Жоспар кіріспе


Күркетауықты азықтандыру және күркетауық азығына қойылатын санитариялық –гигиеналық талаптар және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу



бет10/14
Дата11.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#137718
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
гг

2.4. Күркетауықты азықтандыру және күркетауық азығына қойылатын санитариялық –гигиеналық талаптар және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу
Басқа үй құсымен салыстырғанда, күркетауықтың протеиндік мұқтаждығы жоғары болып келеді де, оларға жегізілетін азық протеиннің құндылығына, яғни амин қышқылдық құрамына да жоғары талап қойылады. Тұқымдық күркетауықтың 100 г құрама жемінде 280 ккал немесе1,172 МД ж АЕ, 16 пайыз «шикі» протеин, 6 пайыз «шикі» жасұнық, 2,8 пайыз кальций, 0,7 пайыз фосфор, 0,3 пайыз натрий болуы керек. Күркектауық азығында протеиннің биологиялық құндылығын жоғарылату үшін оның 28-30 пайыз жануартектес азық протеинімен жеткізілуі керек. Олай болмаған жағдайда құрама жемді лизин мен метианин секілді маңызды амин қышқылдарының синтетикалық қосындыларымен, A, E, B2,B12, витаминдермен байытады. Мекиеніне қарағанда анағұрлым ауыр тартатын күркетауық қоразының қоректік және биологиялық әсерлі заттарға, азық протеинінен құндылығына талабы жоғары келеді. Осыған және салмақ алшақтығына байланысты мекиен және қораз балапанды жасынан бөліп жекелеп өсірген дұрыс. Мекиендерден бөдек азықтандырылған жағдайда қораз азығындағы кальций мөлшері 1,3-1,5 пайыз шектеліп, орнына жоғарыда аталған витаминдер мөлшері екі есе жоғарылатылады.
Күркетауық азықтандыруында олардың көк азықты жақсы жеп, шегіртке секілді насекомдады аулап жайылатын қасиетін кеңінен пайдаланып,құнарлы жем шығынын азайтуға болады. Тауықтарға қарағанда күркетауықтар көкті, әсіресе жуаны, түрлі шыбын – шегірткені сүйсініп жеп, қорытады. Оларға шөп ұнын, дән кебегі мен түрлі ұнтақтар қоспасын молынан жегізіп, жұмыртқалау кезеңінде күркетауық мекиенін тәулігіне 4-5 рет азықтандырады. Жайылымға шығарар алдында ылғалдандырылған қоспаға туралған көк шөп, ал қыста сәбіз, шөп ұнын қосады. Жұмыртқаламаған кезеңде оларды тәулігіне үш рет ертелі кеш, түсте ылғалдандырылған қосындылар беріп, түнге ұарай бүтін дәне не құрғақ қосынды салып азықтандырады.
Сұлы мен арпаны өндіріп берген жөн. Тірілей салмағы 4 кг, айына 9 – 15 жұмыртқа салатын мекиендерге тәулігіне 105 – 115 г дәнді азық, 30 г бидай кебегін, 5 – 10 г ірімшік, 7 – 14 г ет не балық қалдықтарын, 30 – 40 г шөп ұнын, 150 – 130 г пісірілген картоп, 50 – 60 г сәбіз,көк азық, 5 – 6 г ұлу қабыршағы, бор, 2,5 г сүйек ұны, 1,5 г ас тұзын береді. Мекиеннің тірілей салмағы 4 кг – нан ауыр не жеңіл болса, әрбір 100 г салмақ айырмашылығына осы келтірілген дәнді азықтарды 2 г – ға қосып не кемітеді. Орта есеппен шаруашылықтағы әрбір күркетауық басына жылына 50 кг дәнді азық 3 кг жануартектес азық, 15 кг шөп ұны, 25 кг көк азық, сүрлем, 3,5 сәбіз, 40 кг картоп, қызылша , 0,6 кг ашытқы, 4 кг көк сүт, 3 кг минералды қосындылар жұмсалады.
Күркетауық балапанын азықтандыру. Күркетауық балапаны, әсіресе өмірінің алғашқы күндері өте нәзік, әлжуас болып, өсіру, күту жағдайы мен азықтандыру сапасына жоғары талап қоялы, тауық балапаны мен салыстырғанда, олардың протеин мен витаминдік мұқтаждығы жоғары келеді. Азығының протеині құрамында ауыспайтын аргинин, лизин, триптофан мен изолейцин аминқышқылдары жеткілікті болуға тиіс. Өмірінің алғашқы күндері күркетауық балапандары әлжуаздығынан азықты нашар жейтіндіктен, олардың жемін жарық жерге салып, көкпен араластырып береді. Өсе келе оларды 1 – 3,5 мм көлемінде түйіршіктелген құрам жемге көшірген дұрыс. Олардың ас қорытуын қалыптастыру үшін аптасына 1 рет 100 басқа 0,3 – 0,8 кг көлемінде диаметрі 3 – 5 мм қиыршық тас жегізеді, оның орнына ірі құм беруге болмайды, өйткені сырты домаланған құм кедірлі қиыршық тастай құс бөтегесінде тұрып қап жемді ұстауға қатысудың орнына қайта онда бөгелмей өтіп, құс ішегін зақымдайды. Тұқымға қалдырылған күркетауық балапанын алғашқыда осылайша азықтандырып, сонан кейінгі 3 аптадағы азығындағы шикі протеин деңгейін 14,5 пайызға дейін төмендетіп, жасұнықты сұлы, арпа, шөп ұнының көлемін желінген азығының (жалпы қоректілігінің) 10 – 15 пайызға жеткізеді. Жаз кезінде әр балапан басына тәулігіне 150-200 г көк шөп жегізіп шикі жасұнық көлемін 7 – 10 пайыздық деңгейінде ұстайды. Бұл олардың денесін май басудан сақтандырып, тез өсіп жетілуіне әсер етеді. Шамамен күркетауық балапанына 1-60 күндігінде - 100 – 125 г, 61 – 120 күндігінде 160 – 270 г, сақа панына күркетауық мекиеніне 250 – 270 г, қоразына 340 – 400 г құрама жем жегізеді.[3]
Күркетауық балапанының азықтандыру деңгейі мен сапасына жоғары талап қойылады. Оларға протеинмен витаминдерге бай, сіңімді , жеңіл қорытылатын жеңіл азықтар дайындап береді. Жасұсынық мөлшері аз болуға тиіс. Өйткені олардың ішегінің салыстырмалы ұзындығы (денесіне қарағанда) басқа құс балапандарына қарағанда ұзынырақ келетіндіктен желінген азықтың өту мерзімі ұзарады. Ас қорыту жолдарында ұзақ жатып қалса, сапасыз азық өтпей, шіріп, балапандарды уландыру қаупі туады. Сондай –ақ жасұнық көп азықтарда ас қорыту жолдарын бітеп тастауы мүмкін.
Алғашқы үш тәулікте күркетауық балапанын тауық балапаны секілді азықтандырады. Витаминге мұқтаждығын ескеріп жоңышқа, қалақай, сәбіз сөлін сығып ішкізеді. 20 – шы күннен бастап күркетауық балапандарына дән жармасын, ал 40 – шы күннен бастап бүтін дән шоқытады. Берілетін азық мөлшерінің 1/3 бөлігін ертеңгісін, ал қалған 2/3 бөлігін кешке қарай салады. Олар пияз, жуа көгін өте жақсы жейтіндіктен, оладың алдарында үнемі қалақай көгі туралып тұрғаны дұрыс. Жайылымда 45 – 60 күндік балапандарды тәулігіне 1 рет, кешкеқарай, қосымша азықтандырып тұрады. Төрт айлығына дейін күркетауықтың әр балапанына 15 кг дәнді азық, 0,9 кг жануартектес азық, 0,3 кг шөп ұны, 2,4 кг тамыр –түйнек жемістілер, 1 кг көк сүт, 0,1 кг ашытқы 1 кг минералды қосындылар жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет