Жоспар: Кіріспе Рахит ауруы деген не?



Дата15.05.2023
өлшемі28,97 Kb.
#93193
Байланысты:
Сррс патан


С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Рахит ауруы
Дайындаған:Сабырғали Нұрай
Тексерген:Ахметов Жауғашты
Пәні:Патологиялық анатомия
Тобы:стоматология 21,017


Жоспар:
1.Кіріспе
Рахит ауруы деген не?
2.Негізгі бөлім
I.Аурудың жіктелуі
II. Аурудың белгілері мен емі
3.Қорытынды.

Мешел – сәбилердің қарқынды өсу кезеңіндегі D витамині мен оның белсенді метаболиттерінің аздығына байланысты кальций-фосфор алмасуы өзгерісімен, сүйектердің минералдануы мен құрылуының және негізгі мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауру.
D витамині жасушалардың ішкі тотығу үрдісіне, минералды алмасуға (әсіресе кальций мен фосфор косылыстарына) ат салысып, сүйектегі, қандағы кальций мен фосфордың мөлшерін реттейді, эндокринді, әсіресе қалқанша безінің қызметін жақсартады.
D витаминінің бірнеше түрі бар. Ең жоғары биологиялық белсенділігі бар D2 витамин (эргокальциферол) тамақпен ағзаға түседі және D3витамин (холекальциферол) адам ағзасында күн сәулесінің әсері болған жағдайда ғана синтезделеді.
D витамин ненің құрамында бар? Сары май, кілегей, қаймақ, сүт, жұмыртқаның сарысы, бауыр, балық майы. 
Мешелдің пайда болуына әсер ететін факторлар: 


  1. Ана жағынан: жүктілік кезінде асқынулар, ананың созылмалы аурулары, көп ұрықты жүктілік, жүктілік және лактация кезінде тиімді тамақтанбау. 


  2. Бала жағынан: шала туу, ерте қолдан және аралас тамақтандыруға көшіру, нәрсіз және бірыңғай тамақтандыру, сәбидің аурулары.


  3. Таза ауа мен күн сәулесінің жеткілісіздігі, экологиялық жағымсыз әсерлер. 




Жіктелуі. 
Ауырлық дәрежесі: 
І дәреже - жеңіл. 
ІІ дәреже - орташа ауыр. 
ІІІ дәреже - ауыр. 
Ағым сипаты: жедел, жеделдеу, қайталама 
Аурудың кезеңдері: бастапқы, өршу, айығу, қалдық салдары. 
Диагноз: Мешел І дәреже, жедел ағымы, бастапқы кезең. 
Клиника. 
І дережедегі мешел, бастапқы кезеңі. 
2-3 айлық ауру балада үлкен еңбегінің ауданы үлкейіп, босаң болады. Бас сүйектері жұмсарады, желке сүйегінің жалпаюына әкеледі (краниотабес). Бұл кезде бала тершең, жастығына басын шайқап, үйкей беретіндіктен желке шашы түседі, мазасыздық, үрей,қорқу, ұйықтап жатқанда селк етеді. Ұзақтығы 1-1,5 ай. 
II дережедегі мешел, өршу кезеңі. 
Сүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне байланысты төбе мен маңдайдың дөңістігі, 5-8 қабырғаларда «мешелдік таспих» пайда болады. Қабырғалар жұмсақ, иілгіш, көкірек қуысының шет жақтары жалпайып, кеуденің төменгі апертурасы ұлғаяды. 
Мешелдің ауыр түрінде (ІІІ дәреже) - бас сүйек әрі жұмсарып, маңдай және төбе сүйек бұдырлары сыртқа өседі, сәбидің басы «төртбұрыш тәрізденеді», көкірек қуысының алдыңғы жағы төспен ілгері майысып құс төсі сияқтанып тұрады «тауық төсі». Омыртқалары доғаланып иіліп, мешелдік бүкірлік, патологиялық қисаюлар пайда болады (кифоз - курһоsіs - бүгілген – бүкір, омыртқа жотасының сагитальды жазықтықтан артқа қарай қисаюы; лордоз грекше lordos — иілген, омыртқа бағанасының патологиялық қисаюының бір түрі, тек бел омыртқаларда байқалады; сколиоз латынша scoliōsis— қисайған, омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы). Сәби 6-8 айдан асқанда түтікше сүйектердің өзгеруі - білек және балтыр сүйектерінің бас жағына «мешелдік білезік», саусақ буындарының жалпаюы «інжу жіптер» білінеді. Бала қаз тұра бастаған кезде аяқтары О немесе Х әрпі тәріздес өзгерістер дамиды. Сүт тістерінің шығу мерзімі кешігеді. Құрсақ шандырының, ішек тонусының нашарлануынан (атония) сәбидің іші үлкейеді «құрбақа іші». Уақытында отыра бастауы, тұруы, жүруі кешігеді. 
Сырқат балаларда тыныс алу қызметі бұзылады, жүректе дистрофиялық өзгерістер дамып, жүректің соғуы жиіленеді және әлсірейді, көкбауыр және бауыр ұлғаяды, гипохромдық анемия.

Рахит – Д дәруменінің жетіспеушілігінен және күннің ультра күлгін сәулелерінің жеткіліксіз болуынан пайда болатын ауру түрі. Дәрігерлердің айтуынша, көбіне күз және қыс мезгілінде дүниеге келген нәрестелер мен екі жасқа дейінгі балалар шалдығатын көрінеді.


Негізінде бұл дерт ауру белгілеріне қарай, алғашқы, екінші реттік (қайталанған) және үшінші кезең болып үшке бөлінеді.
Егер де, науқаста: мазасыздық, тершеңдік, желке бөлігіндегі шаштардың түсіп, асқа деген тәбеті болмайтын болса, онда, бірінші кезеңге жатады. Мұндай уақытта міндетті түрде дәрігерге көрсету керек. Аурудың алдын алып, ертерек ем алса, науқастың жазылуына үлкен мүмкіндік туындайды.
Екінші реттік (қайталанған) кезеңдегі науқаста: ұзақ уақыт дәрі қабылдағаннан, бауырдың қызметі бұзылғаннан және гендердің мутациясынан (өзгеруінен) туындайды.
Үшінші кезеңде – баланың иммунитеті әлсіреп, анемия болады, тістері мүжіліп, дене бітімі өспей қалады.
Негізінде баланың дені сау, әрі иммунитетінің мықты болуына ана сүтінің пайдасы орасан зор. Сондықтан да жаңадан туылған нәрестеге мейлінше емшек сүтін ұзақ емгізу керек. Ал, егер де, балада рахит ауруының белгісі бар екені анықталса, көбірек дене жаттығуы мен массаж қабылдату қажет. Бұл – қан айналу процесін жақсартады. Сонымен қатар таза ауаға көп шығарып, серуендету қажет. Сондай-ақ, ана жүктілік уақытында зиянды әрекеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс, әрі пайдалы тағам жеуі тиіс. Себебі, іште жатқан баланың дені сау болып туылуы тікелей ата-анаға байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/435639?lang=kk

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет