Жоспар: Коллоидтық химия пәні


нейтралдау  коагуляциясы



Pdf көрінісі
бет46/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   127
нейтралдау 
коагуляциясы 
туындауы 
мүмкін. 
Концентрациялық 
коагуляция  индифферентті  электролиттің  әсерінен  қарсы  иондардың 
диффуздық  қабатының  сығылуы  және  дзета-потенциалдың  абсолюттік 
мәнінің кемуі салдарынан жүреді.  


Нейтралдау  коагуляциясы  потенциаланықтаушы  иондарды  біріктіру 
арқылы  термодинамикалық  және  электрокинетикалық  потенциалдардың 
абсолюттік  шамаларының  кемуіне  жеткізетін  индифферентті  емес 
электролитті қосқанда жүреді.  
 
 
 
Зольге  екі  электролит  қоспалары  әсер  еткенде  мынадай  үш  жағдай 
туындайды:  
1)аддитивтік  әсер(электролиттер  тәуелсіз  әсер  етеді  де,  әсерлері 
қосылады);  
2)әсердің синергизмі (коагуляциялаушы әсерлер бірін-бірі күшейтеді);  
3)әсердің  антогонизмі  (бір  электролиттің  коагуляциялаушы  әсерін 
екіншісі басады). 
Лиофобты  зольдардың  ДЛФО  тұрақтылық  теориясы  коагуляция 
процесін 
тартылудың 
ван-дер-ваальс 
күштерінің 
және 
тебілудің 
электрстатикалық  күштерінің  бөлшектер  арасындағы  бір  мезгілдегі  әсерлері 
нәтижесінде  қарастырады.  Жақындасатын  бөлшектер  арасындағы  сұйықтың 
жұқа  қабатшасындағы  осы  күштердің  өзара  қатынасына  байланысты  не 
олардың  қосылуына  кедергі  жасайтын  оң  сыналаушы  қысым,  не  сұйық 
қабатшасының  жұқаруына  және  коагуляцияға  әкелетін  теріс  сыналаушы 
қысым  пайда  болады.  Теория  бөлшектер  арақашықтығына  байланысты 
сыналаушы  қысымның  молекулалық  және  электрстатикалық  құраушыларын 
есептеп  табуға  және  жүйенің  потенциалдық  энергиясының  қисығын  салуға 
мүмкіндік  берді.  Қисықтардағы  потенциалдық  кедергі  мен  потенциалдық 
шұңқырлар  зольдердің  агрегаттық  тұрақтылығын  және  коагуляция 
мүмкіндігін анықтайды. 
ДЛФО  теориясы  (дәлірек  Б.В.Дерягин  мен  Л.Д.Ландау  теңдеуі)  жылдам 
коагуляция табалдырығын есептеп табуға мүмкіндік береді: 


𝐶
𝐾
= 𝐵 ∙
𝜀
3
(𝑘𝑇)
5
𝐴
2
∙ 𝑒
6
∙ Ƶ
6
  . 
Мұндағы:  
В-константа;  
ε-диэлектрлік тұрақты;  
k-Больцман тұрақтысы;  
Т-абсолюттік температура;  
А-ван-дер-ваальс тартылуының константасы; е-электрон заряды;  
Ƶ-коагуляциялаушы ионның валенттілігі.  
Егер ⍺ арқылы T=const болғанда барлық константаларды белгілесек, яғни 𝛼 =
𝐵 ∙
𝜀
3
(𝑘𝑇)
5
𝐴
2
∙𝑒
6
 десек, онда С
к
 = α∙1/Ƶ
6
 формуласын аламыз. Бұл Шульце-Гардидың 
эмпирикалық ережесінің теориялық негізі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет