Бүгінгі күні Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын ұғындыру;
Сынып сағатының міндеті
Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Тұрмыстық сауаттылық
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі
Жүру барысын алдын ала үйлестіру
Алғашқы сөз (кезең)
Ортаңғы кезең
Тапсырмалар легі
Соңы (бекіту)
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылыТәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Сіздер білесіздер, кең байтақҚазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақхалқыныңұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақхалқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
Біздің Отанымыз — Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.
Республика халқының саны 18 миллионнан астам.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 136 ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.
Енді сайыс барысына тоқталсақ.
1.Таныстыру «Сәлем сөздің анасы»
2. Миллион кімге бұйырады. Сұрақ-жауап
3. «Тіл өнері»
4. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
5. Үй жұмысы «Тапқыр болсаң тауып шеш»
Сәлемдесу игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап кейде шешер
Жақсы сөзге жан семірер қашанда,
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
1. Таныстыру
2. «Миллион кімге бұйырады ?»
1-топ
1.Бірлігі жоқ ел тозады (бірлігі күшті ел озады)
2. Салтанатты ән ( әнұран)
3. Әдепті бала арлы бала (әдепсіз бала сорлы бала)
4. Бірлік күні қашан тойланады? (1-мамыр)
5. Астанамыз 10 жасқа қашан толды.
2 – топ
Досы көппен сыйлас (досы азбен сырлас)
2. Елтаңба авторы? (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков.)
3. Біздің елімізде 1 мамыр мерекесін қашаннан бастап атап өтілді?(Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бастап)
4. Желтоқсан көтерілісі өткен қала. (Алматы)
10. 1 мамыр мерекесін кімдер тойлайды?
3 – топ
1. Бірлік түбі-тірлік
2. Саусақ бірікпей-ине іліктейді
3.Қазақстанның соңғы астанасы (Астана)
4. Еліміздің алғашқы президенті. (Н.Ә.Назарбаев)
5.Ата Заңы қабылданған күн?( 1995 ж 30 тамыз)
III. «Тіл өнері»
Бұл бөлімде мақал-мәтелдің түсіп қалға сөздерін тауып, 3 тілдегі баламасын айтады.
Құсқа екі қанат қандай қажет болса, осы күнгі қазақ жастарына осы 3 тілді білу сондай қажет.
1 – топ
1.Білім теңіз(мектеп) кеме (школа, мектеп, school)
2.(Қыз) қылығымен көркем.( қыз, девочка, girl)
3. Өнер ады қызыл (тіл) (тіл, язык, language)
2 – топ
1.Жалқаудың жаны тәтті еңбектің (наны) тәтті.( нан, хлеб, bread)
2. Таяқ еттен өтеді (сөз) сүйектен өтеді( сөз, слово, words)
3. ( Ана) көңілі балада.( ана, мать, mother)
3 –топ
1. Көңілдегі сырды (көз) білдіреді. (көз, глаза, eyes)
2. Сіз деген әдеп, (біз) деген көмек. (біз, мы, we)
3, Атадан (ұл) туса игі, ата жолын қуса игі. (ұл, мальчик, boy)
IY. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Күлдіргі жұмбақтар.
1 топ
1.Егер түнгі сағат 12 де жаңбыр жауса, онан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түседі ме? (бұл түн мезгілі)
2. 1 т мақта ауырма, әлде 1 т темір ауыр ма? (тең)
3. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны өзінен көрі басқалар көбірек айтады. (сенің есімің)
2 топ.
1. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (аспан суреті судан көрінген кезде)
2.Үш түйеқұс ұшып келе жатты, аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
3. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? (мысық)
3 топ
1.Жұмыртқа 12 мин піседі, ал он жұмыртқа неше минутта піседі? (12 мин)
2. Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар, жанұяда неше бала бар? (6 бала)
3. Ұшақ Шымкенттен Астанаға дейін 1 сағ 20 минутта ұшады. Ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұны қалай түсіндіресің? (тең)
YI. «Үй жұмысы «Тапқыр болсаң тауып шеш
Ребус шешу: 1-топ ; Жауабы. Тәуелсіз елім-тірегім, Қазақстан ұлы –елім.
2-топ. Бірлік түбі тірлік.
3-топ. Қашқаридің ұлағатты сөзін оқи аласыздар:
Дос адам сарайыңды жұмақ етер.
Бес бармақ әдісі.
Бас бармақ- Сіз үшін өткен сабақтың маңыздылығы қандай болды?
Балан үйрек- Сабақ сіздің біліміңіздің толығуына ісер етті ме?
Ортан терек- Сабақ сізге жаңа серпін бере алды ма?
Шылдыр шүмек- «Теңге- тәуелсіздік символы» деген оймен келісесіз бе?
Кішкене бөбек- Тілек.