Жоспар: Коллоидтық химия пәні



Pdf көрінісі
бет76/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   127
эмульсияларды алу үшін, 7-ден 9-ға дейін болса, онда сулағыштар ретінде, 
13-тен 15-ке дейін болса, онда жуушы заттар ретінде, 8-ден 18 дейін–“май” 
мен  “су”  табиғатына  тәуелді  М/С  типтегі  эмульсия  алу  үшін,  15-16  болса-
судағы ерітінділерде солюбилизаторлар ретінде қолданылады.  
Дюкло-Траубе ережесі. Б.А.Шишковский теңдеуі 
Майлы  қышқылдардың  БАЗ-дарын  зерттей  келе  П.Дюкло  мен  И.Траубе 
қышқылдың көмірсутек тізбегі (R) ұзын болған сайын оның беттік керілуді (σ) 
соншама  үлкен  төмендету  тудыратынын  анықтады.  Олар  мынадай  ереже 
тұжырымдады:  көмірсутек  тізбегі  (R)  бір  СН
2
-тобына  ұзарғанда  ерітінді-
ауа  шекарасындағы  беттік  активтілік  (G)  3÷3,5  есе  артады.  Бұл  ереже 
Дюкло-Траубе ережесі деп аталады. Оның математикалық өрнегі 
𝐺
𝑛+1
𝐺
𝑛
= 𝛽 = 𝑐𝑜𝑛𝑠𝑡 = 3 ÷ 3,5 
формуласы арқылы көрсетіледі. 
Ереже жалпы формуласы С
𝑛
𝐻
2𝑛+1
− 𝑃 (мұндағы Р-полярлы топ, мысалы, 
-COOH, -OH, -NH
2
 және т.б.) болатын әртүрлі гомологтық қатарлар үшін әділ 
орындалады. 
Дюкло-Траубе  ережесін  одан  дәлірек  Б.А.Шишковский  қалыптастырды. 
Ол 1908(9) ж. σ = f(С)тәуелділігінің жалпы түрін эмпирикалық жолмен тапты. 
БАЗ-дар  концентрациясы  аз  болғанда  ерітіндінің  беттік  керілуі  (σ) 
концентрацияға (С) тура пропорционал (қатынаста) болады: 
𝜎 = 𝜎
0
− 𝐾𝐶 немесе ∆𝜎 = 𝜎
0
− 𝜎 = 𝐾𝐶. 
Мұндағы: 
 
∆𝜎 − 𝜎-ның кемуі; 


 
𝜎
0
-таза еріткіштің (судың) беттік керілуі;  
К-константа. 
Салыстырмалы түрде концентрация үлкен болса, онда концентрацияға (С) 
байланысты  σ  –  ның  кемуі  Шишковскийдің  эмпирикалық  мына  теңдеуімен 
сипатталады: 
∆𝜎 = 𝜎
0
− 𝜎 = 𝐵𝑙𝑛(1 + КС) немесе 𝜎 = 𝜎
0
− 𝐵𝑙𝑛(1 + КС). 
Мұндағы В-БАЗ табиғатына тәуелділігі аз константа, ол гомологтық қатарда 
өзгермейді  және  20ºС-да  0,2-қа  тең  болады;  К-меншікті  капиллярлық 
тұрақты  деп  аталатын  константа,  әрбір  БАЗ  үшін  тән  сипаттама  және 
көмірсутек тізбегі бір СН
2
-тобына ұзарғанда ол 3÷3,5 есе артады. 
Шишковский  теңдеуін  Гиббс  және  Лэнгмюр  теңдеулерін  бірге  шешу 
арқылы теориялық жолмен алуға болады. 
Жоғарыда  келтірілгендей  G-да,  K-да  гомологтық  қатарда  көмірсутек 
радикал (R) бір СН
2
 тобына артқанда бірдей шамаға, яғни 3÷3,5 есеге артады. 
Бұл  беттік  активтілік  (G)  пен  адсорбциялық  активтілік  (K)  түсініктерінің 
ортақтылығын білдіреді. 
K  және  G  қатынастары  шамалары  әртүрлі  гомологтық  қатарларда  неге 
бірдей болады деген сұраққа жауап беру үшін гомологтық қатардағы екі көрші 
мүшенің адсорбция жұмыстарын 300K-де қарастыру қажет: 
𝐴
𝑛
= 𝑅𝑇𝑙𝑛К
𝑛
           және         
𝐴
𝑛+1
= 𝑅𝑇𝑙𝑛К
𝑛+1

Жұмыстар айырымын есептеп табайық: Ол: 
∆𝐴 = 𝐴
𝑛
− 𝐴
𝑛−1
= 𝑅𝑇𝑙𝑛К
𝑛
− 𝑅𝑇𝑙𝑛К
𝑛−1
= 𝑅𝑇𝑙𝑛
К
𝑛
К
𝑛−1
= 𝑅𝑇𝑙𝑛3,5 = 2 ∙ 300° ∙
2,3𝑙𝑔3,5 = 750 кал/моль       болады. 
Бұдан мынаны жазуға болады: 
RTlnK

= RTlnK
n-1
+750 = RTlnK
n-2
+2∙750 = RTlnK
n-3
+3∙750=…, 
яғни жалпы түрде: 𝑅𝑇𝑙𝑛𝑘
𝑛
= 𝐶 + 𝑛 ∙ 750 болады. БАЗ-дың беттік қабаттан (s) 
көлемдік фазаға (α) тасымалдану жұмысы 
𝑊 = 𝜇
0𝛼
+ 𝜇
0𝑆
= 𝑅𝑇𝑙𝑛К = 𝐶 + 750 ∙ 𝑛 
формуласымен анықталады. 
Келтірілген  есептеу  бұл  процессте  әрбір  СН
2
  тобы  үшін  750кал/моль 
жұмыс  жұмсауды  қажет  ететінін  көрсетеді.  Бұл-су  дипольдері  арасын  бір-
бірінен  СН
2
  тобы  шамасына  ашу  жұмысы  болып  табылады.  Бұл  аддитивті 
және  алифатты  қаныққан  қосылыстардың  әртүрлі  қатарлары  үшін  бірдей 
шама.  Гомологтық  қатардағы  көрші  екі  мүше  үшін  жұмыстар  айырымы 
(инкременті)  логарифм  таңбасы  астындағы  3÷3,5  есе  болатын,  Траубе 
ережесіндегі  шамаға  айналады.  Сонымен,  Траубе  ережесінің  мәні  мынада: 
әрбір СН
2
 буын үшін адсорбция жұмысы тұрақты және 750 кал/моль болады. 
Әдебиеттер: [1-10]; [11-14];[28-33]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет