Жоспар: Коллоидтық химия пәні



Pdf көрінісі
бет65/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   127
Электрондық микроскопия 
Электрондық  микроскоп  (ЭМ)  1934  ойлап  табылды.  ЭМ-та  жарық 
сәулелерінің  орнына  вакуумда  толқын  ұзындығы  бар-жоғы  0,02-0,05  Å 
болатын  электрондар  шоғыры  қолданылады.  Бұл  микроскоптың  шешуші 
қабілетін  күрт  арттырады  және  коллоидтық  бөлшектерді  тікелей  көруге 
немесе  оны  суретке  түсіріп  алуға  мүмкіндік  береді.  ЭМ-та  мөлшері  10
-9
м  (1 
нм) бөлшекті көруге және оның пішінін анықтауға болады. 
 
Флуоресценциялаушы экранда алынған бейнені суретке түсіріп алып, оны 
тағы да үлкейтуге болады, яғни жалпы шекті үлкейту өте үлкен болады. Қазіргі 
кезде  ЭМ  900000  есе  үлкейтуге  мүмкіндік  береді.  ЭМ-тағы  электрондық 


шоғырлар  жолы  кәдімгі  микроскоптағы  жарық  сәулелерінің  жолына  ұқсас 
болады. 
Нефелометрия 
Нефелометрияда  ДФ  бөлшектерінің  мөлшерін  немесе  концентрациясын 
анықтауға,  ерітіндіде  жүретін  әртүрлі  процестерді,  мысалы  коагуляцияны 
зерттеуге болады. Нефелометрия Рэлей теңдеуіне негізделген. 
Нефелометрияда  салыстырмалы  әдіс  қолданылады:  ДФ-ның  бірдей 
концентрациясында  және  жарық  толқынының  бірдей  ұзындығында 
мөлшерлері  (V
x
)  белгісіз  бөлшектері  бар  зерттелетін  ерітіндінің 
опалесценциясы  мөлшерлері  белгілі  бөлшектері  бар  (V
ст
)  стандартты 
ерітіндінің опалесценциясымен салыстырылады: 
𝑉
𝑥
= 𝑉
ст
∙ 𝐼
ст
𝐼
𝑥
⁄                                        (11) 
Зерттелетін  ерітінді  концентрациясын  ерітінділердегі  бөлшектер 
мөлшерлері бірдей болған жағдайда (11) формуласына ұқсас формула арқылы 
табады: 
𝐶
𝑥
= 𝐶
ст
∙ 𝐼
ст
𝐼
𝑥
⁄                                        (12) 
Қазіргі  кезде  фотонефелометрлер  немесе  одан  гөрі  әмбебап  ФЭК-Н-56 
және басқа құралдар қолданылады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет