Жоспар: Отбасының функциялары туралы түсінік,зерттелу жәйі. Отбасының спецификалық және спецификалық емес функцияларына сипаттама. Қазіргі кезде отбасы функцияларының іске асу жолдары Отбасы типтері, түрлері туралы түсінік


Жағдайсыз отбасыларға мыналар жатады



бет4/5
Дата27.09.2023
өлшемі249,06 Kb.
#110802
1   2   3   4   5
Байланысты:
1176156.pptx 2

Жағдайсыз отбасыларға мыналар жатады:


1. жанжалды отбасы - кеңірек тарағаны;
2. биморальды отбасы (маскүнемдік, төбелес, былапыт сөз)
3. педагогикалық дәрменсіз отбасылар - жалпы мәдениет деңгейінің төмендігі мен психологиялық - педагогикалық мәдениеттің жоқтығы;
4. асоциалдық отбасы- жағдайы жалпы қабылданған әлеуметтік нормалар мен мінезіне ауытқулар бар, нұқсан келтіреді (ерте бастан ішімдікке, нашақорлыққа үйрену, үйінен қашып, қаңғыбастыққа салыну және басқа да жат қылықтар).

Әлеуметтік тұрғыдан өмірлік стилі және үлкендерінің қимылдарын, ерекшеліктерін есепке ала отырып психотерапевт В.В.Юстицкий отбасының мынадай түрлерін анықтады. 1. Сенімсіз отбасы 2. Жеңілтек отбасы 3. Айлакер отбасы

1. "Сенімсіз отбасы― яғни, көршілеріне, қоршаған ортасындағы адамдарға сенімсіздікпен қарау. Тіпті, отбасы мүшелері барлығын қатал, не тым жұмсақ, ал олардың іс - әрекеті - әдейі жасалған әрекет дап санаған. Қарапайым іс - әрекетте арамдық ойлаған. Ондай отбасы тәртіп бойынша көршілері мен көп араласпайды, ал туыстарымен, әріптестерімен қарым - қатынаста жиі конфликттер, кикілжіңдер туып тұрады. Егер бала ұстазымен немесе досымен ұрсысып қалса, барлық жағдайда ата - аналар баласының әрекетін дұрыс деп есептеп, әр уақытта оны жақтайды. Баланың бойында күмәнділік, ашушаңдық дамиды және де өз тектестерімен тіл табысу қиынға түседі.

2."Жеңілтек отбасы" ― болашаққа мұңсыз, еш уайымсыз қарайды. Мұндай отбасы бір минуттік өтпеске құмар, болашаққа деген жоспарлары жоқ. Егер кейбіреулері өмірлік сарынын өзгерткісі келсе де, оған қалай жетуге болатынын, не туралы ойлайтынын да білмейді. Бұл отбасында өмірді жақсы жағына өзгерту үшін не және қалай істеуі керек жайлы талқылауды ұнатпайды, олардың көбінесе барлық жағдайларды шыдап, басынан кешіруді артық деп ойлайды, әрине қиындықтарға төтеп бере алмайды.

3. "Айлакер отбасы". Бұл отбасында ең алдымен мақсатқа жетушілік, сәттілік, іскерлік, айлакерлік бағаланады. Ең бастысы еңбекпен күшті үнемдей отырып сәттілікке жете білу. Мұндай отбасы үшін заңдар кедергі емес. Айлакер отбасының тағы бір ерекшелігі - қоршағандарды өз мақсатында қолдану. Бұл отбасы өзіне қажетті адамдарды қызықтырып, өзіне қаратып алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет