Жоспар: Коллоидтық химия пәні



Pdf көрінісі
бет66/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   127
 
Турбидиметрия 
Турбидиметрия-жарық  шашырау  нәтижесінде  коллоидтық  ерітінді 
арқылы  өтетін  жарықтың  әлсіреуін  өлшеуге  негізделген  зерттеу  әдісі. 
Өлшеулерді  лайсаңдықты  (τ  =  2,3D/𝑙,  мұндағы  𝐷 = 𝑙𝑔(𝐼
0
𝐼
өтк

)
–оптикалық 
тығыздық; 
𝑙–қабат 
қалыңдығы) 
кәдімгі 
калориметрлерде 
немесе 
спектрофотометрлерде жүргізеді. Жүйедегі жарық шашырауды сипаттау үшін 
Галлер ұсынған эмпирикалық теңдеулерді: 
𝐷 = 𝑘𝜆
−𝑛
       және     
𝜏 = 𝑘
,
𝜆
−𝑛
                     (13) 
пайдалануға  болады.  Мұндағы  𝑘  және    𝑘
,
  -  жарық  толқыны  ұзындығына 
тәуелсіз константалар. 


(13)  теңдеудегі  дәреже  көрсеткіші  n-ді  турбидиметриялық  мәліметтер 
негізінде табады. Ол үшін тәжірибе жүзінде әртүрлі толқын ұзындықтарында 
(λ-дің тар аралығында) жүйенің D-ын өлшейді де  
𝑙𝑔𝐷 = 𝑙𝑔k − 𝑛𝑙𝑔𝜆    (14) 
тәуелділігінің түзу сызықты графигін салады. Түзудің көлбеулік бұрышының 
тангенсі  n(минуспен)  шамасын  береді.  (13)  теңдеулердегі  n  шамасы  бөлшек 
шамасы  мен  параметрі  арқылы  сипатталатын  түсетін  жарық  толқынының 
арасындағы қатынасқа тәуелді. 
Ƶ = 8𝜋𝑟 𝜆
⁄    (15) 
Cондықтан n мәні арқылы кестеден сәйкес Ƶ мәнін табады да, (15) формула 
арқылы зерттелетін жүйедегі бөлшектердің орташа радиусын есептеп табады. 
Соңында рентгенография және электронография әдістері туралы бірнеше 
сөз. Рентгенография әдісі арқылы коллоидтық бөлшектердің ішкі құрылымы 
туралы мәлімет алуға болады, ал электронография әдісі ДФ бетіндегі жатқан 
бөлшектердің  жеке  атомдарының  арасындағы  қашықтықтарды  тікелей 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Әдебиеттер: [1-10][11-13]; [28-33]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет