Жоспар: Кіріспе Коферменттер Витаминді кофермент Витаминсіз кофермент түрлері Тарсырма Қорытынды Кіріспе


Пиридоксаофосфат(Пиридоксиндік кофермент)



бет4/6
Дата10.03.2023
өлшемі113,95 Kb.
#72933
1   2   3   4   5   6
Пиридоксаофосфат(Пиридоксиндік кофермент)

Пиридоксиндік коферменттердің негізі В6 витамині, коферменттің құрамында бір-біріне ұқсас үш қосылыс: пиридоксин (пиридоксол), пиридоксаль және пиридоксамин кіреді. Ол үшеуі біріне-бірі оңай айналады.


В6 витаминінің негізгі активті туындысы перидоксаль -5-фосфат болып саналады, оның өзі бірқатар пиридоксальдік ферменттердің коферменті. Пиридоксаминфосфатта коферменттік қызмет атқарады.
Пиридоксиндік коферменттер азот алмасуға қатысатын көптеген ферменттің жасалуы үшін қажет.

Пиридоксальдік ферменттер 30 шамасынан астам әр түрлі реакцияларды катализдейді. 


I) Осы ферменттердің негізгі қызметінің біреуі амин кышкылдарын трансаминдеумен (кайта аминдеу) байланысты. Амин тобының а-кетоқышқылға ауысуын және бұл кезде жаңа амин қышқылдарының түзілуін аминотрансфераза катализдейді. Бұл реакцияны 1937 ж. совет галымдары А. Браунштейн мен М. Крицман ашқан болатын.
2
) Бұл коферменттер амин кышкылдарынын декарбоксилденуін каталдиздейтін липазалар құрамында және гликогенді ыдырататын фосфорилаза құрамына кіреді.


Кобаминдік коферменттер

Кобамидтік коферменттін активті бөлігі ең күрделі витамин - ВІ2 витамні кіреді. B12 витамині молекуласында коррин циклы бар, ол төрт пиррол сақинасынан түрады, сақиналар бір-бірімен өзара байланысады. Циклдың дәл ортасында кобальт атомымен байланыскан циан тобы орналасады. Сондықтан бұл витамин цианкобаламин деп аталады. Кобамидтік коферменттерде циан тобы болмайды, оның орнын метил меи 5'-дезоксиаденозин басады. Осыған сәйкес мынадай екі кофермент түзіледі: метилкобаламин және 5'-дезоксиаденозилкобаламин(5'-ДоАК) 


Кобамндтік коферменттер өзіне сәйкес апоферменттермен қосылып, кобамидтік ферменттер тобын құрайды. Ондай ферменттер тобы мынадай реакцияларды катализдейді:


1) метилкобамидті ферменттер трансметилдену процесіп катализдейді, мысалы, метионин, холин. А коферменті және басқа қосылыстардың биосинтезі кезінде метил тобының алмасып ауысуы;
2) кобамидтік ферменттер 5'-ДоАК коферменттерімен бірге заттар молекуласы арасында сутегі атомдарының алмасып ауысуын және жаңа кеміртек-кеміртектік байланыс түзілуін катализдейді.
Атап айтқанда бұл ферменттер пуриндік және пиримидиндік негіздердің түзілуіне қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет