын кім өтейді?! 

17 желтоқсан күні жастардың тағы бір лебі жиналып, алаңға қозғалды. 

ҚазПИ-дің филология факультетінің І-курс студенті Құрманбаева Рыскүл 

сол жиналған топтың ортасында болып көргені: 

«Азаңда өз курстастарымызбен жиналып, алаңға барамыз дедік те, 

топтасып көше бойлап қозғалдық. Жолдан «Автодорожный 

институттан», «АГУ-дан» жастар келіп қосылды. Барлығымыз бір 

бағдармен келе жатқанда бір мезетте жан-жақтан әскери көліктер 

келіп, денелі, дау-дау адамдар түсіп, топты тоқтатып, барлығын 

машиналарға тией бастады. Ине шаншар жер болмастай етіп, тығыздап 

тұрып көлікке кіргізді. Мені біреу жұлқылап желкеден ұстап алып, 

машинаға кіргізе бергенде басыма арт жағымнан қатты дубинка тиді. 

Солқылдап ауырып келеді, өстіп 1-1,5 сағат жүріп, қаланың шетіне 




апарып тастады. Суық, киімдеріміз жыртылып қалған, беті-басымыз қан 

қайта қалаға қарай бет алдық.» 

17-18 желтоқсан күндері алаңға шыққан жастардың алаңда көрген 

озбырлығы, соққысы аздай жаппай жазалау басталды. Алаңда түсіріліп 

алынған суреттер арқылы жоғарғы оқу орындарын аралап, тінту өтті. 

Тінту кезінде өздерінің курстас қыздарын тыққанын оқиғаның куәгері 

Ермузхамбетова Салтанат айғақтайды: «Оқиға басылғаннан кейін оқу 

орнымызға КГБ-дан алаңда түсірілген суреттерімен адамдар келді. 

Олар жатаханадағы қыздардың барлығын жартылай шешіндіріп, 

үстілерінде соққының ізі бар ма, жоқ па деп тексерді. Өзімізбен 

комнатада бірге жататын Омарова Бибігүл есімді қыздың желкесінде 

дубинканың ізі бар еді. Соны ұстап алып кетпес үшін оны киім салатын 

шкафтың жоғарғы бөлігіне шығарып, тығып қойдық. Тексеруші 

байқамады да, біз бір жазадан аман қалдық» 

Ұсталынғандар қатаң жазаға тартылды. Сол жылдары Партия мүшесіне 

болған жастар да бұл оқиғадан тыс қалмады. Олар жасырын түрде 

желтоқсаншыларға көмектесіп, өздеріне берілген тапсырманы орындау 

барысында қолдарына келген көмектерін аямады. Мысалы: 

Чинтемиров. Серік/партия  мүшесі/ жиналыстарда жастарды  қорғап 

ара түсті. Оларды қудалауға жол бермеді.  Ерғали есімді жігіт (Ауған 

соғысының ардагері болған) өзінің қолына берген суреттер арасынан өз 

курстастарының суреттерін жойып жібергендігін Сартолов Қ.А.-ның 

естеліктерінен білеміз. Осылайша оларды жазадан аман қалуына ықпал 

етті. Егер ол суреттер жазалаушылардың қолдарына түссе, қазіргі оқиға 

куәгерлерінің тағдыры мүлде басқа арнаға бұрылатыны сөзсіз еді. 

Осындағы жастар арасындағы бір-біріне деген достық, бауырмалдық 

сезімдері, сондай игі істері қазіргі ұрпаққа үлгі боларлық әрекет. 

Желтоқсан оқиғасы алаңға шыққан жастардың қаншамасының 

тағдырын басқа арнаға бұрып, олардың өздерінің ұлттық санасының 

шыңдалуына, егемендіктің іргесін қалауына, тоталитарлық жүйенің мұз 

құрсауын жібітуге үлес қосқан, патриоттық рухтың үлгісіне айналдырды. 



Оқиға  болып жатқан күндері алаңда  болғандарғана  жазаланбады, 

жайбарақат кешкі жұмыстан қайтып келе жатқан  оқиғадан хабары жоқ  

адамдар «қазақ»болғаны үшін соққыға жығылып жатты ол жөнінде  

Талғар Ауылшаруашылық  техникумының сол  жылдардағы студенті 

Үркімбаев Бақыт былай  деп еске алады:»17-күні КазПИ-дің  

жатаханасынан қайтып келе жатқан  біздер отырған  автобусты өз 

бағытынан  тыс алап келіп , автопаркке тықты, ішінде екі қария, апалар 

бар еді .  Тоқтаған автобустың  ішіне  қолдарына қызыл байлаған орыс 

ұлтынан құралған жасақшылар лап қойып  отырғандарды ұрып, соқты. 

Әзер қашып құтылдық» Осы бір  айғақтан-ақ   жазалау шараларының 

әділеттсіз жүргізілгенін көруге болады,Қазақ КСР Жоғары Кеңесі 

төралқасының Алматыдағы 1986 жылы желтоқсанда болған 

оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М.Шаханов мынадай 

мәліметтер келтіреді: «Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500-ге жуық 

адам ұсталып, жазаға тартылды. Толық емес мәлімет бойынша 1720 

адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, 

қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады. 

ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 жоғары оқу 

орындарының ректорлары орындарынан түсіріліп, 246 студент оқудан 

шығарылды. 99 адам сотталды,соның 46-сы кейін ақталды. Оның екеуі  

өлім  жазасына кесілді: Қ.Рысқұлбеков, М.Әлімқұлұлы» 

 Бұл шеру Алматы қаласында өткенімен жаппай облысқа, тіпті барша 

республикаға әсер етті. Алматыдағы жастардың солай шеруге 

шыққанын естіп, басқа облыстарда, қалаларда жаппай шерулер өтті. 

Талдықорған қаласының студенттерінің бас көтеруі 16 желтоқсан күні 

Алматы жастарының бас көтеруінен кейін болды. Сол Талдықорғандағы 

оқиғаның ортасында болған Адыбаева Ғалияның естеліктері: 

«Мен ол кезде (1985-1991) Талдықорған педогогикалық институты 

музыка факультетінің ІІ курс студенті едім. 1986 жылы 16 желтоқсанда 

кешкі сағат 19:00-де радиодан Алматыда шеру болғанын естідік. 

Концерт қоюға дайындықта болғанбыз. Сағат 21:00-де №2 жатақханада 



студенттік кеңесте Айтжанова Жанна «Түңгі сағат 12:00-де қазақ 

студенттердің жиыны болады.»-деді. Айтқандай сағат 12:00-де 

жиналдық. 

Алматыда жастар көтеріліпті, себебі: Қонаевты алып, айдаладағы бір 

орысты алып кеп орнына қойыпты. 

Біз неге шықпаймыз?! 

Біздің неге намысымыз жоқ. Айдаладағы бір орысты неге қолдаймыз?! 

Ертең шығамыз! – деген ойлар айтылды. Осындай ашына айтылған 

сөздерден кейін барлық қазақ жастары намысымызға тырысып, 

ұлтжандылығымыз оянып, бірігіп талқылап жатқанда, астындағы 

вахтерша апай болып жатқан жиналыс туралы деканға және милицияға 

хабарлап қойыпты. Олардың келе жатқанын ести сала, ештеңені 

білдіртпес үшін, бір мезетте-ақ тарап кеттік. Еш сыр білдірмедік. Түңгі 

1:00-де қайтадан жиналдық. Түнімен лозунгтар «Бізге қазақ басшы 

керек», листовкалар «Барлық қазақтар таңғы 7:00-де алаңға 

жиналыңдар» деп жазып дайындадық. 

Сағат 4:00 терезеден секіріп шығып, листовкаларды Заведтехникум, 

Индустриалдық техникум, Пединституттың №1 жатақханасы, 

Юртехникум студенттеріне тараттық. 

Заң техникумына келгенде топты қаруланған әскер күтіп тұрды. Олар 

техникумның жатақханасын қоршап, студенттерді сыртқа шығармады, 

өрт сөндіргіш машиналармен су шашып, қару қолданды. Сол жердегі 

қақтығыста қалғаны қалып, шыққандары шығып алаңға қарай 

жылжыды. 

Сағат 7:00-де барлығымыз алаңда болдық. Бірақ ол кезде алаңды 

милиция қызметкерлері қоршап тұрды. 

Барлығымызды автобустарға тиеп, тез-тез таратуға тырысты. Бірақ 

автобустың ішінің өзінде орыс-қазақ арасын араздастық болып, жанжал 

туды. 



1 ай тергеуде болдық. КГБ-ның адамдары тергеуге алғандар 

психилогиялық күйзелістерге  ұшырады,сұрақ астына алынған қыздар 

қайтып келгенде, етек-жеңі жасқа толып келетін.» 

Дәл осылай Алматының шетінде жүріп жастардың бас көтергені туралы 

естіп Алматы гидромелиоративтік техникумының (Шамалғанда 

орналасқан) студенттері де шеруге шығуға тырысқан. Ол жайында сол 

техникумның І курс студенті, Қазақстан Компартиясының Алматы 

облыстық Ұйғыр аудандық комитетінің мүшесі  Қыстықбаева Ә.Қ./ 

жазаланып  партия  мүшелігіне шығарылған/ естеліктері: 

«Біз 16 желтоқсан кешкілік Алматыда болған жағдайды естідік. Ол 

жайында талқылап, келесі күні таңға Алматыға барамыз деп келістік. 

Келіскеніміздей таңға Алматыға қарай жылжи берейік дегенде, барлық 

автобустарды тоқтатып тастапты, оған қарамастан жаяу, күн суық, 

трассаға шығып, Шамалғаннан Алматыға бет алдық. Қаскелеңге жете 

бергенде жолдан әскерилер күтіп алды. Барлығымыз қайтаруға 

тырысты, ұрып-соғып, автобустарға тиеп қайтадан оқу орындарына 

апарып тастады. Сондағы ұстаған кездегі ұрғандары, тепкендері, 

соққыға жыққандары барлығы да кеше ғана болғандай есімде. Бізді 

қайта оқу орнына алып келгеннен кейін сұрақ астына алды. Мені 

Партия құрамында болғаным үшін жеке тергеуге алып, бірнеше аптаға 

түрмеге қамап қойды. Жиналыстарға салып, қинап, ұрсып, сүйектен 

өтер сөздер айтты. Жүрекке салған ізі қандай?!» Желтоқсан оқиғасы 

тек  Алматы  қаласында ғана емес, барлық  облыстарды   стихиялы  

болсада қамтыды. Халық алдында  тотаритарлық  жүйенің бет-пердесі  

ашылып,нағыз  бейнесі  көрінді.»Мені өзім  бала  күнен бері  

санамызға  сіңген партияның, комсомолдың кіршіксіз  бейнесінің бір  

сәтте жоқ  болғандығын түсіндім.  Мұздай  қаруланған әскердің  

халыққа қарай тап беруі,   тотаритарлық  жүйенің нағыз айуан бейнесін 

ашып берді» деп есіне алады Ермухаметова. Салтанат. 



Оқиғаның куәсі болған кез-келген адамның жүрегінде із қалды,оның 

өмірі мүлде  басқа  арнаға бұрылды./ оқудан шықты, жұмыстан 

қуылды, партия ,комсомол қатарынан шығарылды т.с.с./ 

Аудандарға сол ауданның оқиғаға қатысқан жастарын ұстап беру 

туралы приказдар келді. Және ол приказдарда жастарды маскүнем, 

нашақорлар ретінде айыптаған.   Аудандарда, ауылдарда жаппай іздеу  

жұмыстары жүргізілді.»Біз  қаладан  жұмысшы  ретінде  жасырынып  

шығып , Қапалдағы  Қоңыр  селосында  курстасымыз  Чинтемиров. 

Серіктің  үйінде/ол  партия  мүшесі болатын/ 1-2 апта жасырындық» 

дейді Сартолов. Қанат. 

ҚазПИ-дің тарих факультетінің студенттері   алаңда/ тақырыпқа  арқау  

болған сурет/ 

Бір өкінішті жағдай сол кезде алаңда болған жастардың нақты 

деректері қазіргі  таңда   аудан көлемінде  жинақталмаған, болашақта 

осы  мәселе  төңірегінде біраз іздену жұмыстарын жүргізуді қажет 

етеді. Ел тарихы –ер ерлігіне бастау  алатынын ескерсек, 

желтоқсаншылар ерлігінің өтеуі еліміздің егемендігі. 

Егемендік, тәуелсіздік-болашақ  ұрпаққа аманат.Желтоқсанның 

ызғарлы  аязында  шыңдалған, ұлттық  рухымыздың  еңсесі биік  

болғай. 


Аннотация: 

Бұл тақырыпты таңдауға түрткі болған жағдай 2006 жылғы «Егеменді 

Қазақстан» газетінде «Желтоқсан желі ызғарлы» мақаласында берілген 

жастар легінің суретіне қарап отырып, сол алаңға барған жастардың 

кімдер екендігі, қай оқу орнынан екен деген сұрақ мазалады?! Сол ой 

жетегінде іздену жұмыстары басталды. Бағыт бағдар берген, ұстазым 

Ермухаметова Салтанат апай еді. Алғашқы сұхбаттан-ақ мені 

қызықтырған суреттегі жастардың КазПИ-дің тарих факультетінің 

студентері екені анықталып, жетекшім берген студенттік суреттерден 



оқиғаға қатысушыларды таныдым. Бұл жұмысқа деген 

қызығушылығымды арттырып, зерттеу жұмысының қарқын алуына 

ықпалын тигізді. 

Осы тақырыпты зерттеу барысында «Декабрь 1986» құжаттық 

хроникалық материалдарды оқып шығып, жұмыс барысында осы 

құжаттағы көрсетілген стат.есептерді негізге алдым. Мұхтар Шаханов 

«Желтоқсан эпопеясы», «Алматы 1986 желтоқсан» айғақкітаптарын 

басшылыққа алдым, зерттеу жұмысының барысында желтоқсан 

оқиғасына қатысқан аудан көлеміндегі азаматтардың естеліктері мен 

құжаттары келтіріледі. 300 жылға жуық уақыт бойы аңсаған 

егемендігіне, еркіндікке жетеміз деген үмітті қайта жандырған, тарих 

қойнауына қате бағаланып енген, жастарымыздың саяси сауатылығын 

айқындатқан оқиға. Егемендік алғалы бері тек желтоқсан оқиғасы 

кезінде ұсталып, сотталған, оқудан шығарылғандар ғана 

желтоқсаншылар деп танылуда. Ал қалған бұғып, қашу арқылы 

жазадан аман қалған желтоқсан қатысушылардың бұл оқиғаның өріс 

алуында ықпалы болмағаны ма?! Бұл сұрақ Желтоқсаншылар 

мәртебесін көтеру мақсатында қайта қаралу қажет. 

Бұл жинақталған материалдарды тарих сабағында «1986 Желтоқсан» 9-

11 сыныптарында тақырыпты оқу барысында өлке тарихы ретінде 

пайдалануға болады. 

 

Бұл зерттеу жұмысының барысы тәуелсіздік  алдындағы шешуші оқиға 



болған «Желтоқсан оқиғасының» әлі де айтылмаған сырларының көп 

екендігін көрсетеді.  Желтоқсан — мұз құрсауды  еріткен .тотаритарлық  

жүйенің күйреуінің алды болған тарихи маңызы  зор оқиға. Бірақ  әліде  

болса үстірт зертеліп, өзінің оң  бағасын  алмаған, қыры мен сыры мол 

,тың  тақырып. Мен өз жұмысымда тек бірнеше адамдардың 

естеліктерін  негізге  ала отырып,сол күндердің  тарихына  үңілуге  

тырыстым. Оқиға  қатысушылардың  саны 8,500мың  десек, аудандағы  



қатысушылардың  саны қанша ма? Олардың әр қайсысының естелігі 

бір-бір тарауға  жүк  болатыны сөзсіз.Осы  оқиға қатысқан  жастардың 

көпшілігі білім саласында қызмет  атқарып, өздері  негізін  қалаған  

«Тәуелсіздік тұғырының» биік, баянды болуы үшін  жас  ұрпаққа тәлім. 

тәрбие беріп  жүр,олар бұл бақытың қалай келгенін біледі…… 

Егерде осы зерттеу жұмысына түрткі болған суреттегі барлық 

студенттерден естеліктерін алып, жазатын болсақ, сол кездегі сұрапыл 

саясат туралы көптеген мәлімет жинайтын едік. 

Жалпылама жұмыс тақырыбы келе жатқан «Тәуелсіздіктің 20» 

жылдығына байланысты активті тақырып. Келтірілген документтік 

дәлелдемелер нақты. 

Қазіргі кезде өзіміз білетіндей «Желтоқсаншылар» ретінде тек 

жазаланып, тізімге ілінген адамдарды ғана таниды. Осыны қайта қарап 

сондағы куәлерге, қатысушыларға сондай титул беруді ұсыныс етемін. 

«Желтоқсан» оқиғасының маңызын ашу, тарихи оқиғаның шеңбері 

кеңейтіліп  өз бағасын  алса деп ойлаймын.. 

Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 

адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 

1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 

адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 

адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам 

жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры 

қызметінен алынды. Желтоқсан оқиғасына «ұлт-азаттық саяси 

қозғалымс» деген баға беріліп отыр. Бұл – қазақ халқының тарихында 

ерекше орын алатын көтеріліс. Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі, 

мемлекеттілігі үшін қай заманда болсын, қозғалысын еш уақытта 

тоқтатпаған. Бұл - соның айғағы. Егемендікке жетудің жолында 

жасалған көп қадамның бірі осы Желтоқсан көтерілісі. Шындығы, бұл – 

ұлт-азаттық күрес. Өйткені бұған тек қазақтар ғана қатысты. Оған саяси 

дегенді қосуымыз керек. Бұл жердегі қойылған талап – билік басында 




қазақ отыруы тиіс. Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г.В. Колбин 

Орталық партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, 

олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз 

еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық 

бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. 

Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық 

Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Бір 

ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық 

хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан 

жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. 

Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық 

қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында 

еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. Халық 

арасында орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі, халықтың мәдени-

тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның 

қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара 

халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті. Қайта 

құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, 

мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл 

мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты. Жазықсыз жапа шеккен жастар 

Енді жазықсыз жапа шеккендер, сотталған, түрлі дәрігерлік "сынақтан” 

өткен, қорланып, намыстары тапталған жандар өмірінен деректер 

берейік. Шымкент облысы, Бөген ауданы, Ақжол ауылының тұрғыны, 

зейнеткер Ақпал Молданазарованың сол кездегі Конституциялық сотқа 

жазған арызынан үзінді: "Менің қызым Кенжегүл Молданазарова 

Алматы дәрігерлік институтының студенті. 1986 жылдың 18 желтоқсаны 

күні көшеде келе жатқан кезінде солдаттар "торына түсіп”, басынан 

қатты соққы алды. Ауруханада қызымды дұрыс қарамай, тез шығарып 

жіберген. Ол алаңға өзінің немерелес сіңлісі, байланыс техникумының 

студенті Анар Бәдренованың қайда екенін білуге барған. Анар да 

соққыға ұшыраған. Қызым Арыс, Шымкент ауруханаларында 

емделгенімен, нәтиже шықпады. Сосын оны Ташкентке алып бардық. 




Ондағы зерттеу кезінде басына қатты соққы тигендіктен миына қан 

құйыла бастағаны белгілі болды. Операция үстінде Кенжегүл дүние 

салды. Қызымның өліміне кінәлі қанішер солдаттар мен милиция 

қызметкерлері және соларға бұйрық беріп, жастарды жазалаған 

басшылар жауапқа тартылуы тиіс. Мұны мен ана ретінде өтінемін.” 

(Конституциялық сот және желтоқсан оқиғасы туралы іс, 9-том, 265-

бет.). Көздеріне қан ұялаған жендеттер қолдарына кімнің түскенін де 

ажыратып жатпады. Ұйғыр жігіті Абайдулла Рузиевтың сол кездегі 

басынан кешкенін ешкімге де тілемей-ақ қояйық. "17 желтоқсанда мені 

тұтқындады да 15 сөткеге жауып тастады. Осы 15 күн ішінде 

тергеушілер небір сұрақтар қойып, менің қайдағы бір қылмысқа 

қатыстылығымды айтып, ұрып-соғумен болды. Шағын камераға 30-дан 

артық адам әрең сиятын еді. Онда сыз тартып, суық болды. Ақыры мен 

ауырып қалдым. 15 күннен соң жұмысқа оралдым. Бірақ та 1987 

жылдың қаңтарында мені қайта шақырып, түрмеге жауып тастады. 

Тергеушілер Сафонов пен Бейсалиев менің әскери курсанттарға қол 

жұмсағаным жөнінде түсінік беруімді талап етті. Көнбеп едім, олар 

ұрып-соғуға көшті. Қорлыққа шыдай алмай, өз "кінәмді” мойындадым, 

сөйтіп 5 жылға кесіліп, айдауға кеттім. Әкем дүниеден ерте кетіп еді, 

үйде шешем үйелмелі-сүйелмелі 7 баламен қалды. Алатыны бар-жоғы 

75 сомдық зейнетақы. Айдауда жүргенде ең бір қиын учаскелерде 

болдым, тайганың 50-60 градустық аязы табанымнан өтіп, арқамнан 

шыққандай болды”. (Бұл да сонда. 10-том, 78-бет.). Алматы 

оқиғасының жаңғырығы басқа қалаларға да жетті. Барлық жерлерде 

студенттер мен жастар жиналып, ұлттық мәселені жоққа шығарып 

отырған орталықтың өктем саясатына қарсылық білдірді. Оған жауап 

ретінде жергілікті билік органдары жазалау әрекетіне көшті. Сондай 

жапа шеккендердің бірі целиноградтық Асқар Сағынаев 

Конституциялық сотқа былай деп жазды: "Алматыдағы оқиға туралы 

естіген соң, біз студенттер бірінші хатшы Г.В.Колбиннің атына қарсылық 

хат жаздық. Жоғары оқу орындарының студенттері қол жинауда 

белсенділік танытты. Сол үшін бізді ұстап, соттады. Мені бірден "есі” 




дұрыс емес деп тапты. Күштеп "емдей” бастады. 8 ай бойы олар 

жүйкеге әсер ететін дәрілерді беріп, осылайша менің "саяси 

көзқарасыммен” күресті. ...Кейіннен мен Жоғарғы Соттың шешімі 

бойынша ақталдым, өйткені менің іс-қимылымда еш қылмыс жоқ деп 

тапты. Әйтсе де бұл толық ақталу емес. Өйткені, дәрігерлер анықтаған 

"дерт” әлі де алынған жоқ. Тоталитарлық жүйенің жандайшаптары 

улаған менің денсаулығымды кім қалпына келтіреді? Олар осы күнге 

дейін адам құқын таптағандарын, сау адамды ауру қылғанын, 

мойынсұнбағандарды басып-жаншығанын еске алғылары келмейді. 

Қазір мен институтты тәмамдадым, отбасылы, бала-шағалы болдым. 

Бірақ та сонау бір аязды күндері тапталған ар-намысым кейде түн 

ұйқымды төрт бөледі. Біздің қазіргі билік органдары сол кездегі оқиғаға 

саяси баға беруге батылы бара ма екен?” (Конституциялық сот және 

желтоқсан оқиғасы туралы іс, 10-том, 66-бет.). 1992-1994 жылдарғы 

Конституциялық сотқа жазылған осындай хаттардағы оқиғаларды 

талдап қарайтын болсақ, онда жазалау әдістерінің бір-бірімен 

ұқсастығын байқаймыз. Сол кезде бұқаралык ақпарат құралдары бұл 

туралы неге жазбаған? Оның себебі айдан анық. Егер шындықты 

адамдар білетін болса онда: "Бір топ бұзақы маскүнемдер мен 

нашақорлардан басқа Қазақстанның еңбеккерлері пленум шешімін 

бірауыздан мақұлдады”, деген жалған ақпар иесі – ТАСС-тың өтірігі 

шығар еді. Сонымен бірге ойдан шығарған ақпараттарды таратуға 

қатысқан Соломенцев пен Колбиннің беделі түсер еді. Олар үшін ең 

қорқыныштысы осы болатын. Бірақ, бір нәрсе айқын: алаңға шыққан 

жастардың қимылын билеп-төстеушілер бәрібір қылмыс деп 

жариялады. Осыдан барып олар жастарды соққыға алды. Қазіргі күнге 

дейін қанша адам тұтқындалғанын ешкім айта алмайды. Өйткені, құқық 

қорғау органдарының құжаттарында "келісім” жоқ. Олардың жаттанды 

жауабы: "Сақтауға деген шектеулі мерзімнің бітуіне байланысты 

барлық құжаттар кезінде өртелінген”. 

1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкiл елдi дүр 

сiлкiндiрген ғаламат көтеріліс болды. Совет өкiметi тұсында бұрын-




соңды кездеспеген құбылыс Алматыда демонстрация «Брежнев 

алаңында қаптаған жұрт”, «Көшелерде сап түзеп бара жатқан жастар” 

деген лебiздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсiне 

алмай дал болды. Демонстрация, алды-артымызды бағамдағанша, ес 

жиып ой қорытқанша болмай, аяусыз басылды. Артынша бұл оқиға 

1825 жылғы орыс декабристерiнiң iс-қимылымен салыстырылып, 

желтоқсан қаһармандары «қазақ декабристерi” аталып, бiрден-бiрге 

айбыны асқақтай түстi. ”Жалын атқан жастар арандап қалды-ау” деп 

жанашырлық ниет-пейiл бiлдiргендер де болмай қалған жоқ. Бiрақ ол 

сөздер ашық айтылмай, «аузы күйген үрiп iшедiнiң” кебi келiп, 

жасырын үрке қарап, бiр-жар адамдардың басы қосылып 

шүйiркелескенде, сыр шертiскенде ғана айтылып жүрдi. Жалпы үрей, 

қорқыныш билеген жұрт сең соққандай күйде едi. 

«Қазақ» деген қаным бар деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам 

десең атыңдар» деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы да тым жақында 

естіліп еді ғой?! Осы азаттық үшін үнемі күрескен халықтың еншісіне 

тиген қайғы-қасіретті көре жүріп, көтере білген халық нағыз қайсар 

халық емес пе?! Бордай тозып, жоқ болып кетпей «тағдырдың тезінен, 

тозақтың өзінен аман-сау қалған халық» нағыз ұлы халық екенін таныта 

білді. Көрген ауыр хикметінен кейін де «бас шұлғып, үнсіз көнетін» 

әдетті бойларына жұқтырған жоқ. Қанына намыс дарыған, рухына кие 

енген халық үнемі тәуелсіздікке ұмтылды. Көксеген тәуелсіздігін алды. 

Терезі тең, байрағы желбіреген ұлттар санатына ілігу үшін талай 

ауыртпалық бастан өтті. Енді мұхиттың арғы жағындағы Біріккен Ұлттар 

Ұйымында көк байрағы, алтын зерімен күнге шағылыса желбірейді. 

Саяси қуғын-сүргін көргендерді ақтады, басына ескерткіш орнатты. 70 

жыл сананы улаған қызыл заманның солақай саясатының күлпаршасын 

шығарды. Қазақ хандарының, билерінің, батырларының рухы халқына 

кие болып оралды. Ұлттық діл мен дін жүрегімізге еніп, алпыс екі 

тамырға қуат таратты. Иә, өткенге салауат… Өткен күндер өксік кернеп 

өкінсе де, болашаққа батыл қараймыз. 



Қазақстандағы 1986 жылғы қазақ халқы жастарының серпілісі азаттық 

қозғалысы шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. 

«Желтоқсан көтерілісі – ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы. 

Яғни біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі – осының бәрінің 

қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол 

астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі 

деңгейдегі 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді. Соның 

қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс – Желтоқсан 

көтерілісі», — деді ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов. Демек бұл 

әншейін ауыз толтырып айтуға қана жарайтын оқиға емес, бұл шын 

мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып 

басуға мәжбүр еткен көтеріліс екендігінде дау болмаса керек. 

Қазіргі таңда 16-17 желтоқсанды тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады. 

Сондықтан 16 желтоқсанның қасыретті күн екендігін жадымызда 

сақтап әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың 

ақталған күні екендігін сезінуіміз қажет. Бұл күні қара жамылып отыру 

орынсыз. Сол себепті де әрі арманға қол жеткізген күн деп шаттық 

ретінде атап өтіп, екінші жағынан Желтоқсан құрбандарына да тағзым 

ете жүруіміз керек. 

Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да – Желтоқсан. 

 

 

 

 

 

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы» Деректі роман Алматы 

2006 3 бет. 

2. Қазақстаннң қазіргі заман тарихы: хрестоматия. (1917-1939 жж.) 

редакция басшысы Қ.С.Қаражанов – Алматы 2007 жыл (105 бет). 

3. Ұлы дала тарихы.   Г.В. Кан, Е.Л.Тоғжанов,  Астана -  2015 жыл. (39 

бет) 

4. Н.Ә. Назарбаев -  Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2009 жыл.  



5. Қазақстан тарихы (ХХ ғасырдың басы — бүгінгі күнге 

дейін). М. Қозыбаев, К. Нұрпейiс, Қ. Жүкешев. 2013 жыл, 

381-382 бет. 

6. Қазақ ССР тарихы, 4-том. Алматы, 1985 ж. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет