Парааминобензой қышқылы (ПАБҚ) 1940 жылы Вудс сульфаниламидті препараттардың гемолитикалық стрептокактарға бактериостатикалы әсер ететіндігін анықтады. Түрлі жануарларға жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде, парааминобензой қышқылы жетіспесе, онда шаштың, жүннің, қауырсынның пигментациясы қалыпта жағдайдағыдай жүрмейтіндігі дәлелденді. Химиялық табиғаты мен қасиеттері: Парааминобензой қышқылы − бензой қышқылының туындысы, молекуласында пара − жағдайда амин тобы бар. Бұл витамин суда, спиртте, эфирде жақсы ериді. Кристалдары түссіз, қыздыруға төзімді келеді. Парааминобензой қышқылының диэтиламиноэтил эфирінің хлоро сутек тұзы новокаин деп аталатындығы белгілі. Оны жансыздандырғыш дәрі − дәрмек ретінде қолданылады.
Биологиялық маңызы: адам организмінде атқаратын басты функциясы − коферменттік Фолоциннің құрамына кіреді, шөжелерді өсіруде фактор болып табылады, ішек микрофлорасының тіршілік етуі үшін қажет. Бұл витаман тирозиназаның әсеріне белсенді түрде әсер етеді, тирозиназа бұл терідегі меланиннің биосинтезінде негізгі фермент болып табылады.
Медицинада ПАБҚ құрылымдық аналогы кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, антибактериальдық қасиет көрсететін - сульфаниламид.
Парааминосалиация қышқылының антагонисті, соның әсерінен бактерияларда Вс синтезі бұзылады, сондықтан бактериялардың көбеюі тоқтатылады, күнге күюден қорғайтын косметикалық заттарда қолданылады
Табиғатта таралуы: күріштің кебегінде, басқа да астық тұқымдастарда,бауыр, сүт, жұмыртқа, ашытқыда көп.
S – аденозилметионин (витамин U) − жараға қарсы витамин. Витамин кристалды түрде бөлінген, ол метиониннің метилденген туындысы.
Биологиялық маңызы: активті метил топтарының доноры, холин, креатин, лецитин, тимин және тағы басқа метил бар заттардың синтезіне қатысады. АҚЖ кілегей қабаттардың регенерациясын қамтамасыз ететін процестерге оң әсер ететіндігі анықталған.
Асқазан және он екі елі ішектің жарасын емдеуге қолданылады. Жараға қарсы фактор деп аталады.
Табиғатта таралуы: шикі көкөністерде, әсіресе капустада, жаңа сауылған сүтте, бауырды кездеседі. Жараларды емдеу кезінде қолданылатын бір күндік мөлшері 250− 300 мг.
Биологиялық маңызы: Толық зерттелмеген, метионин сияқты метил топтарының көзі болып табылады. Холиннің, ФЛ креатин және сол сияқты биосинтезіне қатысады. В15 фитаминін еңгізгенде оттектік тапшылыққа деген төзімділік артады, тіндерде оттегінің пайдалануы күшейеді.
Бауыр аурулары кезінде, атеросклерозда липотроптық зат ретінде қолданылады.
Табиғатта таралуы: Көптеген тағамдардың құрамында бар. Ол ашытқыда, картоп шырынында, сүтте, орамдапырақта, өсімдік тұқымдарында, бауырда кездеседі. Тәуліктік мөлшері анықталмаған.