Жоспар Кіріспе «Құқық негіздері» оқу пәні ретінде Мемлекеттің түсінігі және белгілері Құқықтың түсінігі мен белгілері Мемлекет пен құқықтың пайда болуы. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі Нормативтік құқықтық актілер құқықтың қайнар көзі


Мемлекеттің түсінігі және белгілері



бет2/5
Дата09.01.2023
өлшемі29,12 Kb.
#60724
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-23907

2.Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Мемлекет – адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым. Мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым – қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым. Мемлекет – қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым. Мемлекеттің белгілері: Аумағының болуы: Аталған аумақта сол мемлекеттің тұрғындары, халқы шоғырландырылады және осы аумақтың көлемінде мемлекеттің билігі таралып әске асырылады. Мемлекеттік /бұқаралық/ биліктің болуы: Бұқаралық билікке мемлекеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады. Халқының болуы: мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың арасындағы қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін, сол халыққа арналған құқықтық – нормативтік актілерді қабылдайды. Мемлекеттің егемендігі: мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі. Мемлекеттің егемендігін 3 жақта қарастыруға болады; 1биліктің үстемдігі 2биліктің тұтастығы 3биліктің тәуелсіздігі Құқықтың, заңдардың болуы: Мемлекет өзінің саясатын, билігін белгілі бір құқықтық нормативті актілерді қабылдау арқылы іске асырады. Қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Салық пен салық жүйесінің болуы: Салықтар, алымдар, төлемақылар – мемлекеттік аппаратты, қызметкерлерді ұстауға, қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын, мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын халық табысының бір бөлігі.
3.Құқықтың түсінігі мен белгілері
Құқық – қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі. Құқықтың таптық мәні – құқықты қоғамдағы экономикалық жағынан басым, үстем болып отырған таптың еркі деп түсіну. Құқықтың жалпыәлеуметтік мәні – құқықтық қоғамды ұйымдастырып, татулықта, бірлікте ұстап отырған және адамдардың барлық топтарының еркі деп түсіндіру. Құқық – ресми түрде танылған, жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі, құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Құқық – адам мен қоғамның жаратылысымен байлансты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей міндетті құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып 2 топқа бөлінеді. 1Құқықтың жалпы белгісі: әлеуметтік – тарихи табиғаты, құқық бір тарихи кезеңнің, нақты бір қоғамдық қатынастардың жиынтығы. 2Құқықтың ерекше белгілері: Нормативтілігі: рұқсат берудің, тыйым салудың және міндеттеудің шегін анықтайтын құқық нормасында мінез – құлықтың жалпы көлемін бекіту. Жалпы міндеттілік сипаты: Нормаларының талаптарын қоғамның барлық мүшелері еріктерімен сақтап, орындауға тиістілігі. Формальды айқындылығы: құқықтың нормалары мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде бекітіледі. Рәсімділігі: құқықтық нормативтік актілердің, заңдардың қабылдану, іске асырылу және орындалу тәртібінің белгіленген рет – жосықтылықпен реттелуі. Бір тұлғаға ғана бағытталмағандығы: құқық бір ғана тұлға емес, халықтың ортақ мүдделерін іске асыруға, құқықтарын қорғауға бағытталуы. Бір әрекетті еместігі: құқықтың нормалары бір сәттік емес, керісінше өзінің күшін жойғанша үнемі күшінде болатындығы. Мемлекетпен байланыстылығы: құқықты мемлекет белгілеп, айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет