Жоспар Кіріспе І. Негізгі бөлім



бет5/5
Дата28.09.2024
өлшемі62,16 Kb.
#146027
1   2   3   4   5
Байланысты:
Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі (1)

«Жұмық көздер». Баланың көзін орамалмен байлап, алдына қарай тұра жүргіземіз. Егер бала оң жаққа қарай жылжып барса, ол солақай болады. Сол жаққа ағып кетсе, ол бала оңақай болады.

  • «Каракуле». Тақтаға солақай баламен оңақай бала шығады. Олар екі тарапқа екі қолдарымен бір уақытта каракуле сызбасын сызады. Екі сызбаны салыстырған кезде, оңақай баланың сызбасының оң тарапы, солақай баланың сызбасының сол тарапы біртегіс көрінеді.

  • «Дирижер» жаттығуын қол белсенділігін арттыру үшін пайдалануға болады: балаларға қол арқылы (3 И) дирижерлық әрекеті істелінеді.

  • «Сиқырлы айна» жаттығуы арқылы қолдардың белсенділігін арттырамыз. Бұл әдісті балабақшада жоғары топ балаларына пайдалана отырып оң қолмен оң тарапқа, соң қолмен соң тарапқа қарай есімімізді ақырын жазамыз. Бірнеше рет жаттығу істегеннен кейін, ең соңғы жазуды айнамен көреміз. Соң тарапқа қарай жазылған жазу айнамен көрген кезде оң қолда жазған әдеттегі жазудай көрінеді. Ал, оң тарапы керісінше. Дәл осы жаттығу арқылы бала екінші қолдың көмегіне де таяну мүмкіндігін түсінеді.

  • «Оң-сол» жаттығуында балалар серіктес болып, бір-біріне қарап отырады. Олардың біреуі «оң», біреуі «соң» есімін алады. Тәрбиеші олардың біреуінің есімін атайды. Мысалы, тәрбиеші «оң» деп айтса, «оң» есімді бала «соң» есімдінің қолдарын ұстап қалу керек. «Соң» есімді бала қолдарын ұстатпауға тырысады. Бұл жаттығу бір неше рет қолданылып, солақайлармен бірге оңақай балалардың да қол белсенділігін арттырады.

    Халықаралық «Солақайлар күні» ресми түрде 13 тамызға бекітілген. Бұл күн алғаш рет 1976 жылы Британия солақайлар клубында өткізілген. Бірақ, кейбір мағлұматтар бұл күнді белгілеу туралы шешім 1992 жылы қабылданғанын айтады.

    ҚОРЫТЫНДЫ


    Біріншіден, балаға солақайлықтың ауру емес, табиғи өзгеріс екенін түсіндіру қажет. Мұндайлардың көптігін және керісінше, солақайлардың білімді де дарынды келетінін ұғындырған жөн. Өкінішке орай, мектептерде солақай балаларға арналған оқу- әдістемелік құралдары, оқу және еңбек құрал-жабдықтары жоқпен тең. Сондықтан, солақай балалар қиындыққа қарамай оң қолды балалармен оқу жүйесін меңгеріп келеді. Осындай балалардың мектепте оқуын жеңілдету үшін мына ұсыныстарды ұсынамын:



    1. Солақай балаларға өзінің оқу орнын сайлап алуына мүмкіндік беру;

    2. Солақай балалардан оң жаққа қисайтып жазуды талап етпеу;

    3. Қаламды үзбей жазуды талап етпеу;

    4. Арнайы жаттығулар жасатып, ұстамдылыққа, қимылын тежеуге үйрету;

    5. Солақай балалардың ата-аналарына баласының даму ерекшелігін түсіндіріп, психологиялық, физиологиялық тұрғыда баласының денсаулығын сақтау жөнінде жұмыс жасау.

    Құрметті ата-аналар, педагогтар! Болашағымыз болған балалардың солақай, оңақай, немесе басқа да ерекшеліктеріне қарай емес, оларға үлкен сеніммен қарап, АДАМ ретінде қарым-қатынас орнатайық. Үлкендердің бір ауыз сөзі баланы өмір бойы өзін бағалай алмайтын, өзін-өзі танымайтын маңгүрттікке, немесе «оян, сені ұлы болашақ күтуде» сөзін естіп ұлғайған ғалымдар дәрежесіне жеткізеді. Солақайлық – табиғаттың берген ерекшелігі. 13 тамыз – солақайлар күнінде оларды құттықтап қоюды ұмытпаңыз.


    Қолданылған әдебиеттер:

    1. Тоғжанова М. «Ата-ана білмейтін қателіктер». Алматы, 2022 ж

    2. https://edu.mcfr.kz/article/2000-qqq-15-m12-09-12-2015--oay-jne-solaay-oushylardy-psihologiyaly-erekshelkter

    3. Барзотти Э. «Менің алғашқы кітабым». Алматы: «Фолиант». 1996 ж


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет