Жоспар: Кіріспе Сүт өнімдерінің көрсеткіштері



бет8/17
Дата27.09.2023
өлшемі184,5 Kb.
#110929
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
ref -sut-onimderi-27 2

Анализге дайындау.
3.1. Ыдыстарды және материалдарды дайындау.
3.1.1. Бактериологиялық жұмысқа арналған барлық жаңа ыдыстарда қышқылданған суда(көлемдік үлесі 1-2 % тұзды қышқыл ерітіндісінде) 15 минут аралығында қайнатады, содан соң дистилденген сумен шаяды.
Жуылған ыдыстарды кептіру шкафында (160±5)°С да 2 сағат ішінде немесе автоклавта (121±2)°С да (30±1)минут аралығында стерилдеп, содан соң суытады.
Петри шыныларын, пипеткаларды қағазға оралған немесе металл линалдарда стерилдейді. Пипетканың соңғы жағына алдын ала мақтаның кішкентай кесегін салада. Рәзіңкелі тығындарды қағазға орап автоклавта стерилдейді. Ыдыстарды, пипеткаларды және тығындарды стерилдейтін құрылғы жоқ.етрологиялық қамтамасыз етілген құралдар мен реактивтер, материалдар қолданылады.
Сүт және сүт өнімдерінің құрамы мен қасиеті
Сүт — басқа ешқандай азық-түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Олай болатын реті де бар. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95—98 пайызы сіңеді,тағамдық рационының құрама бөліктерінің қатынасын жақсартады. Сондай-ақ сүт—амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, дәрумендердің таптырмайтын көзi. Құрамындағы ақуыздың және басқа қоректік заттардың мөлшері мен сапасы жөнінен тектес өсімдік өнімдердің ішінде де, сүтке тең келетіні жоқ. Сапалы сүттің құрамында 20– амин қышқылы,26 түрлі дәрумен,30-дан аса макроэлементтер және микроэлементтер ,сондай-ақ басқа қоректік және биологиялық белсенді заттар бар.
Сүттің тағы бір қасиеті — түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тарамының биологиялық құндылығын көтереді. Here дейсіз ғой? Өйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, ақуыз, көмірсу, минералды тұздар, тағы басқалармен бірлесе, үндесе отырып, әлгі қоректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады.Жас және ересек адамдар үшін ет және еттен жасалған,ал барлық жастағы адамдар үшін сүтжәне сүттен жасалған тағамдар өте пайдалы.Сондықтан адамның тамағы жөніндегі қазіргі заманғы ғылым үлкен кісінің бір тәуліктегі тамақ рационының төрттен біріндей,ал балалар тағамында одан көбірек сүт тағамдары болуын ұсынады.Сөйтіп сүтті ашытып –сусын,қайнатып - құрт-ірімшік , тағы басқа тағамдар дайындаған. Бұл баға жетпес тағамдар талай ғасырлардан бері өз мәнін жойған жоқ.Жоймайтын да тәрізді.
Тамақтанудың ғылыми негізделген нормасы бойынша ,бір адамға орта есеппен жылына 146 кг сүт және сүт өнімдері керек,оның 120 кг жаңа сауылған сүт ;42 кг айран; 5,5 кг сары май ;7,3 кг сүзбе ;6,6 кг шикі қаймақ және кілегей;6,6 кг сыр; 4 кг-ы балмұздақ;4 кг-ы қойылтыған сүт және құрғатылған сүт т.б.Адамның мал өнімінен алынатын ақуыз жөнінденгі орта тәуліктік қажеті арқылы 40-45%,ал мал майы жөніндегі қажеті 65% өтелуге тиіс.Адамның жылдық тамақ рационының калориясында сүт пен сүт өнімдері 32%-н кем болмауға тиіс.
Әрине, мал шаруашылығынан көптеген өнімдер алынатынын бәріміз жақсы білеміз. Солардың ішінде тағамдық өнімдердің орны ерекше. Осы тағамдық өнімдердің бәрімен салыстырғанда сүттің экономикалық сипаты мүлде өзгеше. Басқаша айтқанда, оның артықшылығы көп. Мысал келтірейік. 1 килограмм сүт сауу үшін 1,4 азық өлшемі жұмсалады. Ал енді 6,5 азық өлшемін жұмсап 1 килограмм шошқа етін, 9,5 азық өлшемін жұмсап 1 килограмм сиыр етін өндіреді екенбіз. Көрдіңіз бе, экономикалық, тиімділік жағынан жер мен көктей айырмашылығы бар емес пе?
Сүттің адам баласы үшін қаншалықты қажет өнім екені бәрімізге белгілі. Сондықтан да сүттің құрамы мен қасиетін, санитарлық сапасын жақсартуға бүгінгі таңдағы халықтың талап-тілегіне сай келетіндей етіп көңіл аудару сүт өңдейтін орындардың төл міндеті. Сондай-ақ сүт өндіретін шаруашылықтар құрамында майы, белогы, витаминдері жеткілікті сүт саууға тырысулары керек. Оның үстіне өңдейтін орындарға сүтті ескіртпей, таза күйінде тапсыру да естен шығармайтын мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет