а) Терезе аты b)Таңдау жолағы. Жұмылдырылған жолақ c) Статус иконкалары d) Жолақтар (Қатарлар) е) Дисплей клавиштері
Тахеометрмен жұмыс істеу
Үшаяқтың темір бөлшектері мен ағаш бөлшектерінің арасындағыбайланыс мықты және тығыз болу керек.
Бүйіржақ кілттің көмегімен аяқтарды үстелге мықтап бекітеміз. Аяқтардың барлық болттарын тартамыз. (жоғарыдағы сурет). Штативті (үшаяқты) орнатамыз.
1.Штатив аяғын бекітіп қоятын бұрандаларды босатып, аяқтарды өзімізге керек шамаға ұзартып, бекітеміз. 2.Штативті орнықты орнату үшін аяқтарын жерге сіңдіріп қою керек.Аяқтарды сіңдіру үшін күшті аяқ барытына паралельбағыттау керек. Штативті орнату барысында штатив үстелінің (басының) горизонталь орналасуын қадағалаңыз. Горизонталь жазықтықтан ауытқуын трегер бұрандаларының көмегімен түзетеді. Электрондық тахеометрді лазерлі тіктеуіш көмегімен пункт үстіне центрлейміз, горизонтальдаймыз. Нүктелердің координаталары мен биіктіктері тікелей геодезиялық есепті шешу арқылы анықталады. Ол үшін тахеометриялық диаграммасына сәйкес жердегі көлденең және тік бұрыштарды және көлденең қашықтықтарды өлшеу қажет.
Жұмыс келесі әдіс бойынша жүргізілуі керек:
1. Станцияны нүктеден жоғары орнату. Орындау реті:
-нүктенің үстіне штатив орнату
-оған тахеометрді бекіту
-окулярды пайдаланып центрлеу және тахеометрді көкжиекке жеткізу.
2. Бастапқы нүктеге бағдарлау. Орындау реті:
- бекіткіш бұрандаларды босатып, көздеу құралын пайдаланып нысананы көздеу
- бұрандаларды бекіту
- фокустау
- бұрандаларды реттеу арқылы дәл нысанаға алу
3. Өлшенген нүктеге нұсқау
-бекіту бұрандаларын босатып, көздеу құрылғысының көмегімен нысананы көздеу
-фокустау бұрандаларын бекіту
-бұрандаларды реттеу арқылы дәл нысанаға алу
4. Өлшеу және деректерді жазу
5. Станцияны өзгерту
Leica аспаптары зауытта тексеріледі және түзетіледі. Тексерілген, түзетілген құрал уақыт өткен сайын және температураныңөзгеруінебайланысты бұзылуы мүмкін. Сондықтан бірінші рет қолданбай тұрып, өте жоғары дәлдікті өлшеулер алдында, ұзак уақыт тасымалдаған соң, ұзақ уақыт жұмыс істеген соңқұралды тексеріп, тузету керек. Тексеру, тузету жұмыстарын орындау үшін электрондық көпіршіктің көмегімен тахеометрді өте мұқият нивелирлеу, яғни горизонталь жағдайғакелтіру керек. Тахеометрді өте бекем және сенімді орнату, күн сәулесінен қорғау керек. Тахеометрмен жұмыс істеу үшін қателерін анықтап түзету керек.Тахеометр қателерін анықтауға мыналар жатады:
Коллимациялыққатесін анықтау.
Тік жазықтықтағы лимбаның нөлдік орнын (зенитті) анықтау және электрондық, көпіршікті тексеру.
Теңестірушініңұзынабойлық және кесе-көлденеңқателіктері.
Дүрбінің айналатын осі орныныңқателіктері.
Қорытынды Қорыта келгенде көріп отырғанымыздай заманауи геодезиялық аспаптардың геодезиялыөқоғамда алатын орны ерекше. Олардың жұмыс режимінің барлығы автоматты түрде жүргізілетіндіктен геодезисткеауырлық түспейді. Далалық жағдайларда жұмыс жасауға тиімді, жеңіл, пайдалануға ыңғайлы жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар дәлдігі жоғары геодезиялық аспаптар нәтижелердің еңбек өнімділігінарттырады және қателіктерді азайтады. Бұл аспаптар жаңартыла бастағалы қоршаған орта жағдайларына төзімді, корозияға шыдамды болуда. XXI ғасыр даму ғасыры болғандықтан адамдар тыншыр емес, сол сияқты геодезиялық аспаптардың да дамуы қарқынды жүргізілуде. Соның арқасында кез келген адам өзінің тұрған орнының географиялық координаталарың анықтап, барар жерін адаспай тауып бара алады. Электронды тахеометрдің басты ерекшелігінің бірі, онда кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтықөлшеуіш біріктірілген. Ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердін түсіру планын сызады.
Пайдаланылған әдебиеттер: Системы на платформо CREDO IN. Книга 3. Работа в профиле.Руководство пользователя. - Минск, 2008.
Рысбеков К.Б., Нурпейсова Т.Б. Геодезиялық түсірістерді электронды Тахеометрмен қамтамасыз ету және оның деректерін Сredo комплексінде өңдеу. - Алматы: КазҰТУ, 2005.
Геодезия : оқулық / Т. Д. Джуламанов. - Алматы : ССК, 2017. - 234 б