Жоспар Кіріспе І. Негізгі бөлім


Әлемге белгілі патшалар мен саясатшылар



бет4/5
Дата28.09.2024
өлшемі62,16 Kb.
#146027
1   2   3   4   5
Байланысты:
Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі (1)

Әлемге белгілі патшалар мен саясатшылар: Александр Македонский, Юлий Цезарь, Ұлы Карл, Наполен Банопарт, Петр І, Жанна д׳Арк, Виктория патшайым, Елизавета патшайым, Ханзада Уильям, Фидель Кастро, Гарри Трумен, Уинстон Черчилль, Ганди, Жеймс Коллаген, Горацио Нельсон, сондай-ақ, Американың үш президенті Рональд Рейган, Джордж Буш (үлкені), Билл Клинтон;


Ғалым, философтар: Исаак Ньютон, Чарлз Дарвин, Иван Павлов, Альберт Эйнштейн, Герман Гольмгольц, Аристотель, Ницще Фридрих;
Әлемнің ең бай адамдары: Билл Гейс, Николь Кидман, Генри Форд, Жон Рокфеллер;
Суретшілер мен спортшылар: Микеланджело Буанаротти, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Рубенс, Пикассо, Жон Макинрой, Пит Сампрас, Моника Селеш, Мартина Навратилова, Диего Марадона;
Ақын-жазушылар: Льюис Керрол, Пушкин, Толстой, Марк Твен, Гете, Бенжамин Франклин, Франц Кафка, Николай Лесков, Усман Носир, Гулханий, Абдулхамид Мажитий;
Композитор, киножұлдыздар: Джимми Хандрикс, Ринго Стар, Моцарт, Бетховен, Пол Маккартни, Шопен, Роберт Шуман, Чарли Чаплин, Роберт де Ниро, Сильвестр Сталлоне, Жулия Робертс, Том Круз, Вупи Голдберг, Брюс Уиллис, Деми Мур, Амитабх Баччан, Абхишек Баччан, Айша Такия, Каран Жохар, Прокофьев, Грета Гарбо, Брет Питт, Анжелина Жоли, Рикки Мартин, Мила Йовович, Селин Дион, Киану Ривз, Жеймс Камерон, Жим Керри, Мерлин Монро, Барт Симпсон, Николо Поганини және басқа түрлі кәсіппен атақты болғандар Дин Кемпбелл, Роберт Гриндан, Франклин Уинборн тағы басқалар…
Қазақ халқында да солақай асыл азаматтар жетерлік. Қазақтың бір туар сазгер-күйшісі Нұрғиса Тілендиев, сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш спорт журналшысы болған Сейдахмет Бердіқұлов, танымал суретшісі Гүлфайрус Исмаилова тағы басқалар.
Солақай жазушылар жер жүзінде солақайлармен байланысты көптеген шығармалар жазып қалдырған. Бәрімізге белгілі «Алиса айналар артында» кітабының авторы Льюис Керрол өзі солақай болғандықтан шығармадағы бас кейіпкердің яғни солақай адамның көңіл-күйін өте шеберлікпен бейнелеген. Ұлы орыс жазушысы Николай Лесков та солақай болып, ол ХХІ ғасыр солақайларына арналған шығармасын жазған. Ал, ағылшын ғалымы Крис мак-Манус өзінің «Правая рука, левая рука» кітабында бүкіл адамзат тарихында солақайлардың оңақай адамдарға қарағанда жоғары жетістіктерге қол жеткізгендігі туралы толығымен жазған.
АҚШ-тың Канзас штатындағы Топика қаласында халықаралық солақайлар ұйымы бар. Оның негізін қалаушы Дин Кемпбеллдің «Солақайлар туралы Заңында» солақайлар құқығы кеңінен жазылған.
Солақайлар құқығын қорғауға 1980 жылда Америка полицейі Франклин Уинборнның жұмыстан босатылуы себепші болған. Ол солақай болғандықтан заң бұзушылыққа жол қойып, оң тарапта алып жүретін тапаншасын соң тарапта қолданғаны үшін айыпталып, оны қорғау үшін солақайлар арасында үлкен көтеріліс ұйымдастырылған. Осылайша, 1980 жылдан бастап солақайларға соң қолды еркін пайдалану құқығы берілген.
Солақайлар солтүстік Америка, Европа елдерінде көп ұшырайды. Кейбір мемлекеттерде солақайлар үшін арнайы дүкендер ашылып, онда соң қолға ыңғайлы қайшы, музыка, спорт және тігіншілік құралдары, тіпті компьютерлер де сатылады екен.
Бала өзінің солақай екенін көбінесе мектепке барып, балаларға қосылғанда түсінеді. Бұл кезде педагогтардың, ата-аналардың солақай балаға «оң қолың жоқ па, неге оң қолмен жазбайсың, оң қолмен тамақ ішпейсің» деген зілді сөздері дұрыс емес. Бала өзін айыпты сезінбеуі керек. Мұғалім балаға әдемі жазбағаны үшін төмен баға қойған кезде, солақайлықты себеп қылып көрсетпеуге тиіс. Баланың өзіне ыңғайлы қолмен жазуына мүмкіндік беру керек. Солақай бала жазуды үйренуге біраз қиналады: дәптерді қисық ұстайды, тез жаза алмайды, жазған жазуын қолымен жасырып, көре алмайды… Бірақ үйреніп кеткеннен кейін, әдемі де тез жаза алады. Кейбір бастауышта солақай болған балалар уақыт өте келе өз-өзінен оң қолға үйреніп кетеді. Сондықтан, ересектер арасында балаларға қарағанда солақайлар кем кездеседі.
Кейде солақайларға «ұят» деп айқайлайтын адамдарды да көп кездестіреміз. «Ұят» түсінігін бала «кемістік» деп қабылдайды, нәтижеде жүйкесіне қатты әсер етіп, баланың білім алуға да қызығушылығы төмендейді.
Мектепте солақай балалардан алынған бақылаулар нәтижесінде, оң қолға мәжбүрленбейтін, ешкім мазаламайтын балалардың солақай болғанына мақтанатындығы анықталды. Ал оларды оңақай болуға күштеу, өздерін айыпты сезініп, солақайлығынан өкінулеріне соқтырады екен. Тіпті, солақай жандардың оң қолмен тамақ жегенде ішіп отырған асының дәм-тұзын тұшына алмайтындарын ғылыми түрде ғалымдар дәлелдеген. Мидың оң бөлігі пікірлеу, сезіну, тыңдау функцияларын, ал сол бөлігі кеңістіктерді бағдарлау, есептеу, мақсатқа ұмтылуды белгілейді. Мидың оң бөлігі сол қолды басқарса, сол бөлігі оң қолды басқарады. Сондықтан, солақай балаларды қайта оң қолды пайдалануға үйрету қажетсіз және зиянды. Бұл — бала табиғатына керісінше, зардап әкеліп, миы зақымданады. Ол психикалық жарақат пен неврозға, тіл кемшіліктеріне соқтырады. Солақайлар өз мақсатына жету үшін қандай қиыншылыққа көнуге даяр. Оларды – оң қолды пайдалануға күштеу, кемсіту, «солақай» деп атау, күлу, басқа балалардан айыру, жүзіне айту, айыптау – үлкен қателік. Баланың үнемі сол қолын пайдалана беруінен алаңдамаңыз. Себебі баланың бас миы неге бұйырса, сол бойынша жұмыс жасайды. Яғни, солақайлық – баланың емес, мидың таңдауы екенін ұмытпаңыз. Сіз оңақайлыққа мәжбүрлеу арқылы миды өзгертуге әрекет жасаған боласыз. Солақайлық — кез келген адамға бұйыра бермейтін қасиет екендігін бала тәрбиесімен шұғылданатын адамдар түсіну керек.
Солақай балалар мен басқа балалардың мінез-құлқында айырмашылықтар байқалады. Солақай балаларда сезімталдық басым болып, олар кішкентай кезінен басқа балалармен араласпай өзімен-өзі сурет салу, сызумен айналысып қалуы күзетіледі. Әсіресе, музыка тыңдап, оны қайталап айтуға әуес болады. Олардың тілдері жайлап шығуы, кейбір сөздерді қате айтуы мүмкін, бірақ кейіннен дұрыс сөйлеп кетеді. Солақай адамдар сенгіш, өзгеруші, нәзік көңілді, көңіл-күйіне қарап қарым-қатынас жасайтын жандар. Олардың ішінде бетге шабатын, ашушан, дөрекі, қайсар балалар өте кем кездеседі.
Баланың оңақай немесе солақай екенін анықтайтын және қолдардың белсенділігін арттыру үшін қолданылатын жаттығулар:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет