Орот қышқылы (витамин В13) урацил − 4 − карбон қышқылы. Биологиялық маңызы: Активті формасы оротидин − 5 − фосфат пиримидин негіздерінің, нуклеотидтердің синтезіне қажет. Белок синтезін, жасушалардың бөлінуін, жануарлардың өсуі мен дамуын стимулдейді.
Шала туылған балалардың бойын өсіруге, анемияда, миокард инфарктында, бұлшық ет дистрофиясында, регенеративті процестердің күшеюі үшін қолданылады.
Табиғатта таралуы: Жануартекті өнімдерде кең таралған. Грек тілінде Horos – молозиво деген ұғымды білдіреді. өсіп келе жатқан организм үшін және регенерация кезінде қажеттілігі артады.
Ғ витамині (қанықпаған май қышқылдары). Эссенциалды май қышқылдары − линол, линолен, арахидон қышқылдары: C17H31COOH, C17H29COOH, C19H31COOH.
Биологиялық маңызы: мембрана фосфолипидтерінің құрамына кіреді. Липидтердің агрегаттық күйін қалыптастырады. Простагландиндер синтезінің көзі ретінде пайдаланылады.Глицериннің ерігіштігін (антиатерогендік әсері) арттырады. Тромбо түзілуін азайтады.
Ғ − витаминоз сырқаты кезінде адамдарда холестерол алмасуының бұзылуы салдарынан адамдарда склероз құбылысы байқалады, бұл кезде қан тамырлары қабырғасында қатпарлар пайда болады. медицинада атеросклероз бен күресу де peros линетол құрамында линол, линолен, арахидон қышқылдарының эфирі бар препаратын қолданады, сонымен бірге дененің сәулеленуден және жоғары температураның әсерінен терісі күйген кезде де осы препаратты пайдаланады.
Линол қышқылы мен линолен қышқылы өсімдік тектес және жануар тектес өнімдердегі триглицеридтер мен фосфолипидтер құрылымында болады. Арахидон қышқылы тек қана жануарлар липидінде кездеседі.
Табиғатта таралуы: өсімдік майларында көп кездеседі. Арахидон қышқылының бір тәуліктегі адамға қажет мөлшері оның рационының 0.1% немесе линол қышқылының не линолен қышқылының 1% шамасындай. Тәуліктік қажеттілігі: 5-10 гр.
Липой қышқылы (витамин N) Липой қышқылы (витамин N) – 8 көміртегінен тұратын органикалық қышқыл. Көп компанентті жүйенің құрамында ацил топтарын тасымалдауда қолдаынады. Негізгі қызметі тіндерде α − кето қышқыл олардың тотығуыдан декорбоксилденуіне тікелей қатысады. Липой қышқылы тиаминпирофосфот пен КоА мультиферменттік пируват және кетоглутарат − дегидрогеназды жүйесінде простетикалық топ ретінде қызмет атқарады. Алайда, микроорганизмдерде, жануарлар тіндерінде, өсімдіктерде липой қышқылының синтезі толық анықталмаған.
Биологиялық маңызы: Тотыққан және тотықсызданған формада болуына байланысты түрлі белоктың ішінде күшейеді. Дене еңбегі кезінде бауырда гликоген сақталады, артық мөлшерде жиналмайды.
Препараттарды бауыр зақымданғанда, қант диабетінде, ауыр уланғанда қолданылады.