Жоспар: Коллоидтық химия пәні


Көбіктердің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады



Pdf көрінісі
бет36/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127
Көбіктердің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: 

 
құрылымдық-механикалық (ығысудың шекті кернеуі және тұтқырлық); 

 
оптикалық (жарықты шашыратуы және сіңіруі); 

 
электр өткізгіштік. 
2. Аэрозольдар 
Аэрозольдар-бұлар  қатты зат бөлшектері немесе сұйық тамшылары 
газда  қалқынқы  (таралған)  күйде  жүретін  (Қ/Г  немесе  С/Г)  гетерогенді 
дисперстік жүйелер. 
Дисперстік  фазаның агрегаттық  күйі  бойынша  аэрозольдар  тұман  (С/Г), 
түтіншаң (Қ/Г) және тұмша [(С+Қ)/Г] болып бөлінеді. 
Дисперстік бойынша аэрозольдар тұман, түтін, шаң түрінде болады. 
Басқа микрогетерогенді жүйелер сияқты аэрозольдар  конденсация әдісі 
арқылы  шын  ерітінділерден  немесе  диспергация  әдісі  арқылы  ірі  дисперсті 
жүйелерден алына алынады. 
Тұмандардағы су тамшылары ылғи да сфера тәрізді,ал түтіндегі қатты 
бөлшектер шығу тегіне қарай әртүрлі пішінде болуы мүмкін. 


Дисперстік  фаза  бөлшектерінің  өте  кіші  мөлшерлерінің  арқасында 
олардың беттері өте дамыған болады, сондықтан оларда адсорбция, жану, 
басқа химиялық реакциялар белсенді жүре алады. 
Аэрозольдардың  молекулалық-кинетикалық  қасиеттері  мыналарға 
байланысты болады: 

 
дисперстік фаза бөлшектерінің концентрациясының аз болуына; 

 
дисперсиялық ортаның тұтқырлығының аз болуына; 

 
дисперсиялық ортаның тығыздығының аз болуына. 
Дисперстік  фаза  бөлшектерінің  мөлшеріне  байланысты  аэрозольдар  не 
тез  седиментацияланады  (егер  r>>1  мкм  болса),  не  ыдыс  қабырғаларына 
жабысады  немесе  бірімен-бірі  қосылады  (егер  r<<0,01  мкм  болса).  Ең 
тұрақты болып аралық мөлшерлі бөлшектер табылады. 
Аэрозольдарға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет