Жоспар: Кіріспе Теориялық аспект


Мұндағы, EDI – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; ΔQ% – тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; ΔI% – тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі



бет3/7
Дата04.10.2024
өлшемі1,26 Mb.
#146860
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
chc vbhrhj

Мұндағы, EDI – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; ΔQ% – тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; ΔI% – тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі.

Әрине, бұл жерде пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруіне қарағанда кем болса, онда сұраныс табысқа икемді (EDI >1). Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеруіне қарағанда артық болса, онда сұраныс табысқа икемсіз (EDI <1) болады. Ал, қалыпты тауарлар үшін сұраныстың табысқа икемділігінің мәні нөлден үлкен және 1-ден кіші (оң) болады: 0< EDI <1. Кәдімгі тауарлардың мысалына тамақ, киім-кешек, тұрмыстық тұтыну заттары жатады.

1.3.Сұраныстың қиылысқан икемділігі– бір тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын немесе толықтыратын екінші бір тауарға (Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:

1.3.Сұраныстың қиылысқан икемділігі– бір тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын немесе толықтыратын екінші бір тауарға (Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:

EDx,y = ΔQy% / ΔРx%

Мұндағы, EDx,y – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; ΔQy% – Y тауарына деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; ΔРx% – X тауары бағасының салыстырмалы өзгеруі.

Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y >0) 0-ден үлкен немесе оң сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары – бірін-бірі алмыстырушы тауарлар болып саналады (кофенің бағасы өсетін болса, онда оны алмастыратын шәйға деген сұраныс артады). Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y <0) 0-ден кіші немесе теріс сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары – бірін-бірі толықтырушы тауарлар болып саналады (фотопленкаға баға өссе, онда оны толықтыратын фотоаппаратқа сұраныс көлемі төмендейді). Ал егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y=0) 0-ге тең болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары – өзара тәуелсіз тауарлар деп саналады, яғни бұл екі тауардың арасында ешқандай байланыс жоқ деген сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет