Н икотинамидадениндинуклеотид (НАД, NAD) - барлық тірі ағзаларда болатын кофермент, тотығу - тотықсыздану реакциясын катализдейтін, дегидрогеназ ферменттерінің тобына кіреді; сутек пен электрондарды таратушы функциясын атқарады. Тотықсызданған форма (NADH) басқа заттарға бір протон және екі электрон тасымалдай алады. Молекуласы амид никотинді қышқылдан және адениннен құралған, динуклеотид болып табылады, өзара D – рибоза және фосфор қышқылының қалдығынан тұратын тізбек арқылы байланысқан; клиникалық биохимияда қанның ферменттерін анықтауда қолданылады. Никотинамидадениндинуклеотидфосфаттан немесе NADP айырмашылы – никотинамидадениндинуклеотид құрамында, рибозаның 2’ – көмірқышқылының атомымен байланысқан, фосфор қышқылының қалдығы болмайды.
Кофермент ТПФ(ТДФ) ТПФ - тиаминпирофосфат , ТДФ - тиаминдифосфат . ТПФ коферменті В1 витаминінің туындысы, оның тиазол сақинасында күкірт бар. Ол апоферментпен мықты байланысқан болады және постеткикалық топ деп саналады. ТПФ молекуласындағы активті бөлік - тиазол сақинасының -СН тобы, сол топтың көмегімен ол субстратпен байланысады
Ф лавинадениндинуклеотид (ФАД, FAD) - биохимиялық тотығу - тотықсыздану процесстеріне қатысады. Флавинадениндинуклеотид екі формасы бар: тотығу және тотықсыздану, оның биохимиялық функциясы осы екі форма арасында алмасудан жүреді. FAD FADH2 - ге дейін тотыға алады, сонымен бірге ол сутектің екі атомын қосып алады.
FADH2 молекуласы энергия тасымалдаушысы және тотықсыздандырғыш кофермент митохондрияда қышқылдық фосфорлау реакциясында субстрат ретінде қолданыла алады. FADH2 молекулада FAD - қа дейін тотыққа кезде АТФ - тың екі мольіне тең энергия бөлінеді.
А кофермент А коферменті-ацетилдеу коферменті ( қысқаша HS -KoA) . Бұл кофермент сірке қышқылының (ацетаттың) және басқа да қышқылдардың қалдықтарын ауыстырып жеткізеді, сондықтан ол ацетилдеу коферменті деп те аталады.
А коферментінің құрылысы күрделі. Аденозиндифосфат оның құрылымының негізі , ол пантотен қышқылының (В3 ваитамині) қалдығымен байланысқан. Пантенон қышқылына меркаптоэтиламин қалдығы қосылған.
А коферменті құрамына тантотен қышқылы витамині кіреді. Сірә А коферментінің зат алмасуындағы маңызды қызметі осыған байланысты болса керек. А коферменті ацильдік ( қышқылдық) қалдықты бір молекуладан екінші молекулаға ауыстырып жеткізіп отырады. Оның маңызы ерекше зор, ол 60 тан астам ферменттік реакцияларға қатысады. Солардыц ішінде май қышқылдарынын тотығуы жоис синтезделуі , ацетилхолин, майлар, порфириндер және басқа да косылыстар синтез! бар. А коферменті аса маңызды туындыларының біреуі ацетил- А-коферменті болып табылады. Ацетил-А-кофермент комірсулардың, липидтердің, бірқатар амин қышқылдарының ыдырауында жөне коптеген органикалық қышкылдардыц биосинтезінде негізгі қызмет атқарады.