Құрамында ДНҚ кіретін
вирустардың
генетикалық
материалы ретінде ДНҚ
қызмет етеді. Вирустардың
барлық белоктары
туралы
ақпарат ДНҚ-да кодталған.
Бір жіпшелі РНҚ-сы бар вирустар 2 топқа
жіктеледі. Бірінші топқа РНҚ-сы информациялық
функциясын атқаратын вирустар жатады.
Д.Балтимор 1971 жылы мұндай РНҚ-ны +
таңбамен белгілеуді ұсынған.
Мұндай вирустарды
плюс жіпшелі немесе позитивті геномды вирустар
деп атайтын болды. Екінші топқа минус жіпшелі
немесе негативті геномды вирустар жатады.
Мұндай вирустардың РНҚ-сы информациялық
функциясын атқармайды. Бірақ мұндай вирустарда
транскриптаза ферменті болады,
оның көмегімен и-
РНҚ клетка иесінде синтезделеді. Минус жіпшелі
РНҚ плюс жіпшелі РНҚ-дан айырмашылығы оның
инфекциялық қасиеті жоқ.
Плюс жіпшелі РНҚ-ның
шетінде ерекше құрылымы бар.