Жоспар кіріспе


Суға және су көзіне қойылатын санитариялық – гигиеналық талаптар және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу



бет11/14
Дата11.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#137718
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
гг

2.5. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық – гигиеналық талаптар және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу
Су дегеніміз негізгі биологиялық сұйық. Су организмде үш сұйық күйде кездеседі:

  • Клетка ішінде

  • Клетка сыртында

  • Тарнсцеллюларлық

Жануар организмінің ешбір тіршілік үрдісі сусыз өтпейтіндіктен, оларды күнделікті сумен қаматамасыз етіп тұру керек. Организмдегі су құрамы олардың түріне, жасына , жынысына және ұлпаның типіне байланысты болады. Өйткені, май ұлапсы суға мейлінше кедей келеді. Су жетіспесе органдар мен ұлпадардың шөліркеп зат алмасуы бұзылады, сүт қышқылының мөлшері өсіп, тотығу процестері төмендейді, қанның ұюы артып, дене қызуы көтеріледі, тыныс алуы жиілейді, ас қорыту бездерінің секрециясы азайып, тәбеті төмендейді жіне өнімділігі күрт кемиді. Құс денесінде өндірілген 1 ккал энергияға 0,135 метаболикалық су пайда болатындықтан, эндогендік су мөлшерін есептеу оңай. Демек тәулігіне 300 ккал энергия өндірген құс денесінде 40 г эндогендік су пайда болатынын шығаруға болады. Бұл құстың тәуліктік су пайдалануының 15 пайызын құрайды. Пайда болған метаболикалық су жасушадағы заттардың молярлық шоғырлану дәрежесін төмендетіп, метаболиттердің жасушадағы жылжуын жылдамдатып, алмасу барысын жеделдетеді.
Құс нәжісінің суы клоакада қайта сорылатындықтан, зәрі саңғырығының сырты қоюланған зәр қышқылының ақшыл түсті қабығымен. Тыныстану арқылы өкпе мен терлеу арқылы теріден сыртқа шығарылатын су көлемі сыртқы ортаның температурасына байланысты кең көлемде өзгереді. Мысалы, тыныстану мен терлеу арқылы денеден сыртқа шығарылған бүкіл ылғалының сыртқы орта температурасы 16-27 ˚С болса, күркетауық – 10-25 (17,0)% шығарады.
2.6. Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналған ветеринариялық –санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік – санитариялық шаралар жиынтығы малшыларды зоонтропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек. Құс шаруашылығында еңбек шарты – қора жай ауасының зиянды газдармен, шаң –тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады. Соған байланысты құс шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды.
Құс шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдерімен қамтамасыз етіледі. Аранайы киім – бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, камбинизон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады. Ауру құс пен, өлексемен , саңғырықпен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жығу қауіпі төнеді. Құспен жұмыс істеуге 18-ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, құс қора –жайларында тамақ жеуге және ауру құстан алынған жұмыртқаларды жеуге тиым салынады. Қызмет көрсетушілер ауру құсты күту барысында міндетті түрде арнайы киім кию керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарарсыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар қолдарын құрамында 100 – 150 мг/л белсенді хлоры бар ерітінді мен зарарсыздандырады. Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады. Қызмет көрсетушілер толық медициналық тексеруден өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмсышылар 3айда 1 рет, сауыншылар айына 1 рет профилактикалық тексеруден өтеді.[5]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет