Orthomyxoviridae
тұқымдасына тұмау аруының
вирустары жатады. Вирустары тыныс жолдарының
кілгейлі қабығында өсіп-жетіледі. Олардың пішіні
сфера, сопақша, спиральді симметриялы, вирион
мөлшері 50-150 нм болатын вирус. Бұл вирустар
өзгеріп отыратын сол себепті тұмаумен күресу
қыйын.
Rhabdoviridae
тұқымдасының
вирустарының пішіні оқ тәрізді , үлкендігі 130-180
нм болатын вирустар. Бұл омыртқалы және
омыртқасыз, өсімдік вирустарының үлкен тобы.
Екі туыстығ бар: Vesiculovirus, Lissavirus.
Bunyaviridae
үлкен тұқымдастық оған 250 түрлі
вирус жатады. Пішіндері сфера, спиральді
симметриялы, вирион мөлшері 90-100 нм күрделі
вирустар. Вирус геномы сақиналы үзілмелі.
Bunyavirus туысына 150-ге жуық вирус бар;
Phlebovirus туысына шіркей безгек ауруының
вирусы; Nairovirus Қырымда пайда болған безгек,
Найроби ауруының вирусы; Uukuvirus туысына
Укуниеми вирусы жатады.
Arenaviridae
тұқымдасына жататын вирустардың ішкі
жағында құм тәрізді түйіршіктер бар. Вириондардың
пішіні әр түрлі, вирион мөлшері 50-60 нм. Белгілі бір
аумақта ғана тарайтын аса қауіпті жұқпалы аурулар
таралады. Оған хориоменингит вирусы, безгек
ауруының, Ласса, Парана, Пичинде вирустары жатады.
Retroviridae
тұқымдасына жататын вирустар сфера
пішінді, спираль тәрізді симметрия, үлкендігі 80-100 нм.
Вирустардың көбеюі генетикалық хабар РНҚ-тан ДНҚ-
ға қарай жүреді.
Reoviridae
тұқымдастығына вирион мөлшері 70 нм,
спиральді симметриялы. Реовирустар геномының
ерекшелігі РНҚ-лы екі жіптен және 10-12 бөліктен,
геномы теріс жіпті РНҚ-нан тұрады.
Реовирусттардың туыстастығы: Reovirus туысына
адам, маймыл, ит, құыс реовирустар жатады;
Orbivirus туысына омыртқалылар вирустары
жатады; Rotavirus туысына жаңа туған бала мен
мал диарея вирустары жатады.
|