Жоспар кіріспе



бет12/14
Дата11.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#137718
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
гг

IV. Қорытынды

Құстардың денсаулығы мен өнімділігі оларды қалыпты жағдайда ұстау және азықтандыру мен қатар шаруашылықтарда ветеринариялық –санитариялық шаралардың қатаң орындалуына тікелей байланысты. Әсіресе жұмыртқаны инкубациялау , жас балапандарға микроклиматтық, санитариялық – гигиеналық жағдайлар жасау шаруашлықта басты мәселе болып табылады. Сонымен, күркетауық шаруашылығы бройлер өндіруден кейінгі құс шаруашылығының екінші саласы болып табылады. Аталған бағыт күркетауықтың жоғары сапалы етін алатын Америкада ең көп таралған. Күркетауық еті 28% жеңіл сіңірілетін протеині бар, аз калориялы және диеталық ет болып табылады, сонымен қатар ет жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді және 95%-ға дейін сіңімді ақуызы бар. Сонымен қатар күркетауық еті жүйке жүйесі ауруларының алдын алатын темірге, магнийге , бұдан басқа жастықты сақтайтын әрі рак ауруларының дамуының алдын алатын селенге, сүйек, шаш пен тырнақты жақсы күйде сақтайтын фосфорға, кальцийге, сонымен бірге PP, B6, B12, B2 және т.б. дәрумендерге бай. Күркетауық етінің негізгі тұтынушысы - бөлшек сауда сатып алушысы. Сондықтан күркетауық етін өндіру ең табысты болып табылса да, оның даму жағдайы өте төмен деңгейде. Бүгінгі күні Қазақстанда күркетауық етін өндіру бойынша жалғыз өнеркәсіптік кәсіпорын «Ордабасы Құс» ЖШС болып табылады (шағын ғана үлес, атап айтқанда 22% үй шаруашылығына келеді).


«Ордабасы Құс» ЖШС - бұл өнеркәсіптік негізде күркетауықты өсіру бойынша бірінші пилоттық қазақстандық жоба. Агроөнеркәсіптік кешенде жаңа өндіріс ҚазАгроҚаржы лизингтік компаниясымен жобаның жалпы құнынан 80% -ды құрайтын 3 090 млн теңге сомасында қаржыландырылған болатын. Құс фабрикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылында орналасқан және қазіргі уақытта аталған жоба 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустриализациялау картасына енгізілген. 2011 жылы кәсіпорын 1500 тоннадай күркетауық етін берді, бұл еліміз бойынша өндірудің жалпы көлемінен 78% -ды құрайды. Еліміздегі барлық қалған тұтынулар импорттық өнімге келеді. Қазақстандағы күркетауық етінің импорты құндық көрінісінде өсудің тұрақты емес динамикасы бар, 2007жылы импорт көлемінің өсуі 65%-ға өскені байқалды, ал 2008-2010 жылдары оның көлемі едәуір азайды. Мысалы 2008 жылы импорт 23%-ға, 2009 жылы 62%-ға, 2010 жылы 61%-ға төмендеді. 2011 жылы импорт 59,2%-ға өсті, сонымен қатар мұндай едәуір өсуге қарамастан, құндық көлемнің өзі мардымды болған жоқ және АҚШ долларының 0,2 млн ғана құрады. Импорттың жиынтық көлемі 2007-2011 жж кезеңінде 1,1 АҚШ долларын құрайды.[8]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет