4.Мемлекет пен құқықтың пайда болуы. Мемлекет пен құқық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер б.з.б. 4 – 5 мыңжылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді. Мемлкеттің пайда болу үрдісінің негізінде адамдардың қажеттіліктерді қанағаттандырудан туындайтын іс – әрекеттерінің сан түрге бөліну және көбею заңы жатыр. Қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің, бай және кедей сияқты таптардың қалыптасуы, көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу, аумақтың анықталуы сияқты құбылыстар мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды. Ғылымға «мемлекет» терминін алғаш рет итальяндық ойшыл Николло Макиавелли енгізген. Мемлекеттің қалыптасуының 3жолы анықталған: Шығыстық жол: күрделі істерді жүзеге асыру үшін арнаулы басқару аппараты қажет болды. Ол аппарат жетіле келе мемлекетке айналды. Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептері: Ірі ирригациялық жүйелерді салу Оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, ұйымдастыру. Атқарылатын жұмыстарды бір орталықтан басқару Батыстық жол: Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, мүліктік теңсіздіктің және таптардың қалыптасуы нәтижесінде пайда болды. Аралас жол: Мемлекеттің пайда болуының рулық, тайпалық құрылыстан ерте феодалдық мемлекетке бірден өткен елдерге тән. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы теориялар: Теологиялық теория: Биліктің барлығы құдайдан тарайды, құдай жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының, оның ішінде мемлекеттің де жаратушысы./Тертулиан, Августин, Аквинский/ Патриархалдық теория: Отбасы руға, ру тайпаларға, тайпалар тайпа одағына, ал тайпалар одағы белгілі бір мемлекетке бірігіп, нәтижесінде мемлекет пайда болады деп түсіндіреді./Аристотель, Конфуций, Фильмер/ Шарттар теориясы: мемлекет халық пен оны басқарушылар арасындағы адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулықта, бағыныштылықта тұру туралы келісімшарт жасасудың нәтижесінде пайда болды./Гоббс,Локк, Руссо, Дидро/ Маркстік теория: Мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің және бір – біріне қарама – қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда болды. Зорлық, күштеу теориясы: мемлекет өзінің ішінде руларды, тайпаларды, халықты, ұлтты, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу, күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп нәтижесінде мемлекет қалыптасады./Дюринг, Каутский, Гумплович/ Психологиялық теория: Мемлекет психологиялық үрдістердің, қасиеттердің нәтижесінде пайда болған./Петражицский/ 5.Мемлекеттің нысандары. Мемлекеттің нысаны – мемлекеттік биліктің қалыптасу, бөліну және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы, мемлекеттік билікті ұйымдастыру және оның құрылымы. Мемлекет нысаны, бұл – мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру мен ұйымдастырудың белгіленген тәртібі, мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен, мемлекет нысаны негізгі 3 элементтен түзіледі: Мемлекетті басқару нысанынан Мемлекеттің құрылым нысанынан Мемлекеттік, саяси тәртіп нысанынан Мемлекеттің басқару нысаны – мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттік сәйкестігі. Елдегі жоғарғы биліктің даралықпен немесе көпшілікпен іске асырылуына байланысты мемлекет басқарылу нысандарына қарай 2-ге бөлінеді: 1.Монархиялық 2.Республикалық Монархия – елдегі жоғарғы мемлекеттік билік мұрагарлік арқылы берілетін өмір бойғы, дара билеудің нысаны. Монархиялық мемлекет өз кезегінде абсолюттік, парламенттік, конституциялық, аралас монархия болып бөлінеді. Абсолюттік монархия – мемлекеттік билік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі сияқты 3 тармағы бір адамның, монархтың қолына шоғырландырылады және соның тікелей араласуымен іске асырылады. Конституциялық және парламенттік монархияда монархтың билігі конституциямен немесе парламенттің іс – әрекетімен шектелген. Республика – мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары халықтың еркін дауыс беруі арқылы белгілі бір мерзімге сайлау арқылы қалыптасатын басқару нысаны. Республикалық басқару нысаның президенттік, парламенттік және аралас басқару сияқты түрлері бар. Президенттік басқарудың негізгі белгілері: Мемлекеттің басшысы Президенттің бүкіл халықтың дауыс беруі тәсілі арқылы сайлануы Мемлекет басшысы Президент бір мезгілде атқарушы биліктің басшысы болып саналады Мемлекеттік биліктің заң шығару билігі, атқару билігі және сот билігі сияқты 3 тармаққа міндетті түрде бөлінуі Парламенттіік басқару барысында бүкілхалықтық жолмен сайланған Парламенттің рөлі мен маңызы басқа Президент, Үкімет сияқты институттарға қарағанда жоғары.Парламенттік басқарудың белгілері: Мемлекеттік биліктің қатаң тармақтарға бөлінуі айқын байқалмайды. Заң шығарушы және атқарушы биліктің ынтымақтасып әрекет жасау тәртібі сақталады. Мемлекеттің құрылым нысаны – мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы. Мемлекет әкімшілік – аумақтық құрылымына қарай біртұтас, федеративті, конфедеративті болып келеді. Біртұтас мемлекет – өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ ұсақ әкімшілік – аумақтық бірлестіктерден тұратын тұтас мемлекет. Біртұтас мемлекеттің белгілері: Жалпы елге ортақ заң шығару, атқару, сот органдарының болуы. Халықтық деңгейде әрекет жасайтын құқық және ақша жүйелерінің тұтастығы Бүкіл біртұтас мемлекеттің аумағына ортақ заңдардың болуы Федеративті мемлекет – орталық пен жергілікті жердегі билік органдарының қарым – қатынастары ортақ конституциямен бекітілген билік нысаны мен құзыретінің бөлінуіне негізделген, салыстырмалы мемлекет тектес бірлестіктерден құралған тұтас одақтас мемлекет. Федерациялық одақ жекелену қағидатына негізделеді. Федерацияның нысандық белгісіне қосарланған азаматтық болуы жатады. Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрылған одақ. Мемлекеттің саяси режимі – мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы. Саяси режимдердің түрлері: Демократиялық Антидемократиялық Антидемократиялық саяси режим өз кезегінде: Авторитарлық Тоталитарлық Фашистік режимдер болып жіктеледі Демократиялық саяси режимнің нышандары: Әр түрлі партиялар, бірлестіктер, қозғалыстар Конституция шеңберінде еркін әрекет етеді Қоғамда әр түрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден – бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады Мемлекет өз органдарын сайлау жолымен құрады. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады Антидемократиялық саяси режимнің нышандары: Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады Идеологиялық пікір алуандығы болмайды Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды Демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі Жаппай қуғын – сүргін және заңсыздықтар орын алады Тоталитаризм белгілері: бір ғана бұқаралық партия, бір идеологияның үстемдігі, экономиканы басқару мен бақылаудың орталықтанған жүйесі. Авторитаризм көп жағдайда тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Авторитаризм тұсында көппартиялылық, меншіктің көптүрлілігі, біртұтас идеологияның болмауы байқалады. 6.Мемлекеттің қызметтері. Мемлекеттің қызметтері – қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік жағдайы мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, әлеуметтік топтарға, тұлғаларға, басқа мемлекеттерге бағытталған белсенділігінің әр түрлі көрінісі. Қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіретін және реттейтін мемлекеттік ықпал жасау құралдарын шартты түрде құқықтық және ұйымдастырушылық деп 2-ге бөлуге болады. Мемлекет қызметінің құқықтық нысанда іске асырылуына құқық шығару, құқық қолдану және құқық қорғау жатады. Құқық шығару қызметі – нормативтік құқықтық актілерді санкциялау, жасау, қабылдау, ескілерінің күшін жою сияқты мемлекеттің іс – әрекеттері. Құқық қолдану қызметі – қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды мемлкеттің қолдануы. Құқық қорғау қызметі – нормативтік құқықтық кесімдердің дұрыс орындалуын және сақталуын қадағалау. Мемлекет қызметінің ұйымдастырылу арқылы жүзеге асырылу нысаны не әдісі тұрғындардың іс – әрекетінің жағдайына ықпал жасау болып табылады. Басқа да мемлекет атқаратын қызметтер: Құқыққа түсінік беру Құқық белгілеу Заң қабылдау Өкім, үкім шығару Жаза тағайындау Қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қылмыспен күрес Адам, азамат құқығын, бостандығын қорғау Халықаралық лаңкестікпен күрес Экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, мәдени – тәрбиелік, саяси, табиғатты қорғау Сыртқы істерді жүргізу, т.б. 7. Құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекет – жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мақсаты: жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету. Адамдардың жаратылыстық, табиғи құқықтарының арасындағы ең маңыздыларының бірі – адамның меншік құқығы. Адамның табиғи құқықтарының бірі – өмір сүру құқығы және бостандық, еркіндік құқығы. Құқықтық мемлекетке тән ерекшеліктер: Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі мен мызғымастығы толық сақталады. Мемлекет адам мен жеке тұлғаның белгілі бір еркіндік шеңберін мойындап, ол аумаққа қол сұқпауға тырысады. Адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары, билік пен жеке адамның арақатынасы халықтың егемендігі мұратына негізделеді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің құралы мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот билігі сияқты тармақтарға бөлініп атқарылуы. Құқықтық мемлекет өмірдің барлық саласында құқықтың үстем болуымен сипатталады. Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі нығаяды. Құқықтық мемлекет – адамның мемлекетпен және басқа адамдармен қарым – қатынасы барысында құқықтық қорғалуына, бостандығына, әділдікке кепілдік берілуі арқылы мемлекеттің биліктік ықпалы шектелетін, мемлекет пен жеке адам арасындағы құқыққа негізделген байланыстың тәсілі.