Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім



бет1/6
Дата07.01.2022
өлшемі245,81 Kb.
#17057
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
dauiraeva dana zr-412 biotehgologiya e (kopiya) (1)


Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

“Агробиология” факультеті

“Өсімдік қорғау және карантин” кафедрасы

СӨЖ


Тақырыбы: Өсімдіктерді қорғауда қолданылатын трансгенді өсімдіктер

Білім алушы: Дәуірбаева Дана

Тобы: ЗР-412

Қабылдаған: Есиркепов У

Алматы,2020

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

2.1. Трансгенді өсімдіктер алу тарихы

2.2. Зиянкестер мен ауруларға төзімді трансгенді өсімдіктер

2.3. Гербицидтерге төзімді трансгенді өсімдіктер



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе


Өсімдіктердің биотехнологиясы — бұл өсімдік текті жаңа өнімді жоғары сүрыптар мен линиялар, биологиялық белсенді қосылыстарды алуға бағытталған ғылым саласы. Өсімдіктердің шаруашылықтағы бағалы сұрыптары (бидай, жүгері, күріш, соя, картоп) барлық уақытта селекционерлердің назарында болып келеді. Ауыл шаруашылықты дақылдардың өнімін жоғарылату, олардың жағымсыз ауа райына, әртүрлі ауруларға түрақтылығын жоғарылату қазіргі уақытта да әрбір мемлекеттің экономикасында маңызды мәселелерінің бірі болып келеді. Қазақстан да бүдан тыс қалған емес. Оның солтүстік аймақтарының коп болігінде дәнді дақылдар, оңтүстігінде — мақта мен күріш, және айтарлықгай бар- лық аймақтарында картоп өсіріледі. Өсімдікті өсіруде қарқынды әдісті қолдану нәтижесінде 20 ғасырдың 50-60 жылдарында экономикалық дамыған мемлекеттерде дәнді дақылдардың өнімі 2-3 есе өскен. Ауруларға, зиянкестерге төзімді, топырақ өңдеудің интенсификация факторларын қабылдағыш, қысқа сабақты сүрыптары алынды. Тұқымның сапасын жақсартуға, оларды келесі егу кезеңіне дайындауға және т.б. егін шаруашылығына бағытталған жаңа технологиялар қолданыла бастады. Гендік инженерия медицинаға,ауыл шаруашылығына, басқа да салаларға пайдасын тигізуі мүмкін.Гендік инженерия көмегімен алынған өнімдердің ішінде пайдалы вакциналар,дәрі-дәрмектер,жетілдіріген талшықтар,отынның жаңа түрлері және басқа да өнеркәсіптік материалдар бар.Биотехнологияны жақтаушылар гендік инженерия көмегімен бірқатар мәселелерді шешуге болатынын айтуда,мәселен:жер шары халқын азық түлікпен қамтамасыз ету,құнарсыз топыраққа егілген дақылдан мол өнім алу,егістік үшін жұмсалатын су мен химикаттар көлемін азайту.

Жаңа пайда болып жатқан технологиялардың ешқайсысы да гендік модификация тәрізді қатты назар аударып отырған жоқ. Себебі ғалымдарды да,қарапайым адамдарды да трансгенді өнімдердің адам ағзасына тигізетін әсері алаңдатып отыр.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет