Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді.
Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше.
Шығарып тастау (disposal) логистикасының негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі.
Логистика түсінігі және оның даму тарихы Практикалық логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г.Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңінде »логистер» немесе »логистиктер» деген мәртебесі бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VІ Леон (б.з. 865-912 ж. ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақтылы қарайластыру жатады деп есептелген.
Дарынды әскер басшылары қажет уақытта және керекті орыннан табылған қару-жарақтың, отынның, азық-түлік пен әскер жарағының жеңіске жетуде қаншалықты маңызды роль атқаратындығын әр уақытта түсінген. Адамзат тарихындағы бүкіл соғыстар әскерлерді жабдықтаудың ұйымдастырылуына байланысты жеңіліп немесе жеңіске ұшырап отырған
Логистикалық әдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе американдық әскерлерде кеңінен қолданылды. Әскери өнеркәсіптің, тылдағы және фронттағы жабдықтау базалары мен көліктің нақты бірлескен іс-әрекеті американдық әскерді қажетті мөлшерде қару-жарақпен, жанар-жағар май материалдарымен және азық-түлікпен уақтылы және жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады.
Үлкен ағылшын-орыс сөздігі бүгінгі таңда да “logіstіes” сөзін әскери 1) тыл және жабдықтау; 2) материалды-техникалық қамтамасыз ету; 3) тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргізу деп аударып жүр.
Логистика дамуының тағы бір бағыты – экономикалық, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-практикалық бағыты, яғни өндіріс және айналым сфераларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық және қаржы ағымдарын тиімді басқару түсіндіріледі.