Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Витамин тәрізді заттар Витамин жетіспеушілік Авитаминоз Гиповитаминоздар Гипервитаминоз Қорытынды Қолданылған әдебиеттер Кіріспе



бет1/5
Дата07.06.2023
өлшемі32,57 Kb.
#99370
  1   2   3   4   5

Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  • Витамин тәрізді заттар

  • Витамин жетіспеушілік

    • Авитаминоз

    • Гиповитаминоздар

    • Гипервитаминоз

  1. Қорытынды

  2. Қолданылған әдебиеттер



Кіріспе
Витаминдер адам ағзасы үшін маңызды орын алады.Ағзаның дұрыс өсіп дамуы үшін, әр түрлі аурулардың алдын алу үшін күнделікті тағамдық рационымызда ағзаға жеткілікті мөлшерде болатындай витаминдер болуы қажет.Біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек. Рухани тәрбиенің орны бөлек. Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жәй – дұрыс тамақтануы, жеміс-жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге, яғни, витаминдерге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын жүруі.


Витамин тәрізді заттар
Инозит (витамин В8) − алты атомды циклдік спирт.
1895 жылы атақты орыс ғалымы В.И.Палладин өсімдіктерден фосфор қышқылымен қосылысқан алты атомды циклды спиртті бөліп алды. Инозит − ми липидтерінде табылған. Емдік қасиет көрсеткен зат − алопецке қарсы фактор болып аталған, кейіннен инозиттың фосфорлы эфирі болып табылды.
Химиялық табиғаты мен қасиеттері: бұл витамин химиялық құрылысы жағынан гексозаларға ұқсас, ол гексиддердің 9 изомерінің бірі.
Инозит кристалды зат, суда жақсы ериді. Биологиялық активтілігі жағынан күштісі, оның стереоизомері − мезоинозитол.
Биологиялық маңызы: Жануарлар организмінде инозит липотропты заттың рөлін атқарады. Инозит фосфолипидтердің құрамына кіреді. Инозиттің биологиялық қызметі де құрамында осы аталған заттармен байланысты.
Оның жеткіліксіз болуы нәтижесінде ФЛ синтезі бұзылады, бауырда ТАГ жиналып, бауырда май басу дистрофиясы дамиды. Бұлшықет дистрофиясынды липотропты препарат ретінде қолданылады.
Табиғатта таралуы: Инозит бауыр, ет, жұмыртқа белогі, картоп, саңырауқұлақтарда көп. Тәуліктік қажеттілігі: 1 − 1.5 гр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет